Оқушы бар зейінмен тыңдайды, жазады, көрсетеді. Өзін- өзі бағалайды, жеке топтың, бірлескен ұжымымен жұмыс жасауға құлшынады, ізденушілікке, ұжымдарды, заңдылықтарды қорытуға дәлелдеуге үйренеді., белсенділігін арттырады, сапалы білімге ұмтылады, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жақсара түседі.
Мақсаты:
“Нені дамыту керек” деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін қабылдауы мен ынтасын , зейінін, есте сақтауын ұғыну, ойлау, қиялдау болжау қабілеттерін ашу. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін – өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру.
Тақырыбы: Тіл – әдебиет сабақтарында дамыта оқытудың әдістерін қолдану
Сыныбы: V
Пәні:
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Фразеологизмдер туралы алған білімдерін тереңдету.
Ә) Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу
Б) Дамытушылық: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың дағды, таным
белсенділігін арттыру.
Сабақ түрі: танымдық және жарыс сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап (түсіндіру, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс, мәтін құрастыру)
Көз ілмеді – Түн ұйқысын төрт бөлді. Кірпігі айқаспады, көрер таңды көзімен атырды, ұйықтамады.
Жұмған аузын ашпады.
Төбе шашы тік тұрды
1 -қатар: Бет жақ қатынасына қарай айтады. Мәселен, бетің бар, жүзің бар демейді, тура айтады, бетінен оты шықты – ұялды.
2-қатар: Сөздің қатысына қарай айтады. Мысалы.: көздің жауын алады, әдемі , көркем, көзінің жасы көл болды – жылады, уайымдады.
3- қатар: Мұрын, езу қатысына қарай айтады. Мысалы, Танауы тасқа тиді, - жолы болмады, Мұрнына су жетпеу, - уақыты болмады, “Екі езуі екі құлағына жетті – қуанды. ”
4- қатар: Тіл мен тістің қатысына қарай айтады. Мыс: Тілімірдің ағындай – өткір, шешен, тісінен шығармады – айтпады.
Сурет бойынша жұмыс. Адамның портреті ілінеді. Адамның бет –әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы т.б қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты тіркестер ойлау.
(ойлау түрінде кім көп айта алады?)
Төрт түлік малдың суреті ілінеді. Төрт түлік мал, олардың жеке түрлерімен байланысты толып жатқан тұрақты тіркестер бар.
Жыл мезгілдерінің суреті ілінеді.
Дәптермен жұмыс:
121 - жаттығу.
“Менің досым “ тақырыбына партада қатар отырған екі оқушы бір – біріне мінездеме жазады. Ішінде тұрақты тіркестері болуы керек.
Осы үлгіде төрт қатардан ең үздік оқушыларға ішінде тұрақты тіркестері бар, мәтін құрастыру тапсырылған, сол әңгімелер оқылады.
“Менің анам” –
“Асыл әжем” – (Ақмарал)
“Саяхат” – (Ерік)
“Ана мен бала” – (Алтынай)
Оқыған мәтіндердің ішінде кездескен тұрақты тіркестер талданады. Мағыналары ашылады.
Венн диаграммасын құрғызу. Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің айырмашылығы, ортақ белгілері табылады.
Еркін тіркес
Ортақ белгілері
Тұрақты
тіркес
Пәнаралық байланыс: Орыс тілімен байланыстыру 1. Рано – ни свет, ни зоря 2. Недалеко – в двух шагах 3. Быстро – сломя голову 4. Исчез – как сквозь землю провалился Мысалы: Мой дед просыпался рано. Мой дед просыпался ни свет, ни зря. Я живу недалеко от школы Я живу в двух шагах от школы Мальчик бежал быстро. Мальчик бежал сломя голову. Мой друг куда то исчез. Мой друг сквозь землю провалился. Оқушы білімін бағалау. Үйге тапсырма: Тұрақты тіркес туралы қайталау “Менің мектебім” туралы тақырыбында мәтін құрастыру.