1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет:
Алма Едігенова Жүнісбекқызы – д.м.а., п.ғ.к.
Кафедра: Педагогика
Кафедраның мекен-жайы: Тәңірбергенов көшесі,1
Ақпараттық қатынас: 42-25-33
Сабақ өтетін орын: № 2 оқу ғимараты, 420, 213 дәрісханалар
Кредит саны: 3
1.2 Курстың қысқаша мазмүны:
Қазақстан Республикасының нарықтық заман талаптарының қазіргі жағдайларына түрлі экономикалық жүйелерді басқару қазметтерін тиімді жүзеге асыру үшін жеке тұлға дамуының психологиялық механизмдерін білу өте қажетті шарттардың бірі болып отыр. Курс ҚР білім беру жүйесінің алдында тұрған білім берудің сапасын арттыру, стратегиялық міндеттерді шешуге бағдарланған. Бұл талаптарға сәйкес педагогикалық мамандарды даярлауда «Мектептегі дамыта оқыту жүйесі» пәнінің маңызы зор.
Пәннің мазмұны студенттерді қазіргі мектептегі дамыта оқыту жүйесімен, оның мазмұнымен, ерекшеліктерімен және осы мәселеге қатысты сұрақтарды қарастыруды қамтиды.
1.3 Пәннің мақсаты:
Студенттерді мектептегі дамыта оқыту жүйесінің мазмұны және ерекшелігі туралы біліммен қаруландырып, практикалық дағдысын, кәсіби біліктілігін, жаңаша жұмыс істеу қабілетін дамыту.
1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
- дамыта оқытудың теориялық негіздерін меңгерту;
- дамыта оқытудың қалыптасу тарихымен таныстыру;
- дамыта оқыту әдістемесінен білім, іскерліктерін қалыптастыру;
- өздігімен ізденуге және білім алуға дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |