Жұмыс бағдарламасы семей 013 ҚҰрастырғАН


Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер



бет5/9
Дата09.06.2020
өлшемі186 Kb.
#63258
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері:

  • ауызша;

  • жазбаша;

  • практикалық;

  • теориялық;

  • шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.

Өздік жұмыс формалары:

  • реферат орындау;

  • конспектілеу;

  • аннотация жазу;

  • тезис орындау;

  • ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Реферат ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет