1.7 Пәннің постреквизиті: пән туралы білім мамандық бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.
2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ
Кесте 1
№
|
Тақырып мазмұны
|
Сағат саны
|
Әдебиеттер
|
|
|
ДС
|
ТС
|
ЛБ
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
1.
|
Модуль 1. Мектептегі дамыта оқыту жүйесінің негізгі мәселелері Кіріспе
|
1
|
-
|
-
|
-
|
12
|
|
2.
|
Мектептегі дамыта оқыту жүйесі пәні, міндеттері
|
1
|
-
|
-
|
|
|
|
3.
|
Тұлға дамуы және оның заңдылықтары
|
2
|
2
|
-
|
|
|
|
4.
|
Педагогтың кәсіби іс-әрекеті және жеке тұлғасы
|
-
|
2
|
-
|
|
10
|
|
5.
|
Оқыту және даму
|
1
|
2
|
-
|
7
|
|
|
6.
|
Оқыту түрлері, формалары, әдістері даму факторлары ретінде
|
1
|
2
|
-
|
|
|
|
7.
|
Сабақ дамыта оқыту жүйесінде
|
-
|
2
|
-
|
|
7,5
|
|
8.
|
Модуль 2. Дамыта оқыту тәжірибесі
Дамыта оқыту технологиясы
|
2
|
2
|
-
|
8,5
|
18
|
|
9.
|
Мотивация және мотив дамыта оқытудың шарты ретінде
|
1
|
2
|
-
|
|
|
|
10.
|
Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі
|
2
|
2
|
-
|
|
|
|
11.
|
Танымдық қызығушылық оқу іс-әрекетінің негізгі мотивациясы
|
-
|
2
|
-
|
|
|
|
12.
|
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту технологиясы
|
2
|
2
|
-
|
|
|
|
13.
|
Ойын технологиясы
|
-
|
2
|
-
|
|
|
|
14.
|
И.С.Якиманскаяның тұлғалық-бағдарлық дамыта оқыту технологиясы
|
2
|
2
|
-
|
|
|
|
15.
|
Дамыта оқыту технологиясын бастауыш мектепте қолдану
|
-
|
6
|
-
|
7
|
20
|
|
|
Барлығы:
|
15
|
30
|
-
|
22,5
|
67,5
|
|
3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.
Міндеттері:
- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;
- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.
Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар
Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.
Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:
1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.
2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.
3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.
9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
- теорияны практикамен байланыстыру;
- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;
- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |