|
ҚРДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Фармакогнозия және химия кафедрасы
|
044 -52/17- ( )
беттің - беті
|
«Ботаника» оқу-өндірістік далалық іс тәжірибесінің жұмыс бағдарламасы
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Фармакогнозия және химия кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар
жөніндегі проректор
_____________ м.ғ.д. М.Ұ.Анартаева
«____» ______________ 2014 ж
Ботаникадан оқу-өндірістік далалық іс тәжірибесіне
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: Ботаника
Мамандығы: 051103-Фармация
Сағат көлемі: 30 сағат (2 кредит)
Курс 1 семестр 2
Шымкент 2014
«Ботаника» пәні бойынша оқу-өндірістік далалық іс тәжірибенің жұмыс бағдарламасы фармакогнозия және химия кафедрасының мәжілісінде қаралған
Хаттама № 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ.
Теориялық пәндердің желілік әдістемелік комиссиясында талқыланды
Хаттама № ____ «____»_________2014 ж.
Төрағасы, х.ғ.д., проф. Патсаев Ә.Қ
Әдістемелік кеңесте бекітілді
Хаттама № ____ «____»_________20 ж.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе
Курстың теориялық бөлімін біткен соң екінші семестрдің аяғында бір апта бойы өтетін жазғы оқу - өндірістік «Дала тәжірибесі» ботаника пәнін оқытуда маңызды бөлімі болып табылады.
Ботаникадан өтілетін жазғы дала тәжірибесі фармацевтер дайындауда үлкен маңызға ие. Дала тәжірибесін өту барысында студенттер тәжірибелік дағдыға үйреніп, пән бойынша білімін кеңінен тереңдетеді, шикізатты жинау, кептіру, одан гербарий дайындауды, жиналған шикізаттың қай түрге жататындығын анықтай білу білімін шыңдайды, сонымен қатар сабаққа тарату метериалын дайындайды.
Тәжірибе барысында студенттер жеке өсімдіктер мен олардың топтарын оқып зерттей отыра олардың түрлері, туыстары, тұқымдастарының бір-бірінен айырмашылықтары туралы, негізгі тіршілік ететін топтар мен экологиялық топтарын, онтогенезін, өсімдіктің морфологиялық құрылысының кезендік өзгерістері туралы, жеке өсімдіктердің биологиясын зерттеп, олардың тіршілік ортасына бейімделуін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |