Электронды ресурстар:
1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).
2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Қорытынды сұрақтар (кері байланысы):
1. Сіреспе қоздырғышының патогендік факторы?
Дәріс №24
1.Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің вирустық ауруларының қоздырғыштары(ортомиксовирустар,парамиксовирустар, аденовирустар.
2.Мақсаты: Студенттерге респираторлы вирустық инфекцияға вирусологиялық диагноз қою әдістерін және алдын-алу жолдарын, емдеу әдістерін үйрету.
3.Дәріс тезистері.
Ортамиксовирустар(Orthomyхoviridae)-жанұясына кіреді,РНҚ түзуші күрделі құрылымды вирустар. Грек тілінен аударғанда orthos –тікелей, myха-кілегей деген мағынаны береді.Парамиксовирустар (Paramyхoviridae) – жанұясына кіреді РНК түзуші вирустар. Жанұя құрамына респираторлы – синтициальді вирустар, қызылша, паратит , парагрипп кіреді. Олар аэрогенді жолмен жұғады.
Грипп қоздырғышын бірінші рет 1933 ж. У. Смит, С. Эндрюс, Лейдлоу тапқан , қоздырғыш РНҚ түзуші миксовирустарға жатады. Антигендік биологиялық қасиеті бойынша вирус А,В,С, түрге бөлінеді. Серологиялық түрлеріне қарап А1,А2, В және В1 типтері бар. Муха-кілегей деген мағынаны береді. Электронды микроскопта грипп вирусы домалақ пішінді өлшемі 100-125 нм,кейде жіп тәрізді өседі вирион ортасында нуклеокапсид орналасқан. Капсидтің негізін ақуыз нуклеопротеидтер және ақуыздың полимеразды комплексі түзеді. Нуклеокапсид матриксті және мембраналық ақуызбен қоршалған, вирус бөлшектерін жинауда қатысады. Бұл құрылымның беткей қабатында суперкапсид орналасқан – сыртқы липопротеид қабығы –грипп вирусының эфирге сезімталдығын қамтамасыз етеді. Липопротеин қабықшасы жасушалардан түзілген, олардың беткей қабатында ұзындығы 10 нм өсінділері бар. Өсінділер екі күрделі ақуыздан түзілген; 1.гемаглютинин 2. нейраминидаза.
Микробиологиялық диагностикасы. Риноцитоскопиялық әдіс жәрдемімен бірнеше сағат ішінде диагноз қою мүмкін. Вирусологиялық әдіс. Экспресс диагностика ИФА. Емдеу үшін химиопрепараттар амантадин ремантадин тек қана Грипп А вирусына әсер етеді.
Алдын- алу үшін вирустың аттенуирленген тірі вакцинасын, Цельновирионды өлтірілген вакцина, Субвирионды вакцина, Суббірліктік вакцина құрамында тек қана гемагглютинин және нейрааминидаза бар. Қызылша- morvilli –корь- антропонозды, жедел респираторлы, вирусты, қоздырғышы ауа-тамшы механизмімен берілетін, денеде сатылы дамитын бөртпемен, энантемамен және тыныс жолдарының зақымдалуымен көрініс беретін жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы РНҚ –ды парамиксовирус . Вирионның гемагглютинациялаушы, гемолиздеуші және симпласт түзуші белсенділігі бар. Вирус штаммаларының ішінде антигендік әртүрлілік жоқ. Вирус +58 С температурада жойылады. Қоршаған ортада 30 минуттан артық сақталмайды. Төменгі температураға (-70 С) төзімді, -15-20 С температурада жақсы сақталады.
Инфекция көзі тек ауру адам. Ауру адам бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн бұрын және бөртпе пайда болғаннан кейінгі 4 күн бойына айналасы үшін қауіпті. Инкубациялық кезең 8-17 күн, әдетте 9-10 күн. Гаммаглобулин енгізілгендерде 28 күнге дейін созылуы мүмкін.
Қоздырғыштың берілу механизмі – ауа тамшы. Ауа – шаң жолымен берілуі мүмкін емес.
Организмге вирус тыныс жолы арқылы еніп, одан аймақтық лимфа түйіндеріне өтіп, лимфа түйіндерінде көбейеді. Залалданудың 7-8 күндері вирусемия шарықтап, сосын қайта бәсеңдейді. Қызылшаның инфекциялық процесіне тән ерекшелік – бұл лимфатикалық ақпараттың және аралық тіннің дегенеративтік зақымдануы. Яғни зақымдану өкпеде ,мида ,ас қорыту жүйесінде т.б. мүшелер мен тіндерде болады. Бөртпе пайда болғанға дейінгі 1-2 –ші күні науқастың ұртында айналасы қызарған ақшыл ноқат Филатов –Коплик ноқаты анықталады. Денеде бөртпенің сатылы пайда болуы мен морфологиялық сипаты қызылшаның клиникалық көрінісінің басты айырмашылығы болып табылады. 3-4 күннен кейін бөртпе бозарып, одан әрі қоңыр- қошқыл пигмент пайда болып ,ол қабыршақтанып түсе бастайды.
Серологиялық зерттеу.-гемагглютинацияны тежеу реакциясы, қазіргі күнде қолданылатын иммуноферменттік талдау,полимеразды тізбекті реакция. Бұл тәсілдер жедел инфекцияны диагностикалау үшін де, вакцинация нәтижесін бағалау үшін де қолданылатын сезімтал, арнайылығы жоғары тәсілдер.Иммундық алдын-алу. 12 –айлығында және 6 жасында тері астына 0,5 мл жасалады.Емдеу принциптері. Сиптомдық ,антибактериалды ем асқыну белгілері пайда болғанда тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |