Жұмыс бағдарламасы пән/модуль: «Неврология» Мамандық: 09130200 «Акушер ісі»



бет2/10
Дата18.10.2023
өлшемі145,5 Kb.
#186460
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ак неврология руп

1.3. Пән/модуль міндеттері:
1.Неврологиялық ауруларды ерте анықтап, оларға тиімді ем қолдануды қамтамасыз ететін білім деңгейін және іскерлікті қалыптастыру;
2.Әртүрлі аурулары бар науқастарда пайда болатын нерв-психикалық бұзылыстарды анықтауды;
3.Емдеу-профилактикалық шараларды кәсіптік түрде орындауды;
4.Науқасқа нақты сараланған күтім жасауды ұйымдастыру;
5.Медициналық құжаттарды жүргізуді үйрету.
1.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:
Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
Пәнді оқу нәтижесінде студентлар базалық құзыреттіліктерге ие болулары керек:
Ақпарат: ақпаратты жинақтау және сараптама жасау,білімін тәжірибе жүзінде қолдану.
Топтарда жұмыс істеу: әртүрлі топтарда (командада) жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсету.
Оқу жұмыс бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
Пәнді оқып меңгеру нәтижесінде студент:
Біледі:
-неврология пәні туралы түсінік;
-жүйке жүйесі аурулары;
-зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда,сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
-неврологияның медицинадағы негізгі мақсатын.
меңгереді:
-
оқу, анықтама, ғылыми ақпаратпен жұмыс бойынша өзіндік білімі мен ептілігін көрсете білуді;
-жалпы неврологиялық қарау, сезімталдық, физиологиялық, патологиялық рефлекстерді тексеру;
-жүйке жүйесі ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын анықтауды;
дағдысын қалыптастырады:
-физиологиялық және патологиялық рефлектерді ажырата алу;
-шеткері және орталық салдану белгілерін анықтау;
-науқасты жалпы қарау және неврологиялық статусты анықтау;
-аспаптық зерттеу әдістерін жүргізу.

құзіретті:
-жүйке жуйесі ауруларының незізгі диагностикалық әдістерін, ажыратпалы диагностикалық шараларды;
-алғашқы көмек көрсету мен емдеу принциптерін;
-профилактикалық іс- шаралар жүйесін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет