кең таралған ауруларды тиімді анықтау (диагностика), алдын алу және емдеу мақсатында адам ағзасының қалыпты тіршілігінің және патологияларының дамуының молекулалық – генетикалық және жасушалық тетіктерінің ролін ұғынуды қалыптастыру;
теориялық және клиникалық медицинада заманауи молекулалық – генетикалық әдістерді және технологияларды қолданудың негізгі принцептерін қалыптастыру;
молекулалық – генетикалық зертеулер жетістікерін медицинада қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру;
тұқым қуалайтын аурулар туралы ғылыми әдебиеттер мен деректердің электрондық базаларын қолдану дағдыларын қалптастыру.
4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Студент міндетті: Білуге қажет:
тұқым қуалаушылық материалдың гендік, хромосомалық, геномдық деңгейлердегі құрылымдық қызметтік ұйымдасуын;
қалыпты және патологиялық жағдайларда жасушааралық әрекеттесулердің, мембрана арқылы заттар мен сигналдардың өткізілу тетіктеріндегі биомембраналар ролін;
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің пайда болу себептері мен тетіктерін және олардың тұқым қуалайтын патологиялармен туа біткен ақаулықтардың дамуындағы ролін;
молекулалық – генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі принциптерін:
халықаралық тілдегі молекулалық – биологиялық және генетикалық терминдерді.
Жасай білу қажет:
Аурулардың даму тетіктерін түсіндіру үшін молекулалық – генетикалық білімді пайдалануы, адамдардың кең таралған тұқым қуалайтын ауруларын ажырата білуі:
хромосомалардың әр түрлі типтерін, адамдардың қалыпты және патологиялық кариотиптерін ажырата білу;
арнайы анықтама материалдарын, молекулалық – биологиялық және генетикалық терминологияларды, деректердің электрондық генетикалық базаларын қолдана білу.