Антигендер– организм үшін генетикалық бөгде текті органикалық заттар. Олардың енуіне организм антидене түзілуімен немесе спецификалық иммунды статуспен жауап береді. Антигендер келесі қасиетке ие.
Спецификалық – организмдегі иммунологиялық байланыстармен ерекшеленеді. Ерекше арнайы қасиеті бар бөлшекті антигеннің детерминанттық құрайды, немесе эпитоп деп атаймыз. Бұл бөліктер молекула бетінде орналасып, ақуызды молекуланың антигенділігін білдіреді. Антиденелердің молекуласын, эпитоппен байланыса алатын антиденелер – антигеннің валенттілігін көрсетеді.
Өзге текті – өзге текті позитивті иммунды жауап пайда болған кезде байқалады. Ағзада кездеспейтін қасиеттерге ие. Өз антигендеріне ағза толерантты болып келеді.
Иммуногенділік және толеранттылық – антигенді субстараттың альтернативті қасиеті. Иммундық жауаптың индукциясына және толеранттылығына антигеннің лимфоцитке әсерін айтамыз. Бактериялық антигендер Н,О,К антигендермен ерекшеленеді. Талшықты Н – антигендер бактериальды талшықтар құрамына кіретін флагеллин ақуызынан тұрады, бұл қыздыру кезінде жойылады. Соматикаық О – антиген бактериалық жасушаның қабырғасымен байланысқан. О – антиген термостабильді, 1-2 сағат қайнатқанда сақталады. Капсулалы К – антигендер О – антигендерге қарағанда беткейде орналасады. Температураға сезімталдығына қарай К – антигендер: А, В және L – антигендерге бөлінеді. А – антигендер температураға ең тұрақтысы болып келеді, 2 сағат қайнатқанға тұрақты. К – антигендеріне Vi – антигендер жатады. Бұл антигендер тиф және энтеробактерияларда жоғары вируленттілікпен орналасады. Бактериальды токсиндердің антигендері де кездеседі. Сібір күйдіргісі кезінде бұзылған ұлпа эксудаттарында протективті антигендер табылған, олар жоғары антигенділік қасиетке ие, инфекционды антигендерге иммунитет қалыптастырады.
Вирусты антигендер – вириондардың жай антигендері мен олар байланысқан нуклеокапсидті антигендер, олар S – антигендер болып белгіленеді. Көптеген жай және күрделі вирустар ерекше беткейлі Vі – антигендерден тұрады. Оларда гемаглютинин және нейроаминидаза ферментінен тұрады.