Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Қорытынды сұрақтар (кері байланысы)



бет191/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Стафилококтардың патогенділік қасиеті немен айқындалады?
2. Менингиттен кейінгі иммунитеттің түрі?
Дәріс № 17.
1.Тақырыбы: Асқазан-ішек жолдары ауруларының қоздырғыштары (эшерихиоз, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, тырысқақ).
2.Мақсаты: Студенттерге ІЖА-ның – таралу жолдарын, инфекция ошағын, инфекция көзін анықтау, науқастан тексеру мақсатта алынатын материалды таңдауды, микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезисі:
Морфологиясы -Энтеробактерия жанұясы Гр- таяқша, көлемі 1,5-0,8 мкм, қозғалмалы перетрих, кейбір түрлері капсула түзеді. Спора түзбейді. Микрокапсула полисахаридтерден тұрады (экзополисахаридтер). Капсула гидрофилді –құрамында көп мөлшерде су бар, ол бактерияның фагоцитозына кедергі жасайды, капсула бактерияны құрғап кетуден батериофагтардың әсер етуіне кедергі жасайды.
Дақылдылық қасиеті- жәй қоректік орталарда 37С жақсы өседі, Yersinia түрінен басқасы, факультатив анаэроб. Оксидаза теріс, каталаза оң. Энтеробактериялар кең спектірдегі биохимиялық белсенділікке ие. Энтеробактерияларды идентификация жасағанда Фогес- Проскауэр реакциясына қарай анықтаймыз, индолды өндіреді, мочевинаны ыдыратады эндотоксин яғни микроорганизм бұзылғаннан кейін бөлініп шығатын токсин түрін бөледі. Жанұяның кейбір түрлері ақуызды токсин өндіреді, цитотоксигендік және энтеротоксигенді қасиетке ие, кейбір жағдайда гемолизин бөледі. Белгілі бір түрлері антифагоцитарлық белсенділікке ие, яғни оған капсула, суперкапсид мутаза және аденилатциклаза, беткейлік ақуыздар және спецификалық антигендер кіреді.
Антиген құрылымы: Бактериялар соматикалық О-антиген, жіпшелі Н-антиген, капсулалы К-антиген түзеді.
Эшерихиялар-Echerichia. Ең маңызды түрі Е.coli 1885ж Т.Эшерих бірінші болып қоздырғышты тапты .Морфологиясы. Ішек таяқшасы ГР-, таяқша, перетрих, кейбір түрлерінің микрокапсуласы бар.Дақылдылық қасиеті. Қатты қоректік ортада S- R колониялар түзеді .
S-колониялары тегіс, жалтыр, жартылай мөлдір. Сұйық қоректік ортада лайланып көбейеді. Биохимиялық –қасиеті өте жоғары белсенді.Антиген құрылымы. E.coli күрделі антигендік қасиетке ие.
А) соматикалық О-антиген -171 түрі анықталған.
Б) беткей К-антиген (а, в,е,)антигендерге бөлінеді. 97-түрі бар.
В) типке тән Н-антиген 57-түрі анықталған.
Эпидемиологиясы. Инфекция тасушы ірі қара мал, ауру алиментар жолмен жұғады, ет арқылы, жақсы қайнатылмаған ет арқылы жұғады.Клиникасы. ЭПТ –бір жастағы балаларда диареяны шақырады, көп жағдайларда аурухана ішілік инфекция түрінде дамиды, көкірек жастағы балдарда жасанды тағаммен тамақтанатын балаларда кездеседі. ЭПТ-жіңішке ішектің эпителия беткейінде көбейеді, микроворсинкаларды бұзады, эпителидің апикальді беткейін зақымдайды.Иммунитет -қалыптаспайды
Микробиологиялық диагностикасы. Бактериологиялық, бактериоскопиялық, серологиялық әдістер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет