Пәннің міндеттері: 1. Негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2. Қазіргі қоғамның және оның әлеуметтік институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы идеяларды қалыптастыру;
3. Заманауи қоғамның әлеуметтік мәселелерін сипаттау және талдау дағдыларын дамыту, әлеуметтік процестер мен механизмдердің мәнін өзара байланысын қалыптастыру;
4. Студенттердің әлеуметтік, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
5. Әлеуметтік, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
6. Сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану.
2
Сағат саны
Лекция – 22,5 сағат
Практикалық сабақтар – 22,5 сағат
Студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі – СӨЖ) – 75 сағат (соның ішінде ОСӨЖ – 12 сағат
Барлығы – 120 сағат
3
Оқыту нәтижесі
Әлеуметтанудың мәнін, құрылымын және функцияларын, негізгі заңдар мен категорияларды; қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі кезеңдері мен қоғамдық даму факторларын; әлеуметтік өзара әрекет пен қатынастардың мәні мен формаларын; тұлғаның әлеуметтену үрдісі мен кезеңдерін; әлеуметтік бақылаудың әрекет ету тетігін; әлеуметтік теңсіздік пен стратификацияның тарихи типтерін; көлденең және тік сипаттағы әлеуметтік ұтқырлықтың сипаты мен себептерін; әлеуметтік ұйымдардың типтері мен құрылымын, оларды басқару тетігін; қазіргі қоғамдағы әлеуметтік үрдістерді басқарудың негізгі тетіктерін, әлеуметтік тұрақтылық пен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етуді; топтардағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін; ресми және бейресми қатынастардың ерекшеліктерін; көшбасшылық және функционалдық жауапкершіліктің сипатын білу.
Әлеуметтік білім негіздерін қызметтік-кәсіби әрекетте және әртүрлі әлеуметтік құбылыстарды талдауда қолдана білу; өзінің әлеуметтік білімін жүйелеу және тереңдету мақсатында әдебиеттермен және дереккөздермен өз бетінше жұмыс жасай білу.