Фосфолипидтер – бұл құрамында фосфаттық қалдық болатын, келесі 4 компоненттен тұрады: спирт, май қышқылдары, фосфат, полярлық топ. Полярлық топ серин болса – глицерофосфолипид фосфатидилсерин, холин болса – фосфатидилхолин, этаноламин болса – фосфатидилэтаноламин және т.б. деп аталады.
Қызметі: Мембрананың құрылымдық компоненті. Фосфатидилхолин ЛП элементі, сурфактант компоненті, альвеолалардың жабысуын болдырмайды. Шоғырланған жері: Жасуша мембранасы. ЛП бетін-егі моноқабат. Өкпе альвеола-сы.
Гликолипидтер (ГЛ) - олар сфингозиннен, май қышқылдарынан және қандай да бір көмірсулардан тұрады. Егер СФЛ-дағы фосфор қышқылының орнына көмірсу орналасса, ол гликолипид болады. Гликолипидтер де гидрофильдік және гидрофобтық бөліктерден тұрады.
Қызметі: Жүйке ұлпасы мембрана-сының компоненті. әртүрлі торшалар бетін-дегі антигендік құрылым, рецептор, торша әсерле-рін қамтамасыз ететін құрылымдар.
Шоғырланған жері: Жасуша мембранасының сыртқы қабаты.
№7 дәріс
Тақырыбы: Пигмент алмасуы бұзылыстарының зертханалық диагностикасы.
Мақсаты: Өт пигменттерінің алмасуының патологиясы, өт пигменттері алмасуының көрсеткіштерінің клиниалық-диагностикалық маңыздылығы, сарғаюдың зертханалық - дифференциальдық диагностикасы;
Бауыр тінінің морфологиясы. Жуық шамамен бауыр торшаларының 80%-ын гепатоциттер және 15%-ын эндотелиальдық торшалар, ал олардың 40%-ын купфер торшалары құрайды. Гепатоциттердiң бiр бөлiгiндегi бетi синусоидтық қанмен өзгерiске түскен капилляр жанасады, ал екiншi бөлiгi өт каналдары арқылы өт қапшығымен жалғасады. Бауыр арқылы минутына 1,2 л қан ағылады, оның 70%-ы қақпалы вена арқылы асқорыту трактiсiнен түседi. Бауырдың әрбiр торшасында 400-ге жуық митохондриялар болады және олар тотықтырғыш және гидролиттiк ферменттерге (липаза, амилаза, фосфорилаза, каталаза, цитохромоксидаза, дегидрогеназа және т.б.) бай болады.
Бауырдағы алмасу процестерiн зерттеу. Ангиостомия әдiсi (Лондон ұсынған. Бауырға ағылып келген және бауырдан шыққан қанның құрамын анықтау арқылы) жүргiзiледi. Соңғы кезде, бауыр пункциясы, радиоактивтi изотопты қолдану және ядро, микросома, митохондрия, лизосома, эндоплазмалық ретикулумдағы алмасу процестерiн зерттеуге мүмкiншiлiк беретiн дифференциялдық центрифугалау әдiстерi кең қолданылып жүр.
Бауырды ағзадан алып тастаған жағдайда, 5-6 сағаттан соң шұғыл гипогликемиялық қалып пайда болады. Егер бұл кезде глюкоза екпесе, ағза өледi. Бiрақ глюкозадан соң да 20 сағат аралығында қандағы аммиак деңгейiнiң жоғарылауы нәтижесiнде (мочевина түзiлуiнің кенеттен өте төмендеуi) өлуге әкеледi.
Бауыр аурулары.
Негiзгi бауыр ауруларына бауыр циррозы мен бауырдың майлы инфильтрациясы (бауырдың майлануы) жатқызылады. Бауыр қызметiнiң жетiспеушiлiгiне ықпал ететiн этиологиялық факторларға өндiрiстiк улар (фосфор, сынап, қорғасын, бензол, фенол және т.б.), кейбiр дәрiлiк препараттардан барбитураттар, сульфаниламидтер, антибиотиктер (биомицин, тетрациклин) жатқызылады. Аталған факторлар бауырдың қызметiн бұзады, кейде бауыр циррозына әкеледi.
Сонымен бiрге, әртүрлi микробтар мен вирустардың ағзаға енуi нәтижесiнде пайда болған гепатит те бауыр циррозына әкелуi мүмкiн.
Бауырдың гистологиялық циррозы оның торшаларының дегенерациясы нәтижесiнде, қайтадан атиптiк регенерациясында дәнекерлiк ұлпасының өте көп мөлшерде ұлғайып өсуi арқылы және соның нәтижесiнде, бауыр тыртықтарының түзiлуi мен диффуздық әжiмдердiң пайда болуы арқылы сипатталады. Бауыр циррозында оның қызметiнiң барлығы да нашарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |