5кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.
Бұл кезеңде мейірбикенің араласуына байланысты науқас реакциясын зерттеу негізінде іске асырылады. Мейірбикелер күтімінің алға қойған мақсатының жетістігінің дәрежесі төмендегі факторлармен сипатталады:
мейірбикенің араласуынан науқастағы реакциялық жауап;
мейірбикелер күтімінің, алға қойған мақсатының, жетістігінің дәрежесі;
науқас жағдайына мейірбике жәрдемінің нәтижесінің әсері;
науқастың жаңа мәселесін бағалау және белсенді түрде оны іздеу.
Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау, алынған анализдің нәтижесін салыстырудың рөлі мен маңызы өте зор.
Квалификациялық сипаттама
Мейірбикелер не білуі керек:
Қазақстан Республикасының конституциясын, этикалық және құқықтық қалпын, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеуді;
Қазақстан республикасының заңының негізгі және нормативтік құқықтық актілерін, олардың мамандықтарына қатысын, мамандық әлеуметтік маңыздылығын;
Мейірбикелер ісінің міндетін, анықтамасын және мейірбикелер жұмысын, мейірбикелер диагнозын;
Мемлекеттік тілді білу;
Жиі кездесетін аурулардың басты белгілерін;
Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дәрілердің ағзаға тигізетін әсерін , оның мөлшерін, қолдану тәртібін және сақталу әдісін;
Медицина этикасы мен деонтологиясын;
Асептика және антисептика ережесін;
Медицина құралдарын залалсыздандыру және зарарсыздандыру әдістерін;
Бөлімде тазалық және індетке қарсы ережені орындауды және ұйымдастыруды;
Электр жүйесімен және басқа техникалық аспаптармен жұмыс істегенде олардан техникалық қауіпсіздікті сақтануды;
Емдәмнің қасиеттерін;
Өкімет тарапынан экологияға қарсы жасалынып жатқан шараларды;
Өте қауіпті жұқпалы ауру пайда болған кезде, оған қарсы жасалынатын шараларды;
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық арасында үгіт насихат жүргізуді білуі керек.
Мейірбикелер не істей алады:
Реанимациялық жараларды жасай алады;
Жарақат алған жағдайда, анафилактикалық шок болғанда, жүрек ауырғанда, суға кеткенде, асылғанда, күйгенде, үсік болғанда, т.б. жағдайда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмекті бере алады.
Медициналық шараларды істей алады:
Науқастың салмағын, бойын өлшеуді;
Науқасты тасымалдауды;
Науқастың дене қызуын өлшеуді;
Науқастың демалысын, қан тамырының соғуын санауды,
Артерия қысымын анықтауды;
Қышаны қоюды;
Жылытқышты,мұзды қалтаны қолдануды;
Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көктамырға инъекция жасауды;
Қан топтарын және резус – факторды анықтауды;
Асқазанды жууды;
Тазарту, сифон дәрілі клизмаларды қоюды;
Көктамырға система арқылы дәріні тамшы күйінде салуды;
Қуыққа жұмсақ катетер салуды;
Қан тоқтататын бұрамаларды қолдануды;
Оттегін беруді;
Зарарсыздандыру үшін қолданылатын ерітінділерді дайындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |