Студенттердің адамзат қоғамының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және адамгершілік салалардағы білімді Қазақстанның дүниежүзілік тарихтағы ролін ерекше назарға ала отырып меңгеруі;
Студентерді отансүйгіштікке, өз Отаны- көпұлтты Қазақстан мемлекетін құрметтеуге, өзара түсіністік, толеранттылық, адамдар және халықтар арасында ауызбіршілік идеясына сәйкес заманауи қоғамдағы демократиялық құндылықтар бағытында тәрбиелеу.
Азаматтық пен ұлт теңдігіне тәрбиелеу, оқушылардың дүниеге көзқарасын олардың мәдени, рухани, этноұлттық салт-дәстүрлер, адамгершілік және әлеуметтік қағидалардың, идеологиялық доктрині негізінде дамыту.
Студенттердің бойында тарихи принцип пен оның динамикасын, өзара байланысы мен өзара шарттастығын басшылыққа ала отырып, кешегі мен бүгінгіні танытатын әртүрлі ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сараптама жасау қабылеттерін дамыту.
Студенттердің бойында тарихи білімдерін заманауи қоғамдық құбылыстардың мәнін түйсіну, өзге адамдармен заманауи саяси-мәдени, полиэтникалық, көп конфессиялы қоғамда қарым-қатынасқа түсу қабылетін қалыптастыру;
Тарихи түйсінуді қалыптастыру-оқиғалар мен құбылыстарды олардың тарихи жағдайларына байланысты қарай қарастыру қабылетін, тарихи жағдайлар мен тұлғалардың әртүрлі жорамалдары мен берген бағаларын, өз көзқарасы мен принциптерін қалыптасқан тарихи дүниетанымдық жүйемен салыстыру, өткен мен бүгінгінің мәселелерін талқылауда өзіндік қатынастарын анықтау;
Тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу, кешенді сараптауды білу мен жүзеге асыруды үйрену;
Студент бойында бұрынғы немесе жақында өткен кезеңнен маңызды әрекетер нұсқасын іздей отырып, өмір сүруге үйрену қажеттілігін қалыптастыру.