Стафилококтар бізді қоршаған ортада, ауада, шаңда, адам терісінде ауыз мұрын қуысында, жарақаттарда кездеседі.
(Streftococcus) моншақ тәрізді тізіліп орналасады.
Стрептококтар қозғалмайды, споралары жоқ. Грам әдісімен бояғанда оң, физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімсіз.
Стрептококтардың көпшілігі аэробтарға және факультативті анаэробтардың қатарына жатады, бірақ арасында қатаң анаэробты түрі де болады. Организімнен бөлініп шыққан стрептококтар жасанды қоректік ортаға біртіндеп үйрене бастайды. Қоректі ортаға қан сарысуын, болмаса қан қосқанда көбеюі жақсарады. Стрептококтар келесі токсиндерді бөліп шығарады: (гемолизин, лейкоцидин, фибринолизин). Диффузды фактор ұлпа арасындығы кеңістіктен бактериялардың өтіуіне жәрдем береді.
Патогенді стрептококтардың патогенді емес стрептококтардан айырмашылығы қанды агарда гемолиз береді, және фибролинолитикалық белсенділікке ие.
Менингит өткір инфекциялық аурулардың қатарына жатады, қоздырғышы NEISSERIA MЕNINGITIDIS, ауа-тамшы жолымен таралып мұрын жұтқыншақ кілегей шырышты қабатында жергілікті қабынуды артынша менингитті септицемия (менингококцемия) және мидың жұмсақ қабықшасын қабындырады (менингококты менингитті шақырады).
менингококтар-дөңгелек пішінді диаметірі 0,6-1,7мкм жұптасып орналасады, жоғарғы жағы бір-біріне қараған, иілген тегіс орналасқан. Жасушалар полиморфты. Гр – жіпшелері жоқ, спорасы жоқ.
Қатаң аэроб, қоректік орталардан құрамында ақуыз қосылған, сарыуыз, қан сары суында жақсы өседі. Мюллер – Хилтон қоректік ортасында да жақсы өседі. РН – 7,2-7,4 қалыпты температура 37С, 30С -38С жақсы өседі. Жоғарғы концентрациясы СО2, ылғалдылық менингококк қоздырғышының өсуіне ықпалдандырады.
Қанды агарда нәзік дөңгелек жылтырақ күл түсті колониялар түзеді.
Биохимиялық- белсенділігі төмен. Глюкоза, мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Индол, күкіртті сутек түзбейді. Шартты патогенді нейссериялардан айырмашылығы сахарозадан крахмал тәріздес полисахаридтер түзбейді.
А,В,С,Д серологииялық тип түзеді. Патогенді А-тип, эпидемияның таралуын В-С типтері жекеленген инфекцияның таралуына алып келеді.
Негізгі патогендік факторы капсуласының барлығында, ол минингококты барлық факторлардың әсерінен, бірінші фагоцитоздан қорғайды. Менингокок-өте жоғары токсигендік қасиетке ие эндотоксин бөліп шығарады. Басқа потогендік факторларға, кірпікшелер, сыртқы мембрана аққуызы, гиалуронидаза, нейраминадаза жатады. Кірпікшелер жұтқыншақтың мұрын бөлімінің кілегей қабатына еніп қабыну процесін қоздырады.
Лабороториялық жануарлар минингококк қоздырғышын аз қабылдайды. Ақ тышқанға, теңіз шошқасына іш астар ішілік қабатына жібергенде жануарлардағы күшті интоксикация өлімге алып келеді. 11-18 апталық тауық эмбрионының аллоинтоис қуысына жібергенде 48 сағаттан кейін эмбрионның өліуіне алып келеді.
Инфекция тасушы науқас адам, бактерия тасушы.
1. топ генерализацияланған түрі (1%жалпы ауру ішінде).
2. топ назофарингит (10 -20% жалпы ауру ішінде).
3. топ дені сау тасушылар. Тұрақты иммунитет қалыптасады, қайта ауру аз кездеседі.
Бактериоскопиялық, бактериологиялық, серологиялық әдістер кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |