10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Реаниматология – ағзаның қайта тірілту аспектілерін оқытатын, клиникалық медициналық бөлімі. Реанимация – ағзаның тіршілік әрекетін қайта қалыптастыру үшін қолданылатын әртүрлі жүйелі шаралар атауы. Жүрек соғысы тоқтағанда, тыныс тоқтағанда, ағза әртүрлі умен уланғанда, ауыр соққы алғанда, қан жоғалтқанда, өткір бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігінде және қышқыл – сілтілі күй бұзылғанда реанимациялық шаралар қолданылады. Ауыр халдегі науқас негізінен аурудан емес, оның асқынуынан қайтыс болады. Сондықтан ауыр халдегі науқастар ерекше күтіммен ұқыпты қарауды қажет етеді.
Өлім – ағзаның тіршілік әрекетінің тоқтауы. Танатология (tanatos - өлім) - өлім кезіндегі ағзада болатын клиникалық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістердің механизмі оқытатын ілім. Өлімге алып келетін себептер мен әсерлер танатогенез деп аталады. Өлімнің негізгі себептері: ағза мүшелерінің қызметінің бұзылуы, көп мөлшерде жоғалту, миға қан құюлу, улану, жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің жестіпеушілігі.
Клиникалық өлім – ағзаның өмір сүру әрекетінің уақытша тоқтауы. Бұл кезде ішкі мүшелер мен ұлпалар өз қызметін тоқтатпайды. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында реанимациялық шаралардың көмегімен ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге болады. Клиникалық өлім кезінде көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге ұшырайды. Ағза түгелдей тіршілігін тоқтатады. Қайта тірілтуге болмайды. Клиникалық өлім мерзімін дене температурасын (8-12С) төмендету арқылы 1-1,5 сағатқа созуға болады.
Клиникалық өлім белгілері: Ірі қан тамырларының (ұйқы, сан, иық) соғысының болмауы, Есін жоғалту, Қарашықтың кеңеюі, тырысу, тыныстың тоқтауы,
Достарыңызбен бөлісу: |