Курс саясаты. Академиялық кезеңде «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәні дәстүрлі түрде оқытылады. Пән бойынша 30 сабақ өткізу қарастырылған, соның ішінде: 15 лекция, 15 практикалық және 9 оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ).
Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақытылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкескелуі керек.
Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, видео-лекцияларды, презентациялар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы қерек.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 1-14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі.Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.
Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.
Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде орындалатын жеке жұмыстар – конспектілер, ауызша сұрау, презентация, жазбаша бақылау жұмыстары, реферат.
Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған.
1
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: «Бағалау», «Бағалау жүйесі», «Бағалау өлшемдері ұғымдарымен таныстыру, өзгерген білім беру тұғырнамасының қалыптасуы, құзыреттілік тәсілге неізделген жаңа білім беру стандартыньң жасалуы, окушылардьң оқу-танымдық кузыретін қалыптастыруға әсер ететін пәнаралық және жүйелі сипатқа ие оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын іздеуге негіз болып отыр. Критериалды бағалау технологиясының педагогикалық ұйымдастыру негіздерін анықтау; осы технологияның практикалық жүзеге асу моделін жасау. Білім берудің әдіснамалық қағидаларын ескере отырыи, оқытудың нәтижесін кретериалды багалаудағы қазақстандық жүйеде бар ғылыми жетістіктер негізінде үйрену, сонымен 6ipгe, мектептегі білімнің сапасын көтеру үшін оқушылардың функциональдық сауаттылығын жəне əрбір оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін қалыптастыру стратегиясын оқу.