Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет11/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

Жалпы сағаты: 15

Барлығы: 150 сағат



2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:
Дәрістер: шолу, ақпараттық, мәселелік.
Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептер , презентация түрінде, шағын топтар , пікірталас, жұптасып жұмыс істеу.
Зертханалық сабақтар: микробиологиялық зерттеулерге материал алу. Қоректік орталарға зерттелетін материалды егу. Микроскопия әдісі және микропрепараттарды дайындау техникасы, қарапайым және күрделі бояу әдістерімен фиксацияланған препараттарды бояу.
Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы (СӨЖ): әдебиеттермен жұмыс, мәліметтердің электрондық қоры мен компьютер бағдарламаларымен жұмыс, тақырыпты рефераттар, тақырып бойынша, глоссарий, презентация, тапсырма бойынша тест дайындау, жағдайлық есептер, кроссвордтар, тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу, тақырып бойынша көрнекілік құралдар түрінде дайындау, оны қорғау.
2.9 Білімді бағалау:
Ағымдық бақылау: тест, ауызша сұрау, тәжірибелік жұмыстың орындалуы, жағдайлық есептер, хаттаманы толтыруын тексеру.
Аралық бақылау: коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу.
Қорытынды бақылау: емтихан (тест түрінде), тәжірибелік дағдыларын қабылдау (ОҚТЕ).


Құралдар мен жабдықтар:
Құралдар: сәулелі, бинокулярлы микроскоптар, бактериологиялық анализатор, автоклавтар, термостаттар, құрғақ ыстықтың пештер, центрифуга, тоңазытқыштар, аквадистиллятор, бактерицидті шам, офистік қондырғылар және компьютерлер, ноутбук, мультимедиялық проекторлар, зертхана ыдыстары жуатын және залалсыздандыратын арнайы қондырғылар.
Жабдықтар: микробиологиялық зертхана жабдықтары және зертханалық ыдыстар (спиртовка, шпателдер, бактериалық петля, пробиркалар, шыны заты, жамылғы шыны заты, Петри ыдысы, колбалар, бұлынғыр стандарттар жинағы, пробиркалар үшін штативтер, стеклограф, микроорганизмдерді бояу үшін бояулар жинағы, микроорганизмдерді идентификациясын жасау үшін тест-системалары, флакондар, жағын-препараттарды бояуына арналған көпірі бар ыдыстар, иммерсиялық май, фильтр қағазы, дозаторлар, пипеткалар, қоректі орталар ж.т.б.), компъютерлік бағдарламалар, мультимедиялық оқулықтар, оқу құралы, оқу кестелері, слайдтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет