Дәріс және семинар сабақтарын жүргізу ЖАДНАМАСЫ Құрастырғандар: псих.ғ.к., доцент Ли Е.П
психология магистрі Ихсанова Д.Т.
АЛМАТЫ 2012 1 ДӘРІСТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ
Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі. Дәрістің басты мақсаты – баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету.
Дәрістің әдістемелік құралдары болжайды:
курс мазмұнының және әрбір дәрістің тұтастығы мен дидактикалық негізделуі (жүйелік, материал мазмұнының логикалық құрылуы, кіріспе және қорытынды бөлімнің болуы және т.б.);
ЖМ оқытушысының кәсіби этикалық ережелерін сақтауға негізделген лектордың студенттермен қажетті қарым-қатынасты жүзеге асыруы (олар аудиторияда талап қоюшылық пен жағымды қатынас орнатуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, курс материалдарын баяндауға түрлі дидактикалық әдістерді пайдалануға, мысалы, баяндаманың айқын әрі жеткілікті болуы, аудитория назарының дәріс курсының негізгі сәтіне аударылуы, заңдылықтар, оқиғалар мен құбылыстардың нақты ашылуы және түсіндірілуі, ғылыми терминологияның анықтығы, дәріс мазмұнының еркін стилі, оқу материалдарын игерудегі қиын мәселелерді түсіндіру әдістерін тиімді пайдалану, тыңдаушының қызығушылығы мен белсенділігін көтеру тәсілдеріне бағытталған зейін түрлері және т.б.);
жаңа оқыту әдістерінің әдістемелік тәсілдері мен элементтерінің рационалды сәйкескелуі (диалог, эвристика элементтері және т.б.);
қосымша оқыту құралдарын әдістемелік негізделген және тиімді пайдалану (көрнекі құралдар және т.б.);
ЖОО дәрісті дайындау және жүргізуде келесі талаптарды ескерген жөн:
дәріс мазмұнының типтік және оқу жұмыс бағдарламасына (силлабусқа) сай келуі;
студенттердің зейінін жетекші идеяларға аудару;
дәрісте ғылыми және педагогикалық ойлардың жаңа жетістіктерінің, нақты мәселені қарастыру жетістіктерінің көрініс табуы;
ішкі және пән аралық логикалық байланыстың жүзеге асуы, дәріс мазмұнының, студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының әрқалай түрлері мен координациясы;
түрлі әдебиеттерді пайдалану және дәрісте қойылған мәселеге байланысты түрлі көзқарастардың бейнеленуі;
дәріс барысында дәстүрлі, продуктивті және репродуктивті жұмыс түрлерінің өзара әрекеті;
лектордың материал мазмұнын еркін игеруі;
тыңдаушылар зейінін тұрақтандыру;
қосымша тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану;
алдыңғы дәріс сабақтарында игерген материалды тексеруді жүзеге асыру; тексерудің түрлі формалары;
аудиторияны безендірудің эстетикалық талаптарға сай болуы;
аудиторияда сабақты ұйымдастыру барысында санитарлы-гигиеналық ережелердің сақталуы.