Мәдени өсірілетін және интродуцирленген өсімдіктерді сипаттау. Тіршілік түрін, қабаттылығын, тұқымдасын, вегетация фазасын көрсетіп флоралық тізімін жасау. Гербарий жинау, кептіру. Жиналған материалдарды өңдеу. Флоралық тізімді, латынша атауын нақтылау. Күнделік толтыру
|
6 сағат
|
|
Әртүрлі тұқымдастар өсімдіктерін морфологиялық сипаттау. Гүлдердің, гүл шоғырларының құрылысы, тозаңдануға бейімделігі. Гүлдер диаграммасын және формуласын жазу. Тұқымдастары бойынша дәрілік өсімдіктер тізімін жасау.
Дәрілік өсімдіктер вегетативті мүшелерін морфологиялық сипаттау. Ертеректе жиналған гербарийлерді кептіру және жасау. Өсімдіктерді морфологиялық сипаттау бойынша жеке тапсырмаларды орындау. Жиналған материалдарды өңдеу. Гербариймен жұмыс. Этикетка жазу. Жиналған өсімдіктерді морфологиялық сипаттау және суретін салу, дәрілік өсімдікті анықтау. Күнделік толтыру.
|
6 сағат
|
|
Тәжірибенің материалдарын өткізу: 20 гербарий, 10 өсімдіктің морфологиялық сипаттамасы берілген және барлық экскурсия жазбалары мен жеке тапсырмалар орындалған күнделік. Дәрілік өсімдіктер мен жергілікті флора өсімдіктері туралы білімді тексеру (100 өсімдіктен кем емес).
|
6 сағат
|
Тапсырманың мазмұны:
1 күн. Кіріспе. Тәжірибе тапсырмалары. Географиялық, топографиялық және экологиялық жағдайлардың жалпы сипаттамасы;
2 күн. саяхат;
3 күн. саяхат;
4 күн. саяхат;
5 күн. Жиналған материалдарды өңдеу. Диф. сынақ тапсыру.
2.8. Тәжірибе бойынша есепке дайындалу реті мен қорғау мерзімі
Дала тәжірибесі аяқталған соң студент жетекшіге жасаған жұмысы бойынша жиынтық есебімен күнделік тапсырады. Студент есебінде тәжірибе өту мерзімін, күнін, тәжірибе барысындағы жағдайлардың жалпы сипатын, тәжірибе өту тәртібін, бағдарламаның орындалуын, тәжірибе өту барысындағы теориялық және тәжірибе жүзіндегі аралық байланыстар мен қайшылықтарды олардың себептерін, мәнін, оларды ескерудегі студенттің жеке көзқарастарын көрсетеді. Тәжірибенің сапасын жақсарту жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар.
Оқытушы - тәжірибе жетекшісі күнделікте студенттің жұмысы жөнінде қысқаша мінездеме береді. Мінездемеде студенттің теориялық дайындық деңгейі, тәжірибе дағдыларын игергені, тәртібі мен орындаушылық қабілеті көрсетіледі. Күнделік соңында сынаққа берілетін баға қойылады.
Қолдары: тәжірибе жетекшісі мен кафедра меңгерушісі.
Қойылған қолдар базаның мөрімен тәжірибе өту барысында сабақтан тыс мерзімде бекітіледі.
Тәжірибенің соңғы күні студенттер дифференциалды сынақ тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |