2.2 Пәннің мақсаты: Ағзалар тіршілігінің негізгі молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктері және оларды клиникалық практикада қолдану туралы студенттердің қазііргі заманға сай білімдерін қалыптастыру.
2.3 Оқытудың міндеттері:
кең таралған ауруларды тиімді анықтау (диагностика), алдын алу және емдеу мақсатында адам ағзасының қалыпты тіршілігінің және патологияларының дамуының молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролін ұғынуды қалыптастыру;
теориялық және фармацияда заманауи молекулалық – генетикалық әдістерді және технологияларды қолданудың негізгі принциптерін қалыптастыру;
молекулалық – генетикалық зерттеулер жетістіктерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру;
тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен деректердің электрондық базаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі: Студент міндеттері:
Білуге қажет:
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен тетіктерін және олардың тұқым қуалайтын патологиялармен туа біткен ақаулықтардың дамуындағы ролін;
молекулалық-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптерін:
халықаралық тілдегі молекулалық – биологиялық және генетикалық терминдерді.