Мектепке дейінгі білім беру менеджментіпәнінің мақсаты. (100%)



бет1/7
Дата23.02.2023
өлшемі108,29 Kb.
#169942
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
менеджмент
Analitika lab

Менеджмент (емтихан жауаптары)
1. Мектепке дейінгі білім беру менеджментіпәнінің мақсаты. (100%)
Бұл пәннің басты мақсаты студенттерге өздерініңмекемесін басқаруға және басқару жүйесін түсінуге көмектесу және басшылыққа деген ынта-жігерін ашу болып табылады. Басқару соның ішінде жұмыс пен кадрлармен, сондай-ақ менеджмент саласындағы соңғыжаңалықтармен, жетістіктерді тәжірибеге енгізе отырып, қандай да бір нәрсені студент бойына сіңдіру болмақ. Студенттің мектепке дейінгі мекемесінің биік шыңдарда көрініп, айшықтай болып өз орнын алып көрсетіп тұруға сонымен қатар өзін ұялмай мен басшымын деп атай алатындай етіп, біріншіден өзін-өзі жігерлендіру сондай-ақ қол астындағылармен дұрыс қарым қатынаста болып, ұжыммен бірге қаншама жетістіктерді еңсеру және де мекеменің миссиясымендамудың - бағдарламасын құруға көмектеседі. 
Нәтиже бойынша құрылған айқындалған мақсат бойынша басқару кезіндегі педагогикалық процестің, басшылықпен сөзі жарасып, сыйластықпен жауапкершілік ұжымда артып, мекемедегі әрбір жан өзінің қандай да бір ортақ іске қатысып жатқанын сезініп, бар білгенін өзінен кішіге, білмегенін мықты тәжірибесі мол адамдармен ой, пікір, ақыл, тәжірибе алмасып, ұжымның басқа мүшелеріменде қарым-қатынасты нығайтып байланыстыра білуі керек екендігі айқындалады. Бұл пән мектепке дейінгі мекеменің жұмыс істеу режимінен дамушы режимге өтуін қамтамасыз ететін басқарудың негізгі тетіктерін ашады.

2. Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің лауазымдық қызметі


Балабақша меңгерушісі – мектепке дейінгі ұйым қызметіндегі барлық бөлімдерді байланыстырушы буын. Балабақша меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы оның міндеттерін білдіреді. Балабақша меңгерушісі педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. Балабақшаның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

3)Балабақша әдіскерінің лауазымдық қызметі


Әдіскердің негізгі қызметі – оқыту әдістерін зерттеу және дамыту. Әдіскер педагогикалық ұжымның жұмысын жоспарлайды, оның қызметін үйлестіреді, мұғалімдердің біліктілігін арттырады, семинарлар, конференциялар, оқу курстарын ұйымдастыру және т.б. Бұл ретте мектеп әдіскерлері әлеуметтік мұғалімдермен тығыз байланыста болып, біртұтас, сапалы білім беру жолын қалыптастырады.
Әдіскер – университет оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, балабақша тәрбиешілерінің, үйірмелер мен спорт секцияларының жетекшілерінің жұмысын жеңілдететін, оларға сабақты ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби көмек көрсететін тәжірибелі маман.
Әдіскердің бойында: ұйымдастырушылық қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, осы саладағы балалармен жұмыс істеу әдістерін өте жақсы меңгерген, әдістемелік дағдылары болуы немесе қосымша білім беру жүйесінде әдіскер болып жұмыс істеу тәжірибесі болуы, психология негіздерін білуі, эмоционалды тұрақты болуы қажет.
Әдіскер білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдары Қазақстан Республикасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және білім беру қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер т.б

4)


К.Ю.Белая меңгеруші мен әдіскердің басқару қызметіне беретін сипаттамасы

К.Ю.Белаяның пікірінше меңгеруші мектепке дейінгі мекемеде оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруы, тәрбиешілер ұжымын ұйымдастыруы, бірігуі, оның қызметін жандандыруы, мақсатты бағдарлауы, өзін-өзі басқаруды дамыту, тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттыруы, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруы, педaгогикалық құжаттаманы жүргізуі жатады.
Ал әдіскер: Мектепке дейінгі балалар мекемесінің оқу-тәрбие жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; Бaлабақшадaғы тәрбие және оқыту бaғдарламасының орындалуын қамтамaсыз етеді және бaқылайды, Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға жауапты болады;
Озық педaгогиaлық тәжірибені зерделейді, жинақтaйды және тарaтaды, педагогикалық кeңeсте қарау үшін қажетті материалдарды дайындайды; мектепке дейінгі мекемеде әдістемeлік кaбинеттің жұмысын ұйымдaстырaды; балалaрдың жaсына сәйкeс пeдaгогикалық құрaлдар мен ойыншықтaрды іріктеуді жүзеге асырады;
Aта-aналар aрасында педaгогикалық білімді нaсихаттау, әртүрлі жaстағы топтардың тәрбиешілерінің, сондай-ақ Мектeпкe дeйінгі мекеме мeн мектептің жұмысында сaбaқтaстықты қaмтамaсыз eту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

5. Балабақша әдіскерінен кәсіби тұлға ретінде не талап етіледі?


Әрбір маман иегері өзінің жұмыс барысында орындауға міндетті талаптары болады. Сонымен қоса кәсіби тұлға ретінде де маман иесіне белгілі бір талаптар қойылады. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері кәсіби тұлға ретінде: еліміздегі білім беру саясатының стратегияларын түсінген, басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар, мектепке дейінгі ұйымның ұжымындағы мамандарының шығармашылығын дамыта алатын, олардың жаңаша бастамаларын қолдап, ынталандыратын тұлға, ұйымның оқу-тәрбие жұмысының құрылымына талдау жасап, нәтижесін талдай алатын, сонымен қоса өз жұмысына нақты талдау жасайтын, қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын кәсіби білімі жоғары, тәрбиешілердің қабілеттері мен мүмкіндіктерін, олардың кәсіби құзыреттіліктерін ескере отырып жұмысты ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін меңгерген және оларды жұмыста қолдана алатын маман болуы керек. Тізбектелгеннің барлығы балабақша әдіскерінен кәсіби тұлға ретінде талап етіледі.

6) Мектепке дейінгі ұйым типтері


Мектепке дейінгі ұйымдар түрлері, мақсаты, міндеті, жас ерекшеліктері сондай ақ басшылығына байланысты бірнеше типтерге бөлінеді. Ең алдымен балалардың жас ерекшеліктері бойынша 3 топқа бөлінеді:
1 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін арналған бөбекжайлар
2 3 жастан 6-7 жасқа дейінгі балаларға балабақшалар
3 1 жастан 6-7 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай балабақшалар деп аталады.
Мақсаты мен түрлеріне қарай әртүрлі жалпы дамыту, түзеу үлгідегі және құрама үлгідегі, отбасылық, толық немесе жарты күндік болып бөлінеді.
Жас топтары бойынша балалар кіші топтарда 20 баладан көп емес ал басқа топтарда 25 баладан көп емес қабылданады.


7) Мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі түрі
Мектепке дейінгі ұйым түрлері негізінен бірнеше топтарға бөлінеді мысалы: 
Біріншісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
Екіншісі мектепке дейінгі ұйымның мақсатына қарай
Соңғысы мектепке дейінгі ұйымның жұмыс жасайтын уақыттарына қарай
Біріншісіне тоқтала кетсек, мектепке дейінгі ұйымдар ьілім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай:
-Үш пен алты жас аралығындағы балаларға арналған
-Бір мен алты жас аралығындағы балаларға арналғанбалабақшалар
Екіншісі мектепке дейінгі ұйымның мақсатына қарай:
-Жаппай үлгіде дамытатын балабақшалар
-Дамуында ақаулары бар балаларға арналған балабақша
-Аралас үлгідегі балабақша 
Соңғы жұмыс жасау уақыттарына қарай:
-толық жұмыс күні, күндізгі уақытта ғана жұмыс жасайтындар н/се уақыты икемді режимді балабақшалар;

8.Мектепке дейінгі ұйым балаларының  жас ерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлінуі


Балаларды жасына сәйкес топтарға бөлу.
Бүгінгі таңда балабақшалардың көпшілігінде балалардыжас топтары бойынша оңтайлы бөлу жасалды. Топтарқұрылады: 1. бөбекжай-1,5 жастан 2 жасқа дейінгі балалар; 2. бірінші кіші-2-3 жас; 3. екінші кіші-3-4 жас; 4. орташа-4-5 жас; 5. үлкені-5-6 жас; 6. дайындық-6-7 жыл.

9)жок

10)Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау құжаттары
1-ші Қабылдауға арналған жолдама.Бұл жолдама берілген күнінен бастап 5 күнге ға жарамды болады.
2-ші Әрине баланың ата анасының бірінің жеке басын куәлаедыратын құжат.
3-ші Мектепке дейінгі ұйымға қабылданғалы отырған баланың туу туралы құжаты
4-ші Баланың денсаулық паспорты 0,26/у-3 есеп нысаны бойынша толтыру жүргізілген
5-ші ҚР заңы бойынша Денсаулық сақтау министрінің 2003ж 24маусымдағы 469-шы бұйрығы
6-шы Психологиялық-медициналық-педагогикалық дайындығының қортындысы керек Бұл арнай ерекше білім алуы қажет балалар үшін қажет.
11. Мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты жоспарлаудағы басты міндетті құжат-жылдықжоспар туралы
Мектепке дейінгі ұйымдағы жұмысты жоспарлаудағы басты міндетті құжат - жылдық жоспар туралы.Жылдық жоспар белгілі бір оқу жылына арналған құжат. Мектепке дейінгі ұжымның сапасын жақсарту үшін және де белгілі бір ұйымды үлкен дәрежеге көтеру болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның барлық міндеттерін нақты бөлуге және де тәрбиешілердің түрлі біліктілік санаттарынан өтуін қадағалайды. Түрлі кеңестер мен семинарларға арнайы уақыт бөлу. Балалармен өткізілетін іс - шараларды бекіту болып табылады. Жылдық жоспар 7 бөлімнен тұрады. 1 - ші бөлім балабақша жайлы толық ақпарат беру. Тәрбиешілер жайлы мағлұматтың болуы.
2 - шы бөлім тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеру. Арнайы ұжым ішіндегі мәселелерді шешу. 3 - шы бөлім ұжым ішіндегі мәселелерді шешу және арнайы кеңестер өткізу. 4 - шы бөлім Әдіскер немесе меңгерушінің бақылауы. 5 - шы бөлім Балалардың денсаулығын қорғау және тәрбие жағынан жұмыстар жүргізу 6 - шы бөлім Ата - аналармен жұмыс жоспары. Ата - аналарға арнайы уақыт бөлу. 7 - шы Өндірістік жиналыс. Әкімшілік жұмыстар. Осылардың барлығын біріктіре отырып жылдық жоспар құраймыз. Құрған жоспарға сәйкес жүруіміз тиіс. Себебі жас бүлдіршіндердің білімі мен дамуы тікелей бізге байланысты.

12) Іскерлік ойын- тәрбиеші педагогтармен жүргізілетін әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың белсенді тәсілі


Заман ағымына сай, қазіргі уақытта талап етілетін басты нарсе – жан-жақты дамыған маман. Болашақ ұрпақты тәрбиелейлеуге өз үлесін қосатын ол жан-жақты дамыған, ой өрісі кең тәрбиеші болып табылады. Қазіргі уақытта тәрбиеші мамандардың біліктілігін арттыратын көптеген тәсілдер бар. Соның бірі іскерлік ойын. Бұл іскерлік ойынның басты мақсаты кадрлармен жұмыс жасағанда қойылған мақсатқа дұрыс жете алуды, әдістемелік жұмыстыы кеңінен жете пайдалануды үйрету.
Іскерлік ойынды пайдалану арқылы педагогтардың кәсіби шебелілігін анықтауға болады. Бұл әдісті қолдану оң нәтиже беретіндігі көптеген тәжірибелер барысында анықталған.
Іскерлік ойын- тәрбиешілердің және жалпы педагогтардың дамыған тұлға болып қалыптасуына, мақсаттарына жету барысында таптырмас әдіс әрі құрал болып табылады. Іскерлік ойындардың жүйесін ситуациялық және рөлдік ойындардыталдау арқылы құрастыруға болады. Іскерлік ойын көбіне имитаңиялық басқарушылық деп те аталады. Іскерлік ойын барысында педагогтарды өзіндік және күрделі әдістерді үйренуші деп бөледі. Іскерлік ойынның негізі түрлі жағдайаттарды ойлап табу және шешу жолын құрастыру

13) Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктері


Заманауи педагогикалық ұжым – дарынды да жарқынұстаздар одағы. Ол туралы идеялар өзін-өзі дамыту жәнебасқару субъектісі ретінде К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың идеяларының арқасында қалыптасты.


Мектеп басшылығы педагогикалық ұжымның моделін, іске асырылуы қажет жетекші идеяларды нақты түсініп, осыны ескере отырып, кадрларды іріктеу керек. Педагогикалық кадрларды іріктеу мектеп директорынакадрларды іріктеудегі кешенді тәсілдің оңтайландыруидеясын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. 
Мұғалімдердің тұрақты ұжымымен ғана мектептібасқаруды оңтайландыруға, оқу үдерісіне жаңа нәрселердітабысты енгізуге, бастама көтеруге, эксперимент ұйымдастыруға болады. Мектептегі кадрлардытұрақтандырудың ең тиімді жолы – мектептің үздіктүлектерінің педагогикалық кәсіптік бағдар беруі, бірнеше жылдан кейін ұжымның соңғы уақытта өзініңүздік оқушыларымен толығуы. Уақытты үнемдеудіңоңтайландыру эффектісі түлектер мектеп ұжымына тез және оңай кіруінің арқасында қол жеткізіледі, өйткеніолар тәлімгерлерді, ұжымның дәстүрлерін, белгіленгенталаптар жүйесін, мектептегі микроклиматты жақсыбіледі. Мұндай команданы басқару оңай, қарама-қайшылықтар мен қателерді жоюға арналған өнімді емесбасқару шығындары барынша азайтылады. Уақыттыүнемдеу персоналды орналастыру мен тәсілдемедесабақтастықты жүйелі жүзеге асыру арқылы да қамтамасыз етіледі. 
Педагогикалық ұжымды қалыптастыру және дамытужұмысында мектеп басшылығынан негізгі мақсаттынақты түсіну талап етіледі: ресми сыбайластар емес, ортақ ұстанымдармен біріктірілген тең жауап берушілеркомандасын қалыптастыру. қоғамдағы азаматтықфункцияларды орындауға жақсы дайындалғанадамдардың мектеп қабырғасынан кетуі үшін жұмысістеу.
Педагогикалық ұжымның қалыптасу кезеңі әліқалыптаспаған қатынастармен және қызметкерлерарасындағы психологиялық байланыстармен, ұжымдаауызбіршіліктің жоқтығымен сипатталады. Сондықтанмектеп басшылығының бірінші күш-жігері әртүрліадамдар тобын айналдыратын қарым-қатынастарды, өзараәсер етуді және өзара әрекеттесуді орнатуға мүмкіндікберетін мұғалімдердің идеялық (педагогикалық), интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, ерікті – жалпыпсихологиялық бірлігін қамтамасыз етуге бағытталуыкерек. Командада бір-бірін алғаш танитындар.. Соныменбірге ұжымның эмоционалдық-психологиялық күйлерініңжүйесі болып табылатын, оның мүшелерінің бірлескен іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесіндегі қарым-қатынасының сипатын көрсететін әлеуметтік-педагогикалық климаттың маңызы зор.

14) Әдіскердің педагогикалық ұжымның жұмысын ұйымдастырудың басты талаптары


Әдіскер-меңгерушінің бірінші көмекшісі.Әдістемелік жұмыс оның бақылауымен жүзеге асырлады.Әдіскердің педагогикалық ұжымды басты талаптар яғни,әдіскерге қойылатын талаптар біліктілігі,жоғары оқу орынын бітіргені,психологиялық тұрғыда дамыған,педагогикалық әдепті сақтай білу керек.Ал,ұйымды басқарудағы талаптары шынайы және адал,ұжыммен жақы қарым-қатынаста,сыйластығы болуы керек.Қазіргі таңда әдіскер білім берудің негізгі міндеттерін шешетін тұлға.Әдіскер ұжыммен жұмыс жасағанда педагогтардың шығармашылық жетістіктерін бағалай отырып,өз жұмысының нәтижесі ретінде талаптарға сай жоспарланған нәтижеге жету керек.Тәрбие жұмысы барысында әдіскер үшін ең бастысы-білімнің, дағдылардың, дағдылардың барлық жиынтығын мұғалімге беру. Сондықтан әдіскердің өзі заманауи білім беру үрдістерін қадағалау үшін үнемі біліктілігін арттыруы керек.
Әдіскер педагогикалық ұжымға өте мұқият болуы керек. Әр тәрбиешінің жұмысындағы кез-келген өзгерістерді көру, уақытында әрекет ете білу, тыңдау және оқиғалардың одан әрі дамуына жағымды әсер ету қажет.

15) Тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің ұжымдық әдістемелік түрлері


Білім – тұлға болып қалыптасуға ықпал етуші,адамгершілік қасиетті басқаратын болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол үшін «адамды» өмір сүру жолында дұрыс бағыт-бағдар көрсететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз дұрыс. Ол белгілі бір салаға байланысты болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына сәйкес келеді. Біліктілік – бұл білімді қалыптастырудағы, тәжірбиені игерудегі, маманға қажетті құндылықтарды сипаттайтын жалпы қабілеттілік. Қазіргі таңда білім саласындағы басты қолға алынған мәселелердің бірі мұғалімнің біліктілігін арттыру болып табылады. Себебі білімді тереңдету, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, келешек жастардың саналы азамат болып қалыптасуына тікелей байланысты.
Біліктілікті арттыру курстары тәрбиешілерді жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік қасиеттерін арттыруға, сонымен қатар тәжірбие жүзінде балалармен қарым-қатынасын нығайтуына ықпал етеді. Тәрбиешілердің өз білімдерін шыңдап, көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін басты фактор. Тәрбиешінің біліктілігін арттыру педагогикалық білімін қалыптастыруда алатын орны ерекше.
«Біліктілік» белгілі бір еңбектің түріне дайындықтың, дайындық деңгейін айтады. Кез-келген тәрбиеші біліктілігін үнемі дамытып отыруы қажет. Тәрбиешілер біліктілігін арттыруда жеке жұмыс түрлері, әдіскер,меңгеруші кеңестері, конференциялар мен курстар қарастырылған. Біліктілік деңгейін көтеруде бұлардың тигізер маңызы зор. “Педагог үнемі ізденісте болғанда ғана-нағыз педагог. Ізденісті тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” деп Неміс ғұлама педагогы А.Дистенверг тұжырымдайды. Баланы үйрету үшін, өзің одан да көп білуің қажет. Тәрбиешінің кәсіби қызметін әдіскер бағалап,сараптаушы болып табылады. Ал тәрбиеші осы арқылы өз деңгейінің кем тұстарын түсініп, әрі қарай жетілдіруге ұмтылады.

16.Тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің жеке әдістемелік түрлері 


Тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің жеке әдістемелік түрлері семинар сабақтарымен және білікті көтеру курстарымен анықталады.Біліктілікті көтеру курстары 1.5 ай мен 7 ай арасын қамтиды.Курста тәрбиешімен жеке жұмыс жасайтын тренер болады.Курстан кейін мониторинг жүргізіліп тәрбиеші арнайы сертификатпен қамтылады.
Курстан кейін “Өрлеу” біліктілікті көтеру ұйымымен жұмыс атқарылады.Сонымен қатар,ата-аналар жиналысы,әртүрлі қалалық,облыстық,республикалық сайыстарға қатыса отыра,жоғары санатқа ие болады.

17. Әрекеттік-ұйымдастырушылық, рөлдік ойындар, коллоквиумдар, психологиялық-педагогикалық практикум біліктілік көтерудің әдістемелік түрлері


Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін көтеру
Әдістемелік жұмыс сапасы мен тиімділігін арттырудың негізгі жолы педагог мамандарының біліктілігін көтеру болып табылады.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілердің біліктілігін көтерудің мынадай әдістемелік түрлері қолданылады: олар

Жеке жұмыс түрі


Топтық жұмыс


Ұжымдық жұмыс


- жеке қарамағына алу


- жетекшілік жасау

- меңгерушілердің, әдіскерлердің, психологтардың кеңестері


- өзіндік білім көтеру түрі


- әрбір тәрбиеші үшін әдістемелік жұмыстың әрқайсысына жеке нұсқалар жинақтау


- мәселеге байланысты кеңестер


- шығармашылық топтар
- әртүрлі тақырыпты семинарлар
- психологиялық басқа да тренингтер
- педагогикалық шеберлік мектебтері
- әрекеттік-ұйымдастырушылық, рөлдік ойындар
- коллоквиумдар
- психологиялық-педагогикалық практикумдар
- жас тәрбиешілер мектептері
- түрлі жағдаяттарды талдау
- өзара сабақтарға қатысу
- әдістемелік отырыстар
- шығармашылық шеберханалары

18.Балабақшаның жылдық жоспары,оның ерекшелігі,құрылымы


Жылдық жоспар балабақшаның жыл бойына жүргізетін жұмыстарының есебі десекте болады.Жылдық жоспарды құрғанда оның ең алдымен мақсатын және міндеттерін жазады.Содан кейін алдағы уақытта жұмыс жасайтын бағыттарын бекітеді.Балабақшаның алдағы уақыттағы бағыттары жылдық жоспар бойынша жасалған міндеттерге сай іске асатын болады.Яғни жаңа жылдық жоспарды құру,алдыңғы жылға қорытындыны жасау арқылы құрылады.Жоспар ұжымның ыңғайына қарай жүргізіледі.Жоспар ұжымдағылармен бірге жасалынып,МДҰ-ның педагогикалық кеңесінде бекітіледі.Жоспардың мазмұны 7 бөлімнен тұрады.Яғни,алғашқы бөлімде МДҰ туралы мәлімет жазылады.
2-бөлім: біліктілік деңгейін көтеру туралы айтылады.
3-бөлім:педагогикалық кеңестер.
4-бөлім:баланың денсаулығын арттыру жұмыстары туралы.
5-бөлім:Басқару жұмыстары туралы
6-бөлім:Отбасыдағы және айналадағы яғни,қоғамдағы тәрбие
7-бөлім:Материалдық жағдайды нығайту.
Жоспар барлығына қолжетімді жерде сақталады

19. Педагогтың өзіндік білімін көтеруінеқажеттілікті тудыратын мотивтер?


Педагог әркезде өзінің білім деңгейін көтеріпотыруы керек және оған қажеттілікті тудыратынмотивтер бар. Ең алдымен педагог өзініңшығармашылық деңгейің көтеріп отыруықажет.Шығармашыл педагог әркезде жаңашылпедагог . Сонымен қатар күнделікті жаңа ақпаратқұралдарымен танысып сол арқылы жұмысжасалуы керек. Қазіргі кезде педагогтыңқызығушылығы өз білімін көтеруге үлкен ықпалетеді,қызылушылығы жоғары болған сайын өзжұмысына деген адал және ынтаменжасалады.Қоғамдық өмірдегі өзгерістер менжаңашылдықтар тікелей білім көтеруге қатысады .Бәсекелестік бар кезде әрқашанда білімдімотивтердің сапасын арттырады.Бәсекегеқабілетті,бәсекелесе алатын педагог қана өз білімдеңгейінің шынына шығатыны анық.Мотивтердіңең маңыздысы ол қызығушылық педагог өзініңжұмысына ең алдымен қызығушылық танытыпжақсы көруі қажет және бұл өте маңызды болыпсаналады.

20. Педагогтың өзіндік білімін көтеруінің бағыттары


Кез келген педагог өз білімін көтеру барысында үнемі тоқтаусыз дамып отыру керек. Болашақ өскелең ұрпаққа білім беруші және тәрбие берушы болғандықтан педагог жан жақты әрі білгір де тапқыр бола білуі керек. Кез келген педагог мамандығының иелері осыған байланысты және заман талабына сай үнемі өз біліктіліктерін көтеріп отырады. Көптегеп ғұламалар мұғалімнің тек білімін көтеріп отса ғана-мұғалім болатынын айтып кеткен. Педагог ретінде біліктілікті арттыру барысында бірнеше құжаттар мен жұмыстарға назар аударған жөн брлып саналады. Олар:
Бірінші педагогтың жеке портфолиосы;
Екінші педагогтың өзіндік дамуын бағалау сауалнамасы;
Үшінші педагогтың өзіндік білім көтеру бағыты;
Төртінші жұмысты ұйымдастыру стилі және бесінші әрі маңызы жоғарылардың бірі аттестация болып табылады.
Педагог біліктілігін көтеруде көптеген бағыттарды қолданады Олардың маңыздылығы кез келген педагогқа жоғары болып саналады. Соның ішінде:Әдебиеттер(әдістемелік, ғылыми, публиц, көркем);
• Интернет;
• Видео, аудио т.б;
• Білім жетілдіру курстары және Семинарлар мен конференцияларға аса назар аударған дұрыс.

21)Педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы игеруге міндетті құзіреттіліктер 


Қазіргі таңда педагогтың кәсіби құзіреттілігі ерекше қарастырылады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың оқытудағы теориялық білімін, тәжірибесін, дағдыларын, шеберліктерін айтамыз. Педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттері өзін-өзі дамытумен, жетілдірумен байланысты. Елімізде 12 жылдық білім беру тұжырымдасы бойынша педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат, қалыптастыру үшін педагогқа төмендегі құзіреттілік түрлерін игеруі міндет:
- Арнайы құзыреттілік өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде игеруі, тек кәсіби білімді игеріп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана білуімен сипатталады.
- Әлеуметтік құзіреттілік бұл өзінің кәсібімен айналысуы, яғни кәсіби ортада қалыптасқан қарым-қатынас тәсілдерін, серіктестіктің әдістерін меңгеруі, коммуникация дағдысын қалыптастыруы.
- Білім беру құзіреттілігі - өз кәсібіне қатысты білім берудің әдістерін, оқыту түрлерін меңгеруі, тәжірибе жинақтауы болып табылады.
Жалпы, құзіреттілік деп педагогтың заман талаптарына сай өзін-өзі өзгертіп, дамытып отыру қабілеттігі десек те болады. Әрбір педагог мамандығының студенттері өзін жан-жақты дамытып, педагогқа қажетті дағдыларын үнемі жетілдіріп отыруы керек. Педагог болу жан-жақтылықты талап ететін бірден-бір мамандық.


22. Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі
Болашақ жеке тұлғаны қалыптастыру жолында,яғни тәрбие беру негізінде тәрбиешінің тұлғалық бейнесі қызмет атқарады. Тәрбиеші жан-жақты болуы тиіс, себебі жұмыс жасау барысында, айналасында болып жатқан барлық жағдайларды басқару; балаларға берілген уақыттарды пайдалана отырып тиімді сабақтар және түрлі ойындарды ұйымдастырып ,оны өткізе білу; балалардың арасындағы қарама-қайшылық немесе түсінбестікті ескере отырып шешу; ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу; балаларды зерттей отырып, олардың бойындағы ерекше қасиеттері мен қабілеттерін байқай білу; балалармен жұмыс жасау барысында өз-өзін барынша сабырлы күйде ұстау, олармен дос болу, психологиялық тұрғыдан қадағалау;
Осы міндеттерді қарастыра отырып, тәрбиеші бойындағы қасиеттерді аңғара аламыз. Мысалы: сабыр, ұстамдылық, шығармашылығы мол, жанашыр, әдепті, ақылды, кішіге және үлкенге деген құрмет білдіре алады.


23. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қызметін бақылау түрлері?
Бақша ішіндегі зерттеу кезінде жүргізілген істерді қадағалау,болған іс шараға талдау жасау,ьәрбие және білім беру заңдылықтарындағы өзгерістің нақты себептерімен нәтижелерін дәл табу,осы себепті болашақта өзгерту жасап жоспарлауға нақты шешім болып табылады.
Балабақшадағы мұғалімдермен жұмыста нақты көрсетілген дайын бағдарлама ұсынылып,оларды іске асыру ғана емес,ол қолданбаларды алдын ала жоспарларды және жаңа әдістерді игере алатын бақылау жасауы керек.бұндай әркеттер тәрбиешілердің шығармашылық қасеттерінің дамуына және педагогтардың бір саты жоғары дегенгейге жетуіне үлкен үлес қосады.
Мұғалімдердің қызметін бақылау үшін бірнеше түрі бар.Олар:тақырыптық,салыстырмалы,ескерту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет