ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
«Бекітемін»
Оқу -әдістемелік жұмысы және тәрбие ісі жөніндегі проректоры
м.ғ.д., Анартаева М.Ұ.
_________________________
«____»_________________2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы
Пән: Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен
Пән коды: MBOMG 1201
Мамандық: 051103 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 45сағат (1-кредит)
Оқытылатын курс пен семестр: 1 - I
Шымкент -2013
Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедрасында 2006 жылғы МЖМБС және 2009 жылғы 051103 «Фармация» мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Биохимия, биология және микробиология кафедрасының мәжілісінде талқыланды, хаттама № « » 2013ж.
Кафедра меңгерушісі: Есіркепов М.М.
Фармацевтикалық пәндер бойынша желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды, хаттама № « » 2013 ж.
Төрағасы: Патсаев А.Қ.
Әдістемелік Кеңесте бекітілді, хаттама № « » 2013 ж.
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе: Молекулалық биология ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалдық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және дамуын, оларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселелерін де зерттейді.
Медициналық жоғары оқу орындарындағы білім берудің интеграциялық ұстанымына сәйкес молекулалық биология пәнін оқып үйрену жасушаның құрылысы мен қызмет етуінің, гендердің экспрессиялануының реттеуінің, матрицалық синтез, сигналдарды өткізу тетіктерін түсінудің молекулалық негіздерінің базасын қалыптастырады.
Ал, бұл өз кезегінде, қалыпты тіршілік ету және көптеген аурулардың пайда болу себептері болып табылатын гендік және храмасомалық мутациялардың молекулалық тетіктерін ұғыну үшін қажет.
Осындай түбегейлі дайындық І – курстан бастап студенттерде клиникалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биология мен медициналық генетика пәнін оқып үйреніп тіршілік процестерінің бұзылуының молекулалық және жасушалық тетіктерінің негіздерін және олардың патологиялық құбылыстардың пайда болуы мен байқалуындағы рольдерін, сол – сияқты қазіргі кездегі молекулалық–генетикалық диагностикалық және алдын алу әдістемелерін ұғынады.
Бұл биологиялық химия, физиология, патологиялық физиология пәндерді оқып – үирену үшін теориялық база қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |