ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет2/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,28 Mb.
#11528
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Оқытушы қолы __________________________


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацептика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Мейірбике ісі анестезиология және реаниматология курсымен кафедрасы

Мейірбике ісі негіздері


пӘні бойынша Әдістемелік өңдеу

Мамандығы: «Мейірбике ісі»

Курсы: 3

Семестрі: 5


Құрастырушы: Джураева Г.Р.

ШЫМКЕНТ, 2010

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«_____» ____________ № «____» хаттама

Бекітемін



Кафедра меңгерушісі _________________________

1 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдері. Қалдықтар класстары.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдерімен, қалдықтар класстарымен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушылардың мінезін залалсыз, таза ауруханалық ортасына, емдеу мекемелерінде этикалық – деонотологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда медициналық тағайындалған заттарды өңдеуді, қалдықтар класстарын ажырата білу қабілеттілігін дамыту.

5.Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28мин (30%)

    • Палаталар, коридор, санитар. бөлме, ванна сияқты емдеу орындарын тазалаудын түрлері

    • Тазалау жабдықтары ( инвентарь), оның маркировкасын ( белгіленуін), тағайындалуын, сакталуын, дезинфекциясы

    • Күнделікті, қорытынды және генеральды тазалаулардын қолдану жиілігі

    • Жұмыс дез. ерітінділерін дайындау

    • Медбикенің функциональды міндеттері

    • Арнайы киімді кию ережелері

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

медициналык аспаптарды өндеудің 3 сатысын (дезинфекция, зарарсыздандыру алдындағы тазалау, аспаптарды зарарсыздандыру);

- дезерітінділерді дайындау және медициналық аспаптарды өңдеудің бірінші сатысын жүргізу;

- зарарсыздандыру алдындағы тазалау туралы түсінік;

- жуғыш комплексті дайындау және екінші этапты жүргізу;

- жүмысшы дезерітіндіні және жуғыш комплексті колдану үзақтығы;

- аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалау сапасын бақылау (фенолфтолейнді, амидопиринді, азопирамды сынаптар);

- медициналық аспаптарды өндеудің үшінші сатысы - зарарсыздандыру;

- аспаптарды, қолғаптарды, таңу материалдарын, оптикалық аспаптарды зарасыздандыру.

Инфицирлеуді ескерту үшін, жарамен катынасқан барлық заттар, қанмен немесе инъекционды препараттармен қатынаскан және де шырышты қабықшамен катынасқан барлық заттар зарарсыздандырылуы керек.

Аспаптарды, таңу материалдарын, киімдерді зарарсыздандыру келесі түрде жүргізіледі:

1) дезинфекция

2) зарарсыздандыру алдындағы тазалау

3) зарарсыздандыру

Бірінші саты – аспаптарды дезинфекциялау.

Дезинфекцияны химиялық әдістермен жүргізу аспаптарды, қолғаптарды, лабораториялық ыдыстарды дезинфектантардың келесі ертінділеріне батырып қоямыз.

Медициналық құрал саймандарды дезинфекциялауды химиялық әдіспен



Дезинфектанттың аталуы

Дезинфектанттың концентрациясы

Уақыты

1

Кальций гипохлориді

1%

60 мин

2

Сутегі асқын тотығы

4%

90 мин

3

Дезэфект

2,3%

3,8%


60 мин

30 мин


4

Дезапрев

0,5%

1%


15 мин

10 мин


5

Лизоформин 3000

2%

1,5%


0,75%

15 мин

30 мин


60 мин

6

Деохлор

0,1%

30 мин

7

Гигасепт

10 %

60 мин

Ескерту: дезофект ертіндісі 50 С қыздырылуы керек, барлық қалғандары бөлме температурасында болу керек.

Дезинфекциялаушы ертінділер бір рет қолданылады.

Кесте №2 Құрал-саймандарды химиялық әдіспен дезинфекциялау үшін жұмыс ертінділерін дайындау ( жұмыс ертіндімен 10 л есебімен )



Дезинфектанттың аталуы және концентрациясы

Дезинфектанттың мөлшері

Су

1

Кальций гипохлориді 1%

100г

10 л

2

Дезэфект 2,3%

3,8 %


230 мл

380 мл


9770 мл

9620 мл


3

Дезапрев 0,5%

1 %


50 мл

100 мл


9950 мл

9900 мл


4

Лизоформин 3000 2 %

1,5%


0,75 %

200 мл

150 мл


75 мл

9800 мл

9850 мл


9925 мл

5

Деохлор 0,1 %

7 таблетка

10 л

6

Гигасепт 10 %

1 л

9 л

Дезинфекцияны манипуляциядан кейін жүргізу қажет.

Дезинфекциялау үшін дезерітіндісі бар 2 сиымдылық жасау қажет: біріншісі аспаптарды қаннан және басқа да биологиялық ерітінділерден жуу үшін, екіншісі - дезинфекция үшін.

Алғашқыда бірінші сиымдылықта көп рет қолданатын шприцтердің, инелердің, аспаптардың ішкі каналдарын толтырып, оларды босатпай насосты әдіспен жуады.

Кейін екінші сиымдылықта аспаптардың, шприцтердің, инелердін бөлшектерін босатып, барлығын ыдыска салып 1 сағатқа қалдырады (уакыт шектелмеген).

Екінші саты – залалсыздандыру алдындағы тазалау.

Залалсыздандырудың кез-келген әдісінің эффективтілігі зарарсыздандыратын объектілердің тазалығына байланысты болады. Микроорганизмдердің айналасында қорғаныш қабілетін атқаратын органикалық және неорганикалық сипаттағы ластану болса, онда термиялык және химиялық зарарсыздандырудың әсер етуі көрсеткіші азаяды. Зарарсыздандыру алдындағы тазалау бірнеше сатылардан түрады.



А) Аспаптарды дезинфекциялап болғаннан кейін, оларды ағын судың астында 30 с үстау керек, бүл дезинфекциялайтын заттардың иісін кетіру мақсатында жүргізіледі.

Б) Дезинфекцияланған және жуылған медициналық аспаптар қүрамында жуушы зат немесе сутектің асқын тотығы бар ыстык ерітіндіге (40-50 С) 15 минутқа салынады.

Әдетте екі жуушы ерітіндінің біреуі колданады: күрамында «Лотос» жуушы заты бар ерітінді немесе қүрамында «Биолот» жуушы заты бар ерітінді.

Жуушы ерітінділерді жасау:

1) қүрамында «Лотос» жуушы заты бар ерітінді:

- «Лотос» жуушы заты - 5 г

- пергидроль 27,5% - 17 мл

- натрий олеат - 1,4 г

- су - 1 л-ге дейін

Ерітінді 50 С дейін жылытылады.

2) қүрамында «Биолот» жуушы заты бар ерітінді:

- «Биолот» жуушы заты - 5 г

- су - 1 л-ге дейін

Ерітінді 40-45 С дейін жылытылады.

В) Сулаудан кейін әр бөлшек жуушы заты бар ерітіндіде маталы-дәкерлі тампонның көмегімен жуулады.

Жуушы ерітіндіні түсі өзгермесе, тәулік үзақтығында ғана жууға оүқсат етіледі.



Г) Кейін жуылған медициналық аспапты ағын судың астында 3-10 минут.

Д) Кейіннен дистиллденген суда 35-40 с шайылады.

Е) Жуылған медициналық аспап ыстық ауамен қүрғақ шкафта 85 С-да ылғалы кеткенше кептіріледі.

Стерилизация алды құрал-саймандарды тазалау сапасын өткізу

Бөлшектің тазалану сапасы бензидинді, ортотолуидинді, азопирамды, амидопирамды және фенолфтолейнді сыналар арқылы тексеріледі. Өнделген аспаптардың 1% тексеруге жіберіледі.

Практикада ең жиі колданылатыны азопирамды сынама. Бүл гемоглобиннің, тотыктырғыштардың, хлорқүрамдас заттардың, жуғыш үнтақтың, тоттың бар-жоғына тексереді. Тексеру үшін бірдей қатынаста азопирамды және 3% сутектің асқын тотығын араластырып, аспаптың жарамен жанасқан жеріне тигізеді. Ластану индикациясы мен қан іздері 1 минутта көрінеді. Реакция оң болған жағдайда: қанға - көк-фиолет түске; хлорқүрамдас тотықтырғыштарға, тотқа - коңыр түске; жуғыш затқа - қызыл түске боялады.

Бензидинді сынама алған кезде қан іздері кө түске, амидопиринді сына алғанда фиолет түске боялады.



Амидопириннің жүмысшы ерітіндісі тек қана сына алу үшін жасалады. Ол үшін пипеткалармен бірдей қатынаста 3% сутектің асқын тотығы, 30% сірке қышқылы және 5% амидопириннің спирттік ерітіндісі алынады. Реактивті аспапка тигізгеннен кейін аспапты қағазбен немесе мақтамен үстау керек. Бүл жерде реактив түсінің өзгеруі 2 минутта жүреді.

Қанға немесе жуғыш заттарға оң сыналар беретін бөлшектер теріс нәтиже алынғанша кайталанып жасалады.

Бөлшектерде жуғыш заттардың қалдығын тексеру үшін фенолфтолейнді сынама қолданылады. Аспапқа 2-3 тамшы 1% фенолфтолейннің спирттік ерітіндісі тамызылады. 30 с қызыл түс пайда болса бүл беттік активті заттардың бар екендігін көрсетеді, бөлшектерді ағын сумен, кейін дистиллденген сумен жуады.

Үшінші саты - аспаптарды зарарсыздандыру.

Бөлімшеде, стационарда орталык зарарсыздандыру жүйесі болмаса, зарарсыздандыруды күрғақ шкафта өткізеді. Зарарсыздандыру келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: бірінші тәртіп бойынша камерадағы зарарсыздандыру температурасы - 180 С, уақыт - 60 минут; екінші тәртіп бойынша камерадағы зарарсыздандыру температурасы - 160 С, уақыт - 150 минут. Зарарсыздандырғышты 15-20 минут салқындатқаннан кейін камераны салқындатады.

Аспаптарды, шприцтерді, жүйелерді зарарсыздандыруды жоғарыда көрсетілген тәртіптің бір түрімен автоклавта зарарсыздандырған жақсы. — Бөлшектерді бикстерге салған кезде, решеткалар ашылады. Автоклавтан түсірген кезде бикс жабылады.

Кесетін аспаптарды 2 сағатка 96% этил спиртінің ерітіндісіне салып қояды, өйткені оларды автоклавта немесе күрғақ шкафта зарарсыздандырса олардың өткірлігі төмендейді.



Таңу материалдарын және киімдерді зарарсыздандыру.

I - материалды зарарсыздандыру алдында дайындау. Таңы материалыньщ қасиеттері - жазылу процестеріне кері әсерін тигізбеу керек; -жақсы гигроскопиялык болу керек; - аз төгілетін болу керек; - жүмсақ, жаралы бетке әсерін тигізбеу керек; - өндірісте арзан болу керек. Таңы материалын санау үшін оларды келесі түрде қояды - шариктерді 50-1000 дана, қағаздарды 10 данадан. Халаттарды, жамылғыштарды және т.б. орап кояды.

II - зарарсыздандыруға дайындық. Материал универсалды оралған кезде бикске кішкентай материал салып қояды. Мақсатты орау кезінде бикске накты операция үшін таңы материалын салып қояды. Түрлі орау кезінде - киімнің немесе таңу материалының нақты түрін салып кояды. Материалды тығыз орауға болмайды, онын ішіне зарарсыздандыру индикаторын салып кояды.

III - зарарсыздандыру. Таңы материалдарын және операциялық киімдерді актоклавта 2 атм кысымда 20 минут бойы зарарсыздандырады.

IV - зарарсыз материалды сақтау. Зарарсыздандырудан кейін салкындатып түсіреді. Зарарсыздандыру уакыты - 48 сағат. Хирургиялык қолғаптарды және щеткаларды зарарсыздандыру.

Әдетте қолғаптарды автоклавта зарарсыздандырады. Ол үшін қолғаптарды тексеріп, іші-сыртын талькпен толтырып, дәкерлі кағазбен орайды. Резиналы қолғаптарды, резиналы дренаждарды автоклавта 1,1 атм қысымда 20 минут зарарсыздандырады. Қолғаптарды қайнатып та зарарсыздандыруға болады.



Оптикалык жүйесі бар катетрлерді және аспаптарды зарарсыздандыру.

Оптикалық жүйесі бар катетрлер мен аспаптарды формалиннің буында 48 сағат бойы зарарсыздандырады, немесе 25-30 мл таза формалин, үштік ерітінді немесе «Дезоксон-1» ерітіндісі немесе сынаптың оксицианид (1:1000) ерітіндісі күйылған ыдыска салып зарарсыздандырады.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Орталық залалсыздандыру бөлімінде жұмыс істеу



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Тесттер:

1. Дезинфекция сатыларын және аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы тазалауды атаңыз:

1) ыстық жуатын ерітіндіде 15 минут бойы сулау

2) ағын судың астында жуу

3) ыстық ауамен қүрғату шкафында кептіру

4) ағын судың астында жуып, дистиллденген суда жуу

5) мата-дәкерлі тампонның көмегімен аспаптарды жуатын ерітіндіде жуу.

6) аспаптарды 3% хлорамин ерітіндісінде дезинфекциялау

2. Аспаптарды зарарсыздандыруда зарарсыздандырудың қандай тәртібін қолданады (температура, уақыт, қысым):

1) құрғақ шкафта

2) автоклавта

Сәйкестікті табыңыз

1) температура 120 С

2) температура 132 С

3) температура 160 С

4) температура 180 С

5) қысым 1,1 АТМ

6) қысым 2 АТМ

7) уақыт 20 мин

8) уақыт 45 мин

9) уақыт 60 мин

10) уақыт 120 мин

3. Кесетін аспаптарды қалай зарарсыздандырады?

1) автовславта

2) қүрғақ шкафта

3) 96% этил спиртіне 2 сағат салып қояды

4)1 сағат бойы кайнатады

5) дезинфекциялы камерада

4.Қолданылған қолғаптарды зарарсыздандыру кезіндегі зарарсыздандыру тізбегін анықтаңыз?

1) талькпен ішін және сыртын толтырады

2) автоклавта зарарсыздандырады

3) дәкерлі қағазбен орайды

4) кептіреді

5) 2% хлорамин ерітіндісінде 2 сағат бойы жарарсыздандырады

6) ағынды судың астында жуады

5. Оптикалық жүйесі бар аспаптарды қалай зарарсыздандырады?

1) автоклавта

2) пароформалинді камерада 48 сағат

3) құрғақ шкафта

4) 2 сағат қайнатады

5) күйдіреді

6) таза формалинде

Жауаптардың дұрыс комбинациясын таңцаңыз:

А) 4,5

Б)1,2,6


В) 2,3,5

Г) 2,6


Д)2,4

6. Аспаптардағы канның ізін анықтайды

1) индикатормен

2) баканализбен

3) бензидинді сынамен

4) фенолфтолейнді сынамен

7. Аспаптарда жуғыш заттардың қалғанын анықтайды

1) индикатормен

2) баканализбен

3) бензидинді сынамен

4) фенолфтолейнді сынамен

8. Манипуляциядан кейінгі аспаптарды ендеудегі бірінші этап?

1) ағын сумен жуу

2) 3% хлорамин ерітіндісінде салып кою

9. Бұйымдарды химиялык әдіспен зарарсыздандыруда мына ерітіндіден басқасының барлығы қолданылады:

1) 3% сутектің асқын тотығы

2) 6% сутектің асқын тотығы

3) дезоксон-1

4) хлоргексидин

5) 96% этил спирті

10. Шприцтерді, аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы евдеудің бірінші этапы болып табылады:

1) ағын сумен жуу

2) «Биолот» еретіндісінде сулау

3) 1% хлорамин ерітіндісінде сулау

4) 3% хлорамин ерітіндісінде сулау

Ситуациялык есептер.

1. Аспаптарды зарарсыздандыру алдындағы ендеуде фенолфтолейнді сына алғанда аспаптар кызыл түске боялды. Осы кездегі сіздің тактикаңыз?

2. Оптикалық жүйесі бар аспап пароформалинді камерада 8 сағат бойы зарарсыздандырылды. Бүл аспаппен ауруды тексеруге болады ма?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1,2 - бөлім, 154 – 173 бет


2 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық ұйымдардағы емдеу - сақтау режимін ұйымдастыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3. Сабақ түрі: практикалық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларды медициналық ұйымдардағы емдеу - сақтау режимін ұйымдастырумен

таныстыру.



тәрбиелік: Оқушылардың мінезін медициналық ұйымдардағы емдеу - сақтау режимін ұйымдастыруда этикалық – деонотологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: Оқушыларда медициналық ұйымдардағы емдеу - сақтау режимін ұйымдастыру.

білу қабілеттілігін дамыту.



5.Оқыту әдісі: Ролдік ойындар, жағдайды моделдеу.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

1. Палаталар, коридор, санитар. бөлме, ванна сияқты емдеу орындарын тазалаудын түрлері



Тазалау жабдықтары ( инвентарь), оның маркировкасын ( белгіленуін), тағайындалуын, сакталуын, дезинфекциясы

Күнделікті, қорытынды және генеральды тазалаулардын қолдану жиілігі

Жұмыс дез. ерітінділерін дайындау

Медбикенің функциональды міндеттері

Жұмыс орнының дайындауын және ұйымдастыруы

Медбикенің сыртқы көрінісі

Жұмыс орнына және медбикенің сыртқы көрінісіне қатысты гигиеналык талаптар

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


  • Аурухана тәртібі ұғымы

  • Науқастардың емдеу – қорғау тәртібі

  • Науқастардың аурудан айығуына әсер етуші факторлар

Аурухана тәртібі науқастың жанына тыныштық беретіндей болуы тиіс.науқасты тітіркендіретін, уайымдататын нәрселер болмауы тиіс, немесе ондай нәрселерді алып тастау қажет .
аурухана тәртібі келесі түрде ұйымдастырылғаны науқасқа ыңғайлы жағдай туғызады:

  • Аурухананың сыртқы ортасының сипатын жақсарту;

  • Физиологиялық ұйқыны ұзарту;

  • Науқасты теріс эмоция және ауырсыну сезімінен айықтыру;

  • Тынығу және физикалық белсенділіктің ауысып отыруы (гигиеналық және емдік гимнастика) және жалпы нервтік-психикалық тонусты көтеру.

Аурухананың сыртқы ортасының сипатын жақсарту: ақ төсектер, ашық түске боялған қабырғалар, өмірге қызықтыратын суреттер. Науқастың көңіліне теріс әсер ететін тітіркендіргіштерді (қорқынышты плакаттар, банкалардағы анатомиялық препараттар, температура парақтары т.б.) алып тастанулары қажет.

Ауруханадағы жағымсыз иістер көтеріңкі вентиляция, дезодоранттар, көмегімен жойылуы қажет. Ауруханада шуылдың болмауы үлкен маңызға ие.


Персонал бірбірімен тыныш сөйлеседі, телефондарды палаталардан алысқа ронатады, дауыс сигнализациясы жарық сигнализациясына ауыстырылады, су крандарына резина шлангілерін кигізеді, персонал аяғына тапочки киіп жүреді, коридор және палаталарда кілемдер төселеді.

  1. Жалпы еркін стационардың және аурухана аймағында, бөлімшеде науқастың қозғалу активтілігі шектеусіз болады. Коридорда еркін жүруге, баспалдақтан көтерілу, аурухана территориясында жүруге рұқсат.

  2. Палаталық науқас уақытының көбін төсекте өткізеді тек палатаның ішінде жүруге рұқсат. Өзінің жеке гигиенасын және тағы басқаларды палатада жүргізеді.

Төсектік- науқас төсектен тұрмайды, отыруға, бұрылуға болады. Барлық мерекелерді және өзінің тазалығын төсекте медбикенің көмегімен жүргізіледі

4) Қатаң – төсектік- науқасқа төсекте активті қозғалуына рұқсат етілмеген, бір жаныңнан екінші жанына қозғалуға рұқсат етпейді. Төсекте науқасты жатқызу түрлері: Әртүрлі ауруларда науқасты төсекте әртүрлі жағдайда жатқызу.

  1. Активті жатқызу — науқас оңай және еркін қозғалысты орындауына болады.

  2. Пассивті қалпы- науқас еркін қимылды орындай алмайды, сол қалыпта сақтау (мысалы есін жоғалтқанда немесе оларды орындауға дәрігер рұқсат етпегенде)

Мәжбүрлі қалпы- науқас ауырсынуды басу үшін және әртүрлі патологиялық симптомдарда мәжбүрлі қалыпта болады. Мысалы, ортопноэ кезінде — отырызып аяғын төмен жібереміз (қан айналымының жетімсіздігінде және кіші қан айналымда қан ұйып қалса), шынтақ тізе қалпы.

Каталог: kafedra -> ses delo
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0304000 «Стоматология»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Клиникаға кіріспе» Мамандығы: 0301000
kafedra -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Клиникалық медицинаға кіріспе Пән коды кмк 3220 Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Оқу сағатының
kafedra -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Паллиативті медицина» Код: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»
ses delo -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет