2 ЖОО СЕМИНАР ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЖАДНАМАСЫ
ЖОО оқу жұмысының негізгі түрінінің бірі семинар сабағы болып табылады, ол көп жағдайда студенттердің өзіндік жұмысын және ойлау деңгейін кеңейтеді. Олар дәрісте алынған білімдерін кеңейту мақсатында қолданылып, студенттің өз пікірін білдіретін талас сұрақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Семинар сабақтарын жүргізу үшін педагог келесі талаптарды ескеруі тиіс:
семинар сабағы барысында талқыланатын жағдайларды анықтау үшін мәселелік, кілттік сұрақтарды бөліп алу;
семинар сабақтарының тақырыбын жүйелі ұйымдастыру, олардың өзара байланысын анықтау;
нақты мәселені ашатын ғылыми жұмыс шеңберін анықтау;
сұрақтарға байланысты пікір-талас ұйымдастыру:
негізгі баяндамашының және оның қарсыластарының көзқарасын анықтау;
мәселені қоюды кеңейту жолымен аудитория назарын белсендіру;
• семинар сабақтарындағы шығармашылық және ойын элементтеріне кіріспе;
теориялық және практикалық талқылаулардың өзара байланысы;
семинар сабағының барлық сұрақтарын жалпылау мен қайталауды ұйымдастыру;
семинар сабағы шеңберінде қорытынды жасау;
осы семинар сабағының келесі сабақпен байланысы туралы қосымша ақпарат беру;
келесі сабақта тыңдалатын ақпаратқа дайындалуды ұйымдастыру.
Практикалық сабақтың орындалуы осы ғылымды теориялық меңгеру мен оның практикада қолданылуының арасындағы маңызды түйін болып табылады. Олар студенттердің өзбетінше жұмыс істеуінің дамуына, оқу материалын белсенді түрде игеруге көмектеседі, болашақ маманның кәсіби сапаларын қалыптастырудың алғышарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |