Тақырып-өнер туындысының іргетасы, сондықтан әдеби шығарма туралы сөзді тақырыптан бастаған жөн



Дата22.12.2021
өлшемі65,3 Kb.
#127641

1.Тақырып-өнер туындысының іргетасы, сондықтан әдеби шығарма туралы сөзді тақырыптан бастаған жөн.

Тақырып-әдеби шығармада сөз болатын негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлрдың бағыт-бағдары. Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, яки нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оңай секілді. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарау дұрыс болмайды. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып-алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғаладрың, суреттелетін өмір құбылысытарын шеңбер-шегі.

2. Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді.

Идеяның түрлері

•Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.

•Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі.

•Объективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже.



3. Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады. Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.



Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.

4. «Талдау»  сөзінің  ең  алғашқы 

терминологиялық мағынасы – зат пен құбылысты аңғарып танып-білу жолдарының бір 

көрінісі.  Көркем  шығарманы  зерттеп  біле  отырып,  ол  қалай  және  қандай  амал-тәсілмен 

жазылса  да,  оның  көркемдік  тұтастығын  әрқашан  ой-санамызда  берік  ұстауға  тиіспіз. 

Көркем  шығарманың  кез  келген  ең  шағын  деталін,  оның  кез  келген  құрамдас  бөлігін 

қарастыра аламыз. Әдеби талдау өзінің нағыз, дұрыс мағынасында – әдеби шығарманы 



кез  келген  бөліктер  мен  бөлшектерге  бөлу  емес,  тек  осылай  талдау  шығарманы  терең 

түсініп білуге көмектеседі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет