Жұмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет150/263
Дата11.05.2020
өлшемі416,12 Kb.
#67056
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   263
Байланысты:
med is neg 3k kz

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Бактериологиялық зерттеу түсінігі

  • Бактериологиялық зерттеуге көрсетілімдер

  • Ыдысты залалсыздандыру.

  • Жолдамаларды жазу.

  • Ауыздан және мұрыннан жағынды алу.

  • Зерттеуді өткізуге көрсеткіштері және кері көрсеткіштері, манипуляцияларды өткізу тәсілдері.


Жұтқыншақтан жағынды алу .

Мақсаты: ауруды шақырған қоздырғышты анықтау .

Қажетті заттар : мақталы-дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсыздандырылған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады , ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақтанған мақта оралған . Крафт пакетте зарарсызданған шпатель , штатив пробиркаларды тасымалдайтын бикс , стеклограф .

Процедураға дайындау .

1.Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .

2.Қолды өңдеп , маска және қолғаптарды кию .

3.Науқастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе-бет отыру қажет .

4.Пробиркаларға стеклогафпен номерлеу , жолдамасы номермен болу керек : жұтқыншақ пробирканы штативке орнату .

5. Сол қолға шпательді және белгіленген пробирканы алу .

Процедураны орындау.


  1. Медбике аузын ашуды сұранып , аузына шпательді кіргізіп тілін басады .

  2. Оң қолмен пробиркадағы зарарсызданған тампоны бар сымды шығарып ,ауыз қуысынан жағынды алу оң бадамшаны , оң таңдайдан , тілшеден , сол таңдайдан , сол бадамшадан және жұтқыншақтың артқы қабарғасынан алады.

  3. Ауыз қуысынан шпательді алу, дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандыру.

  4. Ауыз қуысының кілегей қабатына тигізбей тампонды алу .

  5. Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .

Процедураны аяқтау.

  1. Пробирканы штативке орнатып бикске енгізу ,биксті жауып қою қажет .

  1. Маска және перчатканы шешіп дезинфекциялық ерітіндімен тазалау.

  1. Қолды жуып шаю , кептіру .

  2. Жолдаманы ,пробиркаларды бактериологиялық лабараторияға жіберу .

  3. Пробиркаларды арнайы мұздатқышта 2-3 сағаттан артық сақтауға болмайды.

Мұрыннан жағындау алу .

Мақсат: ауыруды шақырған қоздырғышты анықтау .

Қажетті заттар: мақталы дәкелі бекігішпен тығыз бекітілетін зарарсызданған пробирка , пробиркада жіңішке сым болады ,ол пробирканың тығынынан өткізіледі , сымның ұшына домалақталған мақта оралған Крафт – пакетте зарарсызданған щпатель. Штатив, пробиркаларды тасымалдайтын бикс. Стеклограф

Процедураға дайындау .



  1. Науқасқа тексеру мақсатын және тексеру барысын түсіндіріп келісімін алу .

  2. Мұрын қуысын тексеріп , таза екеніне көз жеткізу .

  3. Қолды өңдеу , маска және қолғапты кию .

  4. Пробиркаларға стеклографпен номерлеу , жолдамасы номермен сәйкес болуы қажет :мұрын-2

пробирканы штативке орнату .

5. Наукастың бетін жарық жаққа отырғызу , ал медбике науқасқа бетпе –бет отыру қажет .

Процедураны орындау .

- Сол қолдың 3, 4, 5, саусақтарымен Мұрын -2 белгіленген жабық тұрған пробирканы алады , ал оң қолмен пробиркадан тампонды алады .

-Сол қолдың үлкен саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеру , ал оң қолмен тампонды мұрынның оң қуысына сосын сол қуысына 1,5-2 см тереңділікке енгізіп жабынды алу .

-Тампонды мұрын қуысынан алу .

-Тампонды пробиркаға салып бетін тығыз бекіту .

-Пробирканы штативке орнату , бикске салу және жақсылап жабу .

Процедураны аяқтау .

-Перчатканы масканы шешіп , дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздау .

-Қолды жуу және кептіру . Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы толтырып пробирканы жеткізу .

-Мұздатқышта пробирканы 2-3 сағат артық сақтауға болмайды .

Қақырықты бактериологиялық тексеру .

Көрсеткіш:тынысалу мүшелерінің аурулары .

Қажетті заттар :зарарсызданған кең мойынды крафт қағазынан жасалған қақпағы бар шыны баночка , лабораторияға жолдама.

Процедураға дайындау және орындау .



  1. Науқасқа тексеру мақсатын түсіндіру .

  2. Қақырықты антибиотикотерапия алдында жинаған жөн .

  3. Қақырықты жинау техникасын үйрету : қақырықты қақыру кезінде емес , жөтелген кезде жинау .

Қақырықты жинау алдында және жинап болған соң науқас жеке гигиена ережелерін сақтау қажет . Кешке және азанда тісін тазалау , қақырықты жинау алдында ауыз қуысын жылы сумен шаю .

  1. Банканың қақпағын ашу .

  2. Қақырықты жөтелдіріп таза шыны баночкаға жинау .(сілекейін алуға болмайды )

  3. Қақырық мөлшері 5 мл аз болмауы қажет.

  4. Баночканың қақпағын жабу .

  5. Жолдаманы баночкаға қыстырып бактериологиялық тексеруге лабараторияға жедел жіберу .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   263




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет