ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



бет6/16
Дата12.03.2017
өлшемі3,28 Mb.
#11528
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 4 - бөлім , 284 – 308 бет


8 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Науқастың астын жуу, дәретсауыт пен несепсауытты беру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға науқастың астын жуу, дәретсауыт пен несепсауытты беруді

үйрету


тәрбиелік: Оқушыларда науқастың астын жуу, дәретсауыт пен несепсауытты беру

кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.



дамыту: оқушыларда науқастың астын жуу, дәретсауыт пен несепсауытты беру

қабілеттілігін дамыту.



5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

              1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



    1. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

№№№№№№
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде ауыр халдегі науқастарға дәретсауыт пен несепсауытты беру. 12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:



Ситуациялык есептер:

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет


9 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыруды

үйрету


тәрбиелік: Оқушыларда ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



  1. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

№№№№№



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  1. Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  2. Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

  3. Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

  4. ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

  5. тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

  6. парентеральды тамақтандыру

  7. процедураны өткізуге арналған құралдарын оны дайындауың және қолданғаннан кейін өндеу.

Стационарда емдік тамақтарды ұйымдастыру. Стационарда емдік тамақтарды жалпы басқаратын бас дәрігер немесе оның орынбасары ал бөлімшелерде-бөлімше меңгерушісі.

Диетолог- дәрігер барлық бөлімшелерді емдік тамақтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырады, диеталық медбикемен басқарылады. Диетолог- дәрігердің нұсқауын барлық тамақ блогы жұмысшыларына қатысты. Диетолог- дәрігер тағайындалудың дүрыстығын жөне емдік тамақтарды қолдануьн, олардың нәтижесін талқылап, жеті күндік тамақтану тәртібін құрастыру, жаз,қыс айларында диета түріне олардың сапасына, химиялық құрылымын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тамақ блогының жүмысын, дайын болған тамақты қарап бақылайды. Диеталық медбике тамақ блогы жүмысына жөне санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануын бақылайды. Дәрігер- диетологқа бағынады.

Оның міндеттері:

  • тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау

  • Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына
    сәйкестігін қүрастыру.

  • Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.

  • Медициналық құжаттарды толтыру.

Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.

  1. Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.

2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жүмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.

  1. Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін гана жіберіледі

  2. Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бүны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.

  3. Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.

  4. Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.

  5. Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:

  • суық жөне ыстық су

  • екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.

  • Тамақты қыздыратын электроплита

  • Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)

  • Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы

  • Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар

  • Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)

  • Таңбаланған «буфетке арналған»

  • Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.

  • Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады

  • Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады

  • Порционникті және порционник талаптарын құрастыру

  • Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады

  • Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды

  • Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды

  • Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.

  • Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.

Науқастарға тамақ үлестіру

1 Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.

2 Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.

3 Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.

4 Тамақты үлестірмес бұрын медбике таңбалаңған халат киіп, қольн жуады.

5 Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.

  • Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.

Науқастарды тамақтандыру.

Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.

Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1.Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары кандай болуы керек.

А) белок ара қатынасы жоғары

Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты

В) 1:1:4 белок, май, көмірсуге сәйкес

Г) май ара қатынасы жоғары

2. Сау адамның тамақтану рационына не кіреді
А) 80-100 г белок

Б) 400-500 г көмірсу

В) 200 г май

Г) витаминдер, микроэлементтер

3. 1 г көмір су организімге қанша ккал береді
А) 0,3 ккал

Б) 4,1 ккал

В) 5,5 ккал



Г) 7,3 ккал

4. 1 г май организімге қанша ккал береді
А) 4,1 юсал

Б) 3,3 ккал

В) 9,3 ккал

Г) 8,8 ккал

5. Көмір су ненің қүрамында болады
А) крахмал

Б)ет

В) қант

Г) жұмыртқа

6. Тамақтану тәртібі бұл-



А) кулинарлық емдеу сипаттамасы

Б) тамақ, ішу уақьпъі және жиілігі

В) тамақтың сапалық құрамы

Г) тамақтың мөлшерлік құрамы

7. Қажет диета жөне оны қолдану ұзақтығы анықталды.

А) диеталық медбике

Б) аға медбике

В) дәрігер



Г) палаталық медбике

8. Порционник талаптарын ас блогына құрастыру есебі:
А) палаталық медбике

Б) аға медбике

В) бөлімше меңгерушісі

Г) диеталык медбике

9. Порционник ішіне кіретін мәлімеггер
А) өр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны

В) палаталар аталуы

Г) тамақтану төртібі

10. Тамақты кім үлестіреді

А) кіші мед. қызметкері

Б) буфетші

В) палаталық медбике

Г) диеталық дөрігер

Ситуациялык есептер:

1 .Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?

2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 5 – бөлім, 308 – 332 бет



10 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға ауыр халдегі науқастарды тамақтандыруды

үйрету


тәрбиелік: Оқушыларда ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, плакат.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру

  • Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру

  • Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау

  • ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын

  • тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын

  • парентеральды тамақтандыру

  • процедураны өткізуге арналған құралдарын оны дайындауың және қолданғаннан кейін өндеу

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  1. енжар науқастарды тамақтандыру

  2. ауыр науқасты тамақтандыру

  3. келушілердің тамақтарын бақылау

  4. зонд, гастростома аркылы тамақтандыру

  5. тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы

  6. парентеральды тамақтандыру

Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп). Науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.

Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.

Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)

Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .

Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.

Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.

Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.



Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.

Жасанды тамақтандыру

Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.

Зонд арқылы тамақтандыру

Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.

Істеу қажет:

  1. Қолыңызды жуыңыз

  2. процедурамен науқасты таныстырыңыз

  3. Стерильді зондтты вазелин немесе глицеринмен майлаңыз

  4. Науқастың басын артқа шалқайтамыз

  5. Стерильді зондты төменгі мұрын жолдары арқылы 15-18 см тереңдікке
    енгіземіз

  6. Сол қолдың саусағымен жұтқыншақтағы зондты анықтап оны артқы
    жұткыншақ клеткасына қысыңқыраймыз, себебі зонд трахеяны үзбес үшін

  7. Науқастың басын аздап алға қисайтып және оң қолмен зондты өңештің
    ортаңғы бөлігіне дейін итереміз. Егер дем шығарған кезде ауа зондтан
    шықпаса, ал науқастың дауысы сақталады, яғни зонд өңеште тұр.

  8. Зондты мына қашықтықта енгіземіз, формула бойынша(бойы/см )100;

  9. Шприцке ауа толтырып оны зондқа жалғау керек

  10. Фонендоскопты эпигастральді бөлікке қоямыз

  11. Фонендоскоптың көмегімен ауаны зонд арқылы асқазанға жібереміз,

дауыс естілсе онда ауа асқазанға түскенін білдіреді

12.3ондты зажиммен қысып, тұйық ұшына лоток түсіреміз

ІЗ.Зондтың тұйық ұшына Жане шприцін немесе воронканы кигіземіз

14. Воронкаға немесе Жане шприціне тамақ қүямыз

15.3ажиммен қыстырылған зондты босатамыз

Іб. Асқазанға тамақты жылы күйінде, поршенді жәй басып немесе воронканы асқазан денгейінен жоғары көтереміз

17.Воронкаға таза су кұйып, воронканы аламыз. Зондтың тұйық ұшын пробкамен жабамыз

18.3ондтың тұйык ұшын киімге немесе наукастың басына бекітіп, себебі зонд оған кедергі жасамау үшін. Жасанды тамақтандыру кезінде 2-3 апта зондты шығармайды.

Профилактика мақсатында науқасты тамақтандыру кезінде патогенді микрофлора дамымас үшін зондты екі сағат сайын жуамыз.

Гастростома аркылы тамақтандыру

1. Көрсетілімдері: жоғарыдағыдай бірақ ұзақ уақытқа

Дайындау : қоректік қоспалар (бульон, кілегей, сок, кілегей коспалар) Воронка, пластырь, 70 % спирт, асептикалық таңғыш, индифферентті мазь, цинк, дерматол пастасы;

Істеу керек:

  • тамақты жылыту керек

  • зондты жыланкөз арқылы асқазанға жібереміз

  • түйық ұшына воронка жалғаймыз

  • аздап асқазанға тамақ жібереміз (50 мл 6-8 рет күніне немесе 300- 500 мл 4 рет күніне).

  • Фистуладан зондты шығарамыз

70 % спирт ерітіндісімен жыланкөз айналасын майлаймыз

- Құрғақ стерильді таңғыш саламыз, зонд және воронканы дезинфекциялаймыз



2. Істеу керек:

  • тамақты жылыту керек

  • зондқа воронканы жалғаймыз

  • Аздап (50 мл) асқазанға тамақ жібереміз

  • Зондты тамақ қалдыктарынан жылы сумен жуып, оны воронкаға қүямыз 50 мл

  • 70 % спиртпен жыланкөз айналасын өңдейміз

  • гастростома айналасына индиффериентті мазь жағамыз

  • кұрсак қуысына енгізілген зонд тұсына күрғақ асептикалық таңғыш саламыз

  • зондты құрсақ куысы стенкасына пластырьмен бекітеміз.
    Көрсетілімдері:

  • жақ- бет операциясы және жарақаттар

  • ауыз куысының жарақаты, жұтқыншақ және өңеш

  • бас- ми операциясы, жарақаттар, ісіктер, ми зақымдары

  • бас- ми жарақаты кезіндегі ес - түссіз жаткан сырқаттар, кома, бауыр жетіспеушілігі, бүйрек , кант диабеті

  • күйіктер, тыртықты өзгерістер, өңеш резекциясы, асқазан аурулары, оның бітелуі

  • асқазан резекциясы: ауыр күйік аурулары, сепсис, кахексиясының терминальді стадиясы.

Дайындаңыз: қоректік заттар (бульон, кілегей, сок, кілегейлі сорпалар) воронка,

пластырь, 70% спирт, асептикалык таңғыш, индиффериенгті мазь, пастасы, цинкті, дерматоль мазь.

Қоректендіру клизма (ректальді тамақтандыру).

Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне

негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий

хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.

Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту

клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)

резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.

Парентеральді тамақтандыру.

Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.

Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. Порционник құрамына кіретін мәліметтер:
А) әр түрлі диеталық столдардың саны
Б) науқастар саны

В) палаталар аталуы

Г) тамақтану төртібі

2.Қажет диета жөне оның қолдану ұзақтығын .. анықтайды.

А) диеталық медбике

Б) аға медбике

В) дәрігер



Г) палаталық медбике

3. 1 г көмір су организімге .. ккал береді.
А) 0,3 ккал

Б) 4,1 ккал

В) 5,5 ккал



Г) 7,3 ккал

4. 1 г май организімге .. ккал береді.
А) 4,1 юсал

Б) 3,3 ккал

В) 9,3 ккал

Г) 8,8 ккал

5. Көмір су .. қүрамында болады
А) крахмал

Б)ет

В) қант

Г) жұмыртқа

6. Тамақтану тәртібі бұл .. .

А) кулинарлық емдеу сипаттамасы

Б) тамақ, ішу уақыты және жиілігі

В) тамақтың сапалық құрамы

Г) тамақтың мөлшерлік құрамы

7. Сау адамның тамақтану рационына .. кіреді.
А) 80-100 г белок

Б) 400-500 г көмірсу

В) 200 г май

Г) витаминдер, микроэлементтер
7.Порционник талаптарын ас блогына жеткізеді:
А) палаталық медбике

Б) аға медбике

В) бөлімше меңгерушісі

Г) диеталык медбике

8. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары .. болуы керек.

А) белок ара қатынасы жоғары

Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты

В) 1:1:4 белок, май, көмірсуға сәйкес

Г) май ара қатынасы жоғары

9. Тамақты .. үлестіреді.

А) кіші мед. қызметкері

Б) буфетші

В) палаталық медбике

Г) диеталық дөрігер

10. Ақуыздар, майлар, көмірсулар ара қатынасы ...болады.

А) 3:1:1

Б) 1:1:1

в) 2:2:1

Г) 10:5:4

Ситуациялық есептер

1 .Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?

2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?



13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 5 – бөлім, 308 – 332 бет



11 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану алгоритмі.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға Қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану алгоритмін үйрету

тәрбиелік: Оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  1. енжар науқастарды тамақтандыру

  2. ауыр науқасты тамақтандыру

  3. келушілердің тамақтарын бақылау

  4. зонд, гастростома аркылы тамақтандыру

  5. тік ішек арқылы қоректік қоспаларды жіберу техникасы

  6. парентеральды тамақтандыру



10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

  • қарапайым физиопроцедурапың түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстердің әсер ету принциптері, емдік эффекті

  • компресстердің түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстерге көрсетілімдер және кері көрсетілімдер

  • процедураны жүгізу үшін қажетті көрнекілер

  • процедураны қабылдау кезінде пайда болатын асқынулар және техника қаіпсіздігі

  • құралдарды өңдеу

Қарапайым физиотерапияның әсер ету механизмі капиллярлардың кеңейіп, патологиялық аймақта қан айналымның күшеюіне байланысты.

Физиотерапия – адам ағзасын емдеу мақсатымен әр түрлі табиғи факторлардың әсер етуі. Суықты, жылыны, механикалық тітіркендіргіштерді қолданған кезде терінің тітіркену бөлімдерінен терең орналасқан мүшелер мен ұлпалар өзгереді. Бұл өзгерістер тамыр тонусының без бөлу, және қозғалу белсенділігі жасушалардың метаболизмінің өзгеруіне себеп болады. Адамда жалпы реакция пайда болады. Ұйқысы, тәбеті, көңіл – күйі жақсарады. Мұны рефлекторлық терапия деп атаймыз.

Кыздырушы компресс қою

Мақсаты: Қан тамырларды бір қалыпты және ұзақ уақытқа кеңейту, ұлпалардағы қан айналымды жақсарту, сіңдіруді тездету және ауырсынуды басу.

Көрсетілімі:Жергілікті инфильтраттарды (инъекциядан кейінгі), бұлшықет және буындардағы қабыну процесін, лор-ауруларын емдеу, жарақат алудың (ушибы) екінші тәулігінде.

Қарсы көрсетілімі:Қан кетулер, терінің іріңді аурулары, тері бүтінділігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялы ісіктер, соққы және жарақат алудың (ушибы) бірінші тәулігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: 8 қабатты дәкелі салфетка, дәкелі салфетканы малу үшін ерітінді, (бөлме температурасымен бірдей су (20-25ºС), 40% спирт немесе 6% сірке суы (жарты литр суға 1 кіші ас қасық сірке суы) клеенка немесе компресті қағаз, мақта, бинт, қайшы.

Парафин қою мақсаты: қанайналымды күшейту, босаңсыту, ауыруды басу. Парафинді көбінесе буын ауыруларында негізгі қабынуға қарсы ем қабылдағаннан кейін қолдануға болады

Сүлік қою.

Мақсаты: жергілікті қан алу, қанның қоюлануын төмендету

Көрсетілімі: артериялық гипертензия, бауырда венозды қалдықтың тұрып қалуы, ЖИА, венаның тромбозы және тромбофлебит, геморрой.

Құрал-жабдықтар: стерильді: лоток; пинцет; тампондар; салфеткалар; таңу материалы, медициналық банка, 70% спирт, 40% глюкоза ерітіндісі, мүсәтір спирті немесе натрий хлориді; ыстық су; 6-8 сүлік.

Қыша қағазын қоюға көрсетілімдер:

Миозит, бронхит, бұлшықеттердің физикалық шаршаудан кейін ауыруы;

Қыша қағазын қоюға қарсы көрсетілімдер:

Теріде іріңді процесстер, аллергиялық немесе басқа қышымалар, қызба, жүрек аритмиялары.



Емдік ванна- сумен емдеудің негізгі түрі болып табылады. Жалпы, жартылай және жергілікті ванна түрлерін ажыратады. Ұзақтығы: 10-20 минутқа дейін, қабылдау курсы 10-15 ванна. Емдік ваннаны күн ара немесе екі күн қатар сосын бір күн үзіліс жасайды. Ванналарды сумен емдеу бөлімінде немесе арнайы емдік және алдын-алу мекемелерінде қолданылады. Жанұя бір мүшесінің бақылауымен дәрігер тағайындауы бойынша емдік ваннаның белгілі бір түрін үй жағдайында қолдануға болады; егде жастағы науқастар және жас сәбиле ванна қабылдаса оларды ерекше бақылау қажет. Ваннаға түсіп болған соң құрғақ және жылы сүлгімен сүртініп, одан соң 30 минут демалу қажет.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде мұзды мұйық, компрес қолдануды үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. 1.Мұзды мұйықтан соң қандай асқынулар пайда болуы мүмкін ?

    1. Инфильтраттың қатайуы

    2. Терінің күлдіреуі

    3. Инфильтраттың жарылуы

    4. Терінің тартылуы

2. Суық комрессті қандай жағдайда қолданасыз ?

      1. тұншығуда

      2. бас ауырғанда

      3. бүйрек шаншуында

      4. инфильтраттың іріңдеуі

      5. жарақаттың қанауы

  1. Копрессті қою уақыты ?

      1. 6-8 сағат

      2. 30 минут

      3. 2-3 сағат

      4. 12-14 сағат

4. Қыздыратын компресстің дұрыс қоылғанын қалай тексересіз ?

1) 2 сағат өткен соң компресстің астына саусақты енгізіп, оның ішкі қабаттарын анықтау

2) 2 сағат өткен соң копрессті шешіп ,тексеріп көру

3) 2 сағаттан соң шешіп көру

4) 2 сағаттан соң науқастың сезімін сұрау

5) 2 сағаттан соң, егер сарғаю байқалса

5. Суық компрессті ауыстыру жиілігі

1) сальфетка қызғанда

2) құрғап қалғанда

3) 2-3 минуттан соң

4) науқас суықты сезгенде

5) 10-15 минуттан соң

6. Қыздырушы комресс үшін не қажет ?

1) лоток, су, сальфетка, целлофан

2) жылы су, спирт, сальфетка, компресс қағазы, мақта, бинт

3) 2% хлорамин ерітіндісі, мақта, сальфетка, целлофан

4) Эсмарх кружкасы, су, мақта, спирт, клеенка

5) лоток, мақта, бинт, жасыл ерітінді, клеенка

7. Ылғалды компресс болмауы керек

1) суық


2) ыстық

3) қыздырушы

4) дәрілік

5) горчичникпен

8. Мұзды мұйықты қолдануға болмайды

1) жедел холецистит, жедел панкреатит

2) өкпеден қан аққанда

3) бүйрек шаншуында

4) жоғары қызбада

5) жарақаттың бірінші күнінде

9. Грелканы қолдануға болмайды

1) ішек коликасында

2) бүйрек коликасы

3) қабынған инфильтраттарда

4) жедел холецистит, жедел панкреатит

5) қызбаның бірінші кезеңінде

10. Мұзды мұйықты, грелканы дезинфекциялайды

1) 6% перекись водород ерітіндісі

2) 0,015% деохлор ерітіндісі (2 рет сүртіледі)

3) 0,5% гигасепт ерітіндісі ( толық саып қою)

4) кез келген жуатын ерітіндімен

Ситуациялық есептер


  1. Дәрігер науқасқа операциядан кейінгі кезеңде мұзды мұйықты операция болған орынға қоюды бұйырды. Медбике алдын мұздатқышқа қойылған мұз мұйықты алып сүлгіге орап, жарақатқа қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.

  2. Медбике науқас баланың тамағына қыздырушы компрессті төмендегіше қойды: дәке салфетканы 70 градус температурадағы ыстық суға малып, тамағына қойып, полиэтиленді пакетпен жапты, сосын қатты бинтпен таңып қойды. Медбикенің іс-әрекетін бағалаңыз. Науқас балаға компрессті қалай қою керек ?


13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет



12 - сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Тамыр соғуын анықтау және сипаттау. АҚҚ өлшеу техникасы. Тыныс алу жиілігін есептеу

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға науқастың функционалдық жағдайын бағалауды, науқасты бақылауды, тамыр соғуын анықтау және сипаттауды, АҚҚ өлшеуді, тыныс алу жиілігін есептеуді үйрету

тәрбиелік: Оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі

  • қарапайым физиопроцедурапың түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстердің әсер ету принциптері, емдік эффекті

  • компресстердің түрлері

  • қыша қағазы, грелка, мұзды мұйық, компресстерге көрсетілімдер және кері көрсетілімдер

  • процедураны жүгізу үшін қажетті көрнекілер

  • процедураны қабылдау кезінде пайда болатын асқынулар және техника қаіпсіздігі

  • құралдарды өңдеу

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • Тамыр соғуының анықтамасы. Тамыр соғуын анықтау орындары мен әдістері

  • тамыр соғуының сипаттамасы: ырғығы, жиілігі, толықтығы, күші, биіктігі, жылдамдығы

  • артериалдық қысымды өлшеу әдісі

  • артериалдық қысымының өзгеруіне әсер етуші факторлар

  • тыныс алу сипаттамасы: жиілігі, тереңділігі, ырғағы

  • тыныс алудың патологиялық бұзылыстары: ентігу, тұншығу

  • тыныс алу түрлері: қалыпты (кеуделік, құрсақтық, аралас), патологиялық тыныс алу (Куссмауль, Биотт, Чейн-Стокс)

Тамыр соғуын анықтау және оның сипаттамасы:

Артериалды тамыр соғуы – қанның артериалды жүйеге атқылауы кезінде пайда болатын, тамыр қабырғаларының ырғақты тебіренуі. Тамыр соғуының сипаты, оның қабырғаларының жағдайына, әсіресе созылуына байланысты.

Тамыр соғуының ырғақтығы – пульс толқыны аралығындағы үзіліс бойынша анықталады. Егер пульстік тебіренуі артерия қабырғасының пульстік тебіренуі тең уақыт аралығында пайда болса пульс ырғақты (дұрыс). Ырғақтылық бұзылған кезде тамыр соғу толқыны дұрсы ауыспайды – артериалдық пульс.

Тамыр соғуының жиілігі – 1 минутта анықталады. Дені сау адамның тыныш жиілігін минутына 60-80. Жүрек жиырылуы тез болғанда (тахикардия), тамыр соғуының толқыны асады, пульс жиілейді. Ал жүрек соғуы төмендегенде (брадикардия) – пульс сиректейді. Егер пульс ырғақты болса, оның жиілігін 30 минутта анықтап, 2-ге көбейту керек. Егер пульс ырғақсыз болса, оның жиілігін 2 қолда бірдей 1 минуттан анықталып, шыққан санды қосып, 2-ге бөледі.

Тамыр соғуының күші – тамырдың соғу тербелісінің таралуын түгел тоқтатуға қажетті күшпен анықталады. Тамырдың қатты соғу дәрежесін шамамен ең жоғарғы қан қысымының мөлшерімен шамалауға болады. Қан қысымы неғұрлым жоғары болған сайын, тамыр соғұрлым қатты соғады. Артериалды қысым көтерілгендегі тамырдың соғуы қатты болады.

Тамыр соғуының толықтығы – тамыр соғуының жылдамдығы – тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады.

Тамыр соғуының биіктігі – тамыр соғуының толықтығымен байланысты. Тамыр жақсы соғуы кезінде саусақтың астынан тамырдың қатты толқынып, ал нашар кезінде тамырдың әлсіз соғуын, тамыр соғуының толқыны аз білінер – білінбес сипап білуге болады. Бұл жүрек бұлшық еті жұмысының нашарлағанын көрсетеді. Әсіресе білінер – білінбес соғуы тамырдың білінбей соғуы деп аталады. Тамыр соғуын анықтаудың мақсаты: жүрек – қан тамыр жүйесін қызметіг бағалау. Тамыр соғуын анықтау орындары: кәрі – жілік артериясы, ұйқы, самай, ұршық сан, тізенің асты, тобық артериялары.

Кәрі – жілік артериясында тамырдың соғуын анықтау

Керекті заттар:


  • секундомер немесе секундомерлі сағат

  • ауру тарихы, температура парағы

  1. Науқастың еркін жағдайда болуын қадағалау

  2. науқасты отырғызып немесе жатқызып тамырдың соғуын екі қолда бірден анықтайды

  3. науқастың білегінен ұстағанда мейірбикенің бас бармағы білектің астынғы жағында, қалған 4 саусағы білектің жоғарғы бетінде болуы тиіс.

  4. мейірбике ІІ, ІІІ IV саусақтармен тамырдың соғу орнын анықтап, тамырды жайлап басып, оның соғуын анықтайды.

  5. тамыр соғуының барлық көрсеткіштерін анықтау

  6. тексеру нәтижелерін жазба түрде медициналық немесе амбулаториялық картаға тіркеу керек

  7. нәтижелер температура парағына жазылуы керек

Тыныс алудың патологиялық түрлері мидың және оның қабығының аурулары (миға қан құйылуы, мидың ісігі, менингит), ауыр интоксикцияларды (уремиялық кома, диабетик кома) кездеседі.

  1. Чейн-Стокс тынысы – дем алу қимылдарының оқтын – оқтындығымен сипатталады, дем алу қимыладырының арасында біртіндеп және тыныс толық тоқтап қалғанша үзілістер болады (опноэ).

  2. Биота тынысы – қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 минутке дейін созылатын ұзақ үзілістермен отырады.

  3. Куссмауль тынысы – қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шум дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады (диабет комасы).

Асфиксия – оттегі тапшылығынан келіп шығатын тыныс алудың тоқтауы.

Астма – тұншығу ұстамасы



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде науқастардың тамыр соғуын анықтау және сипаттау, АҚҚ өлшеу, тыныс алу жиілігін есептеу.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Брадипноэ дегеніміз ... .

А) тыныс алудың жиілеуі

Б) тыныс алудың төмендеуі

В) тыныс алу жетіспеушілігі

Г) ентікпе

Д) тұншығу

2. Тамыр соғу ырғақтығы ... сипатталады.

А) артериядағы қанның жалпы мөлшері

Б) минутына тамырдың соғуына

В) артерия қабырғасына түскен күшпен

Г) тебірену амплитудасымен

Д) тамыр соғутолқынының бір қалыптылығымен


  1. Гипертония дегеніміз ... .

А) тамыр соғуының жиілеуі

Б) қан қысымының төмендеуі

В) қан қысымының жоғарлауы

Г) тамыр соғуының тапшылығы

Д) пульстік қысым


  1. Тамыр соғуының тапшылыгы дегеніміз:

А) жүрек жиырылуының жиілігіне қарағанда тамыр соғуының ырғақтығы аз болса

Б) егерде тамыр соғу ырғақтығы біріңгай уақыт аралығында пайда болса

В) қан айналым көлемінің азайуынан және әлсіз толуынан байқалады

Г) артерия қабырғаларының тербелу амплитудасы азайғанда

Д) тамыр соғу толқыны баяу көтерілгенде және төмендегенде


  1. Тамыр соғуы қай кезде кенеттен жиілеуі ... .

А) тыныш тұрған қалыпта, жүгіргенде, ұйықтағанда

Б) Ұйықтағанда, дәрі қабылдағанда, физикалық күш түскенде

В)Толқыну, атмомференың әсері, алькогольді және дәрі – дәрмекті қабылдағанда, физикалық күштің әсерінен

Г)Мимен жұмыс істегенде, жүгіргенде, қызба істегенде

Д) Физикалық жаттығулар кезінде, демалғанда, тамақ қабылдағанда


  1. Тахикардия дегеніміз ... .

А) Қан тамырларының толқуы

Б) Әлсіз тамырдың соғуы

В) Тамыр соғуының тапшылығы

Г) Тамыр соғуының жиілеуі

Д) Ырғақты тамыр соғуы

7. Тамырдың соғуы дегеніміз ... .

А) Сол жақ қарыншадан ортаға түскен қан

Б) Бір минутта артерия қабырғасының ырғақты тебіренуі

В) Артерия қабырғасының элластикалық жиырлуы және кеңейюі

Г) Жүректің оң жақ қарыншасының жиырлуы және артериялардағы қанның қимылы

Д) Венозды тамырдағы қанның қимылы

8. Тыныстың қай көрсеткіші науқасты бақылау кезінде анықталмайды

А) Жиілігі

Б) Көлемі

В)Ырғағы

Г)Түрі


Д)Тереңдігі

9. Тамыр соғуы, дененің қай бөліктерінде анықталады

А) Ұйқы артериясы, саусақ буыны

Б) Жамбас артериясы, өкпе, бауыр артериялары

В) Шынтақ артериясы, жүрек, ұйқы, самай артериялары

Г) Шынтақ венасы, самайда

Д) Самай, ұйқы артериясы, білезік, сан артериялары

10. Жүрек жиырлуының жиілігі төмендегілерге сәйкес

А) Минутына 16-20

Б) Минутына 40-70

В) Минутына 60-80

Г) Минутына 70-90




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет