Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет195/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1.Эшерихиоз қоздырғышының аты?
2. Дизентерия қоздырғышының аты?
3. Тырысқақ қоздырғышының аты?
Дәріс № 18.
1.Тақырыбы: Зоонозды инфекциялардың (оба, туляремия, бруцеллез, сібір түйнемесі, лептоспироз ) қоздырғыштары.
2.Мақсаты: Студенттерге зоонозды инфекция қоздырғыштарының таралуын, жұғу жолдарын науқасқа микробиологиялық диагноз қою әдістерін талдап түсіндіру.
3.Дәріс тезистері:
Зоонозды инфекция қоздырғыштары оба антропозооноз, дене қызуының көтерілуімен өте айқын улану белгілерімен, терінің лимфа түйіндерінің өкпе және басқада мүшелер мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Франсиеллалар –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді. Бациллалар –адам және жануарларда кездесетін өте айқын улану белгілерімен өтетін, терімен лимфатикалық аппараттың зақымдалуы мен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
1.Y.pestis-оба қоздырғышы.Қоздырғыш спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды капсула түзеді.Факультативті анаэроб. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Қалыпты өсу температурасы 28 С, бірақ 2 ден 40С арасында да өсуі мүмкін. Қоректік орталарда өсуін жылдамдату үшін ортаға сульфит натриді, гемолизденген қан қосылады.Тығыз қоректік ортада 8-12 сағ сынған әйнек тәрізді колония түзеді,18-20 сағ соң R-формалы колония түзеді.Плазмокоагулазаны,фибринолизин, гемолизин, лецитиназаны, РНКазаны синтездейді, рамнозаны және сахарозаны ферменттемейді, декстринді ферменттейді.Термостабильді О-антиген және термолабильді капсулалы К-антигені бар. Адамның бұл ауруды жұқтыруы әбден мүмкін. Адам бүргенің шаққанынан кейін обаның бубонды түрімен ауырады, ауа арқылы өкпе түрімен ауырады. Аурудан кейін өмір бойлық иммунитет қалыптасады.Аурудың айқын клиникалық белгілері микробтық токсикалық ж/е септикалық әсеріне байланысты. Егер қоздырғыш тері арқылы организмге енген болса, онда енген жерде пустула, карбункул сияқты қабынулар пайда болады, яғни обаның терілік түрі байқалады. Обаның өкпелік түрінде жиі қабыну процессіне плевраның да қосылуы мен өтеді. Өкпеде серозды гемморагиялы, сосын некротикалық қабыну процесі пайда болады. Инкубациялық кезең 1-3 күнге дейін созылады. Обаның бубонды, өкпелі, септикалық түрлері болады.
Микробиологиялық диагностика. Бактериологиялық әдіс. Ол үшін бубоннан пунктант, ауыз жұтқыншақ шырышы, -қақырық.-қан.-пустула қоймалжыңынан.-ликвор.-секционды материал.-тірі кеміргіш,кеміргіштің мәйіті.-бүргелер.-су.-ауа алынады.
Алдын-алу, емдеу әдістері –этиотропты терапия, стрептомицин тетрациклин, левомицитин, аминогликозидтер тағайындалады. Ауыр түрлерінде стрептомицин мен левомицетин бірге тағайындалады. Бактериологиялық зерттеу бубонды түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 4 аптадан кейін, өкпелік түрінде дене қызуы қалыптасқаннан кейін 6 аптадан соң алынады.
Реконвалесценттер 3 ай бойы диспансерлік бақылауда болады.
Обаның эпидемиялық аймақтарында тұратын халықтар егілуі қажет, тірі обалық вакцина қолданылады, ол тері үстіне 1 рет егіледі, 7 жасқа дейін -1 тамшы, 10-60 жастағыларға 3-тамшы немесе тері астына 1 рет 0,5 мл. Осы әдіс бойынша 1 жылдан соң ревакцинация жасалынады.
2. Francisella tularensis –туляремия қоздырғышы болып жедел және созылмалы адамдарда және жануарларда ағзада қабыну процессін дене қызуының көтеріліуімен, интоксикациямен, лимфа түйіндерінің зақымдалуымен өтеді. Туляремия қоздырғышы өте майда /0,3-0,5 мкм/ полиморфты, ГР- таяқша, спора түзбейді, қозғалмайды, капсула түзуі мүмкін. Факультативті анаэроб. Әдеттегі қоректік ортада өспейді. Сары –уыз қосылған қоректік ортада қан+цистеин қосылған Франсиса ортасында жақсы өседі. Оптимальды температура 37-38 С,РН-6,8-7,4. Тауық эмбрионында, сарыуыз қапшығында жақсы өседі. Жасанды қоректік ортада бактерия аттенуациясы байқалады S – формадан R – формаға өтеді.Биохимиялық қасиеті- өте төмен, мальтоза глюкозаны қышқылға дейін ыдыратады. Антиген құрылымыО антиген, беткейлі VI-антиген түзеді. Бруцелламен антигендік туыстығы бар. R – формалы түрі Vі – антигенді, вируленттілік және иммуногендік қасиетін жоғалтады .Патогендік факторы. S- формалы колониясы вирулентті. Патогендік қасиеті қабықты антигендік комплекспен және эндотоксинмен байланысты. Лабораториялық жануарлардың ішінде теңіз шошқасы ,ақ тышқандар өте жоғары сезімтал.Аурудың патогенезінде қоздырғыштың лимфа жолымен таралуының маңызы өте жоғары. Микроб және оның токсині қанға өтіп бактеремияға алып келеді.
Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 3 аптаға дейін, 3-7 күн. Ауру жедел басталады кенеттен 38-39 С, қалтырау, бас ауру, организімнің улануы байқалады. Бубонды, жарақат-бубонды, көз-бубонды, абдоминальды, өкпелі, септикалы түрдегі клиникалық түрлері бар. 6% өлімге алып келеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Тексерілетін материал: қан, бубон пунктанты, жарақаттан жұғынды, көз коньюктивасынан бөлінген сұйықтық, қақырық.Бактериологиялық, биологиялық, бактериоскопиялық әдістерді қолданамыз. Романовский –Гимзе әдісімен бояалады. Серологиялық әдіс ТГАР, КБР, РИФ.
Аллергиялық әдіс. Тері ішіне, тері үстіне, екі енгізу түрінде де аллерген концентрациясы әр түрлі. Нәтижесі 24-36-48 сағ кейін тексеріледі. Оң нәтиже бергенде инфильтрат диаметрі 5 мм дейін болуы мүмкін.Емдеу әдісі. Антибиотиктер, стрептомицин, тетрациклинді қолданамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет