Vibrionoceae әулетiне жатады. Оның 4 туысы бар, туысының 25 - ке жуық түрi бар. Бұл спора, капсула түзбейтiн, қысқа иiлген немесе тiк, грам терiс таяқшалар, диаметрi 0,5 және ұзындығы 1,5-3,0 мкм қозғалады-монотрих. Вибрионда аэробтар және факультативтi анаэробтар болады. Тырысқақтың вибрионы қоректiк ортаны талғамайды. Ол 0,5-1% бар 1% сiлтiлi пептон суында жақсы және жылдам көбейедi. өскенде 6-8 сағаттан соң нәзiк сұр түстi пленка түзедi, шайқағанда оңай бузылып ыдыстың түбiне лайланып шөгедi.Сiлтiлi ЕПА-да жылтыр шыны сияқты мөлдiр, көгiлдiр дақтары бар диск тәрiздi қоймалжың консистенциялы колония түзедi.
Бактериоскопиялық зерттеу кезiнде тырысқақтан алынған зерттеу материалынан жұғынды дайындап, Грам бойынша бояп, “iлiнген тамшы” препараттарын дайындаймыз. Бактериологиялық зерттеу кезiнде материалды түрлi сұйық және тығыз қоректiк орталарға егедi. Екiншi этапта жұғынды жасап, Грам бойынша бояп қозғалғыштығын анықтайды, нитрозоиндолды тексеру және 0 – сарысумен шыныда агглютинациясын жасайды. Үшiншi этапта колонияның сипатына назар аударып, 0-сарысуымен және Инаба, Огава сарысуымен шыныға агглютинация реакциясын қояды. Дақылды идентификациялағанда бөлiнген дақылдың тырысқақ фагына сезiмталдығын анықтап, оның генотиптiк қасиеттерiн биохимиялық активтiлiгiн анықтайды.
Тырысқақты эксперсс-диагностикалау үшiн келесi әдiстердi пайдаланылады: 1. Тырысқақ сарысуымен және типтiк тырысқақ фагымен вибрионды иммобилизациялау нәжiстiң тамшысын немесе судың бетiндегi материалдан 0-сарысулы тырысқақпен, типтiк Огава және Инаба немесе типтiк тырысқақ фагтармен өңдейдi. Одан “жаншылған” тамшы препаратын дайындап микроскоппен қарайды. Қараңғы және вибриондардың қозғалысы тоқтайды. 2. Иммунофлюоресценттi әдiс. Зерттелетін материалдың препаратын флюоресцирлеушi тырысқаққа қарсы сарысуымен өңдеп, люминесценттiк микроскоппен зерттейдi. Препараттардан вибриондар ашық сары - жасыл түспен жылтырап көрiнедi. Вибрион тасымалдаушылықты анықтау үшiн, серологиялық зерттеу қолданып агглютинация реакциясы немесе РПГА қояды, сондай – ақ лизис реакциясы арқылы вибриоцидтiк антиденелердi анықтайды.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |