Жұмыс бағдарламасы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2210 Мамандық: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»



бет211/224
Дата01.11.2022
өлшемі2,51 Mb.
#156075
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   224
Байланысты:
Микробиология-ҚДС-2-курс-каз

Жел шешек-антропонозды жедел респираторлы вирусты қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, бүкіл дененің ноқатты түйінді бөрітпесімен көрінетін жұқпалы ауру.
Жел шешектің қоздырғышы ДНҚ-лы адам герпесінің 3-ші типіне жататын вирус. Қоршаған ортада тез өледі, әсіресе жоғарғы температураға төзімсіз, 50-52 С температурада 30 минуттың ішінде жойылады. Төменгі температураға төзімді. Инфекция көзі тек қана ауру адам .Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 10 күннен 21 күнге дейін созылады, орташа 21 күнге дейін созылады. Ауру адам айналасына инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен бастап, бөртпе кезеңінің барлығында қауіпті. Қауіптілік кезеңі соңғы бөртпе пайда болғаннан кейін, 3-5 күні аяқталады. Қоздырғыштың негізгі берілу механизмі – ауа тамшы.Диагностикасы. Вирусологиялық және серологиялық зерттеулер арқылы дәлелденеді.Емдеу принциптері. Симптоматикалық.
Эпидемиялық паратит- антропонозды жедел респираторлы вирусты, қоздырғышы аспирациялық механизммен берілетін ,жалпы интоксикациямен сілекей бездерінің, кейде басқа аралас бездердің зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы РНҚ-ды вирус . S-VI- антигендері бар. А,В,С, және Е генотиптері анықталған, гемолиздеуші гемагглютинациялаушы және нейроаминидаза белсенділігі бар. Вирус төменгі температурада 25—75 С жылдар бойы сақталады. 55-60 С 22 минуттың ішінде өліп болады. Вирус тауық эмбрионында көбейеді.
Вирус организмге мұрын- көмекей кілегей қабаты арқылы енеді. Сол жерде вирус көбейіп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Негізгі зақымданатын құлақ маңының сілекей бездері. Вирус енгеннен кейін , сол жерге тұрақтамай бірден қабырға өзегі арқылы құлақ маңының сілекей безіне өтіп , сол жерде көбеюі мүмкін .Вирус сілекей бездерімен қатар ұйқы безі, қалқанша без , жыныс бездерін, ми және басқа органдарға еніп қабынуды туғызады./ орхит, панкреатит, менингит, бартолинит .
Лабораториялық диагностикасы. Вирусологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Вирус сілекейден жұлын сұйықтығынан 4-5 күндері, зәрден 9-10 күндерге дейін бөлінеді. Серологиялық әдіс КБР,гемагглютинацияны тежеу реакциясы , ИФА
Емдеу әдісі. Симптоматикалық.
Профилактикасы. 12-айлығында вакцинация ,ревакцинация 12-жасында жүргізіледі.
4.Иллюстрациялық материалдар: кесте, схема, плакаттар, мультимедиялық жүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   224




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет