6.Бақылау сұрақтары:(кері байланыс)
Адам геномын анықтау (2000 – 2003жж.);
ДНҚ диагностиканың жаңа әдістері және олардың медицина үшін маңызы;
Генетиаклық – инженериялық технологиялар;
Клондау;
5. Трансгендік ағзалар;
№4
1.Тақырыбы: Жасуша органнеллалары және цитоплазманың функционалдық компоненттері және молекулалық құрылысы
2.Мақсаты: Жасушаішілік құрылымдар мен биомембраналардың құрылысы және қызметі туралы түсінік беру.
3.Дәріс тезистері: Жасушаның негізгі 3 компоненті бар: биомембранасы, биомембранасы және ядросы.
Органеллалар дегеніміз жасушада үнемі, тұрақты түрде кездесетін, белгілі бір құрылысқа ие және нақтылы қызметтерді атқаратын құрылымдар.
Ядро (nucleus) –жасушаның ең үлкен органелласы. Оны 1931 ж. ағылшын оқымыстысы Р.Броун ашқан. Ядро пішіні домалақ, кейде сопақша тәрізді болып келеді. Ол жасушаның ортасына жақын орналасқан, өлшемі-10-25 мкм шамасында.
Ядро-ядро қабықшасынан, ядро матриксінен, хроматиннен, ядро шырынынан (кариоплазма) және бір немесе бірнеше ядрошықтардан тұрады.
Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бірі. Оның пішіні түрліше болып келеді: таяқша тәрізді, домалақ, сопақша, гантель тәрізді т.с.с., ал өлшемі 0,5-7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат қабықшадан, матрикстан тұрады. Митохондриялар жасушаның энергетикалық орталығы болып саналады, себебі бұл жерде органикалық заттар молекуласы ыдырайды және энергияның әмбебап көзі-аденозинтрифосфат (АТФ) синтезделінеді.
Эндоплазмалық торды өте ұсақ, қос қабат мембранамен шектелген және гиалоплазманы өне бойына тарамданып тесіп өтіп, торланып орналасқан, цитоплазманың үлкен көлемін алып жатқан микроарнашақтар мен микроқуыстар жүйесі болып табылады.
4.Иллюстрациялы материалдар:
Жасуша мембранасының құрылымдық-химиялық сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |