Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет187/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Иммунды жауаптың түрлерін атаңыз?
2. Иммунологиялық толеранттылық дегеніміз не?
3. Иммунды тапшылық қандай түрге бөлінеді?
Дәріс № 16
1.Тақырыбы: Жеке микробиологияның мақсаты мен міндеті. Грам оң және грам теріс коктар (стафилококтар, стрептококтар, менингококтар, гонококтар).
2.Мақсаты. Студенттерге стафилококтар, стрептококтар, менингококтар мен гонококтардың биологиялық қасиетін, микробиологиялық диагноз қою әдістерін үйрету.
3. Дәріс тезисі.
Коктар тобына шар тәріздегі стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар, пневмококтар, пептококтар, вейлонеллар кіреді. Тыныс алу түріне қарай аэробты, микроаэрофильді, факультативті анаэробты, қатаң анаэробты коктар болып бөлінеді.
Стафилококтар Staphilacoccus тегіне жатады, өзінің ішіне келесі түрлерді кіргізеді.
1:Staf.aureus.
2:S.epidermidis.
3:S.sаprophiticus.
Бұл бактериялар факультативті анаэроб коктар қатарына кіреді жұғындыдан алынған таза дақылда моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.
Коктар морфологиялық қасиетіне қарай және ауру қоздыру қасиетіне қарай да бір-біріне ұқсас келеді .
Аталған коктар іріңді қабыну процесін қоздырады. Іріңді-қабыну аурулары- хирургиялық аурулардың 35-40%, әр 3/ауру іріңді қабыну процесімен ауырады. Іріңді қабыну процесі тек қана хирургиялық, акушер-гинекологиялық, отолорингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық ауруханаларда да кездеседі.
Әдеби мәліметтерге сүйенсек 25-50% іріңді қабыну процесін коктар қоздырады.
Гр +бактерия, шар тәрізді диаметірі 0,5-1,5 мкм жүзім сабағына ұқсас орналасады.
Жасуша қабырғасының негізгі компоненті пептидогликан, рибитейхой және глицеринтейхой қышқылы болып табылады .
Негізгі қоректік орталары сары-уызды тұзды агар, қоректік ортада крем түсті бұлыңғыр дөңгелек сары түсті колониялар түзеді.
Колониялардың түсі липохром пигментінің барлығымен түсіндіріледі, оның түсінің сары түске енуі оттегі бар қанды, көмірсутегі, болмаса сүтті қоректік орталарда байқалады.
Қанды агарда колониялар гемолиз зонасын түзеді.
. Б/Х активтілігі (белсенді ) каталазаны өндіреді Фогесс-Проскауэр реакциясы оң, нитратты нитритке болмаса азотқа дейін қалпына келтіреді.
Антигендік құрылымы күрделі. Түріне тән АГ –болып тейхой қышқылы болып табылады.
S aureus - рибитейхой қышқылы
Sepidermidis–глицеринтейхой қышқылы S. saprophyticus – 2 қышқылды да өзінде сақтайды.
Патогенді факторлары болып стафилококтардағы микрокапсула, жасуша қабырғасының компоненттері, агрессия және токсиндік ферменттер.
Микрокапсула-бактерияларды полиморфоядролық фагоциттермен фагоцитоздан қорғайды, микробтардың адгезиясына және микроорганизмдердің ұлпа арасына таралуына алып келеді.
Ет сорпалы пептонда біркелкі лайлану байқалады.
Стафилокок төмендегі қасиетке ие токсин бөліп шығарады.
1. қасиет гемотоксиндік – эритроциттерді лизиске алып келеді.
2. лейкоцидин лейкоциттерді жоюшы
3. некротоксин-ұлпаны некрозға алып келеді
4. летальді токсин- жануарларды өлтіруші қасиеті
5. энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Пигмент түзу түріне қарай
1 Stafilococcus aureus – алтын түсті пигмент
2 Stafilococcus albus – ақ түсті пигмент
3 Stafilococcus citreus – лимон сары түсті пигмент
Адамдарда жиі патогенді қасиетін көрсететін стафилокок түрі бұл алтын-сары түсті стафилокок.
3 топқа бөлінеді.
1 патогенді.
2 шартты патогенді
3 патогенді емес (сапрофитті)
Патогенділік белгісі болып маннитті ыдыратуы, гемотоксин, некротоксиннің барлығы патогенділік көрсеткіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет