Мектепке дейінгі білім беру менеджментіпәнінің мақсаты. (100%)



бет3/7
Дата23.02.2023
өлшемі108,29 Kb.
#169942
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
менеджмент
Analitika lab
27. Ескертпелі бақылау
“Бақылау” жалпы шығу түріне қарай баланың түсініп-түсінбегенін не болмаса меңгеріп-меңгермегін бағалау мен өлшеуді білдіреді. Өлшеу мен анықтауды тексеру дейді. Сондықтан тексеру – бақылаудың негізгі құрамы, тәрбиеші мен бала арасындағы кері байланысты анықтайтын тәрбиеші баланың нені дұрыс меңгере алмағанын, жіберген кемшілігінен әділ мәлімет беретін негізгі әдістемелік міндеті. Бақылау тек балалардың оқытылу сапасы мен деңгейін анықтамайды, сонымен бірге оқыту еңбегінің соңғы көлемін де білдіреді. Бақылау тексеруден басқа бағалау (әрекет ретінде) және тексеру (нәтиже ретінде) бағасын да қамтиды. Баға (шартты белгілердің көрсеткіші, “кескіні”, ескерту таңбасы) қойылады. Яғни бес жұлдыз, үшбұрыш деген секілді.
Ал, ендігі ескертпелі бақылау мысалы: балаға қандай да бір суретті мынадай түспен бояу керек екендігін түсіндіріп, одан кейін нәтижесін алсақ демек бұл-ескертпелі сонымен түсіндірмелі бақылау болмақ. Бала оны бұрыстан-дұрыс жасауға талпынады, ынталанады. Барлық ерік-жігерімен қоса күш-жігерін салып, тырысады. Ал, оны тәрбиеші бақылайды, тексереді. Дегенменде ескеру керек жағдай баланы бақылау төбесінен төніп тұру емес әрине қашықтықтықта байқамағандай, білдіртпей бақылау керек. Себебінде бала оны сезсе бала да қысылып-қымтырылу пайда болу мүмкін.
Және де есте болу керек бақылаудың дифференциациясыбалалардың оқу материалын меңгеру және қабылдаулары кезіндегі қабілеттіліктерінің айырмасын есепке алудың қажеттілігін ескертеді. Дифференциялық тәсіл көп деңгейлі бақылауды және әрбір деңгей үшін оқытудың нәтижесін бағалау өлшемінің әзірлемесін жасау жолымен жүзеге асады. Балаларға бірдей тапсырмалар беріліп, оларды орындау кезіндегі тәрбиешінің көрсеткен көмегінің дәрежесі әртүрлі болуы - гуманистердің дифференциялық бақылауға деген көзқарасының бірі болып табылады.
28. Күнделікті бақылауды талап ететін мәселелер
Күнделікті бақылауды бала бақша әрқашан талап етеді. Айта кететін болсам балалардың денсаулығы біз үшін ең бірінші орында оны бәріміз жақсы білеміз. Балалармен қарым қатынасымыз жоғары дәрежеде болу маңызды мәселе. Тазалық күнделікті жүргізілу керек. Тамақ уақытылы және нәрлі болуы шарт. Күнделікті азық түліктер тексерістен өтуі керек. Тізім бойынша балаларды түгелдеу. Келмеген балалардың ата анасымен байланысу. Балалардың дене қызуын өлшеу. Бұлар бала бақша өміріндегі әдеттегі бір күн десем болады.

29. Айына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер:


1) Мектеп ішінің, университеттің, балабақшаның жұмыс жоспарының орындалуы;
2) Кітапхана ішіне толықтырулар енгізу;
3) Тәрбиесі, мінезі ауыр, балалармен тіл табыса алмайтын балалармен жұмыс жасағанда нәтиженің болуын қарастыру;
4) Балабақша құжаттамаларының жағдайы;
5) Үйірмелер, қосымша сабақтар ұйымдастыру, спорттық үйірмелер және сол ұйымдастырылған жұмыстың мазмұны, оның жағдайы;
6) Балалардың тәрбие жұмысының жоспарын орындау;
7) Балабақшадағы балалардың ойыншықтарының толық болуын қамтамасыз ету;
8) Балабақшаның суық, ыстық суының ағып тұруын, жарықтың, жылудың дұрыс болу жағдайын қарау және уақытылы қаражатының төленуін қамтамасыз етілуі;
9) Жағдайы нашар тұратын отбасылармен ұйымдастырылатын жұмыстың жағдайын қарау т.б.

30.Мектепке дейін білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар (ҚР «Білім туралы» Заңы, мектепке дейін білім беру туралы МЖБМБС, білім беру бағдарламалары) талдау жасау


Кез келген мекемелер секілді мектепке дейінгі ұйымдарда да білім берудің мазмұнын реттейтін өзіндік мағына мен қызметке ие құжаттары бар. Олар ұжымдағы білім беру жүйесіне,басқаруда қолданылатын әдіс тәсілдерді,ұйымның іші мен сыртына дейінгі заттық ортаның,яғни құрал-жабдықтар мен жиһаздардың нормаларын,санитарлық талап ережелері мен қызметкерлер мен қарым-қатынас ережелері егжей-тегжейлі айқындалып жазылып,сараланған соң мекемелерге қолданылуға беріледі. Бұл құжаттардың барлығы дерлік білім беру мазмұнын реттей отырып,дұрыс әрі тиімді жолдарды қарастырып ұсынады. Сол спбепті де құжаттарды білім беру жүйесінде қолдану өте маңызды шешім.

31)Педагог-тәрбиешінің интеллектуалдық деңгейін жетілдірудің педагогикалық алғышарттары


Педагог-тәрбиеші озық педагогикалық тәжірбие десекте болады. Педагог оқушыларды тек оқытып қана емес, оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілеттерін арттыру, ойлау қабілетін, көп сөйлеуге және дүниеге деген көзқарастарын сонымен қатар өмірге деген талпыныстарын тек дұрыс жағынан ғана қалыптастыру керек. Сонымен қатар педагог-тәрбиеші баланың бойына төзімділік, сенімділік, іздемпаздылығын және тағыда басқа қасиеттерін жетілдіріп, баланы болашақта адамшершілігі мол етіп тәрбиелеуді әрбір педагог мамандары алдарына мақсат етіп қойса деймін.
Мұғалім өз-өзіне сенімді, сауатты, мәдениетті, сөйлеу мәнері және дауыс ырғағы әдемі, балаларды басқара алуы керек. Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында дұрыс тұру әдебі және оқушыларды өзіне тыңдата алуыда керек.

32)Тоқсанына бір рет бақылауды талап ететін мәселелер


Әр тоқсан бойынша белгілі бір мәселелер шешімін табады. Педагогикалық ұжым әрбір мәселенің шешімін табуды атсалысады. Ұжым шешеімі бойынша:
Әрбір топта тоқсан сайын ата-аналар жиналысын өткізу мәселесі;
Тәрбиешілер не мұғалімдер әр тоқсанда ата-аталармен тұрақты байланыста болып жиналыс өткізу; Ата-аналарды балалардың үлгерімі мен келу тәртібімен хабарландыру.
Мерекелік немесе белгілі бір тоқсандағы демалыстарды жоспарлау яғни жаңа жалдық демалыс.
Сонымен қатар бір тоқсанға жасалған бағдарламаның орындалуы талап етіледі.
Құрылған бағдарлама мазмұны бойынша әдістемелік бірлестік жұмысына оқытушылардың қатысуы.
Балалардың ауруларын талдаудан өткізу, әрьір балаланың денсаулығын қарау.
Белгілі бір күндерде денсаулық күнін жоспарлап ұйымдастыру. Денсаулық күніндегі іс шаралардың жоспарын жасау.
Бағдарламаның жұмысы орындалғаны туралы тиісті құжатқа мәлімдеме жасап басшылыққа өткізу.


33)Тәрбиешінің педагогикалық қызметін бағалағанда ескерілетін мәселелер
Мұғалімнің педагогикалық қызметін бағалауда міндетті түрде ескерілетін мәселелердің бірі – мектепке дейінгі білім беру бағдарламалары мен қосымша бағдарламалардың толық орындалуы; кәсіби дамуды жоспарлау мүмкіндігі; кәсіптік дағдылармен айналысу мүмкіндігі; білім беру мен оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияларды меңгеру; әдістемелік жұмыстың нәтижелерін талдау;
Тәрбиешінің жұмысы мен зерттеу бағыттарындағы қиындықтарды анықтау – тәрбие мен білім беру процесін талдау; оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістердің белгілері мен себептерін, сипатын анықтау; педагогикалық жағдаяттарды талдау; оқу материалдарының мазмұнын сұрыптай білу; пелагикалық тұлғаның студенттерге әсері;

34.Жедел бақылауға арналған мәселелер


Еңбекті қорғау саласындағы уәкілетті бастықтар, қызметкерлер, мамандар жүргізетін жедел бақылауды тексерудің барлық нәтижелері жедел бақылау журналына жазылуға тиіс. Ол жұмыс орнында сақталады бөлім бастығы. Маңызды факт-журналға енгізілген бұзушылықтар оған ережелерді бұзған адамның қатысуымен ғана жазылуы керек. Журналдың нөмірі болуы керек, тігілген және кәсіпорынның мөрі болуы керек.

35)Тәрбиешінің ұйымдық үйлестіруші қызметі


Жалпы тәрбиеші әмбебап маман болуы керек.Не себепті?Себебі бала секунд сайын сұрақ қойып тез дамып жаңа затты білгісі келіп отырады.Аяқ асты сұрақ қояды.Оған тәрбиешінің жауап беруін талап етеді.
Жалпы тәрбиешінің қызметін бірнеше сатыға бөлуге болады:негізгі қызметі,құқықтық қызметі,ұйымдық үйлестіруші қызметі.
Ал осы ұйымдық үйлестіруші қызметіне не кіреді:балабақшадағы әрбір баланың дамуындағы ауытқушылығы бар екенін есепке ала отырып ол балалармен ерекше жұмыс істеп оларды ерекше бақылауға алып олардың даму ерекшелігін,зерделігін,зейінін,ойлау қабілетін ,эмоциясын қалай білдіреді,көңіл күйі тещ өзгерема немесе басқаша ма осының барлығын бақылап баланың даму картасына барлық қасиеттерін,жалпы бала туралы барлық мәліметті жазып отыру керек
Психологпен,логопедпен,арнайы мұғалімдермен байланыста болуы қажет

36. Тәрбиешінің педагогикалық қызметін бағалағанда ескерілетін мәселелер.


Тәрбиеші деген кім дегенге тоқталып кетейік. Тәрбиеші жеке тұлғаны қалыптастырушы, тәрбие мен білім жағынан баланың дамуына үлес қосатын жан. Тәрбиешінің педагогикалық қызметін бағалағанда ең алдымен алған дипломына яғни арнайы осы мамандықты бітіргендігі жайлы ақпарат алуымыз қажет. Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасына аса назар аудару қажет. Тәрбиеші өзінің тобындағы әр баланың жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беруі қажет. Балалардың денсаулығын сақтауға,қорғауға байланысты дәрігер талабын орындауы қажет. Ата - аналармен жиі жұмыс жүрзігуі керек. Аудандық,қалалық балабақшаларда педагогикалық кеңес жұмысына жиі қатысуына қарауымыз керек. Балалалар жүрзігілетін жұмыстар жайлы жоспар құрып есеп беруіне назар аударамыз.Тәрбиешінің негізгі қызметтері : тәрбиелу, білім беру, ұйымдастыру, дамыту, ынталандыру және бағалау болып табылады.

37.

Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу уақыты 


Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу 2007 жылы 27 шілдеде “Білім туралы” Қазақстан Республикасы заңының 5 бабының 37 тармағына сәйкез қабылданған педагогтарды аттесаттау әр 5 жыл сайын өткізіліп отыру керек.


Аттестатаудың негізгі мақсаты: педагогтардың біліктілігін тексеру болып табылады. Аттестаттау белгілі бір әдебиеттерді пайдалану арқылы, сұраө жауап, тет түрінде алынады.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін мыналар негіз болып табылады:
1. Алдыңғы аттестаттау мерзімінен өту.
2. Біліктілік санатын кезекті жоғарылату туралы педагогикалық қызметтерге өтініш.
3. Санатын арттыру иақсатында мерзімінен бұрын аттестаттау туралы педагогикалық қызметкердің өтініші.
4. Педагогикалық қызметкердің мерзімінен бұрын аттестатталуы туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген педагогикалық кеңестің жоғары оқу орындарында ғылыми кеңестің шешімі.
Аттестаттаудан өту үшін мынадай құжаттар талап етіледі:
1. Аттестаттауға өтініш
2. жеке төл құжаттың көшірмесі.
3. білім туралы, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмесі.
4. тәжірибе мен перспективасын жалпылау және оны енгізу мен қолдану туралы
5. өз қызметінің жетістіктерін растайтын материялдар жеке құжаттардың көшірмесі
Аттестаттау кмисиясы әрбір педагог қызметкер бойынша мынадай қорытындылардың бірін шығарады:
- тиісті санаттың (лауазымның) белгіленген біліктілік деңгейінің
- талаптарына сәйкес тиісті санаттың (лауазымның)
- біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиісті санаттың (лауазымның) біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Аттестаттаудың 2-ші кезеңіне тесттілеудің оң нәтиелерің алған жағдайда жіберіледі.Тесттілеу ұлттық біріңғай тесттілеу пунктерінде өткізледі. Тесттілеу автаматтандырылған компьютерлік әдіспен немесе сканерде өңделетін сұрақ парақшаларын толтыру әдісімен өткізіледі.

38) Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін негізге алынатын мәселелер


Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімдіұйымдастыру, рефлексиялық, коммуникативтік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін мұғалімдердіңбіліктілігін қалыптастыру – біліктілікті арттыру жүйесініңкезек күттірмейтін міндеті. Бұл мәселені шешудепедагогикалық кадрларды аттестациялау маңызды рөлатқарады. 
Педагогикалық кадрларды аттестаттау – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін, педагогикалық кәсіпқойлығын және еңбек өнімділігінкешенді бағалау.
Аттестацияның мақсаты – мұғалімдерге тиісті біліктілікберілген кезде олардың кәсіби құзыреттілік деңгейініңбіліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігінанықтау.
«Біліктілік» және «кәсіби құзыреттілік» ұғымдарымұғалімдерді аттестациялаудың функцияларын, мазмұнынжәне тәртібін анықтаудың негізгі ұғымдары болыптабылады.
Біліктілік – бұл белгілі бір деңгейде кәсіби орындалумүмкіндігін қамтамасыз ететін білім, дағды, кәсібимаңызды тұлғалық қасиеттер жүйесі.
Біліктілік санаты – педагогикалық еңбектің нормативтіккритерийлеріне сәйкес келетін және қызметкерге белгілібір күрделілік дәрежесіндегі кәсіби міндеттерді шешугемүмкіндік беретін біліктілік, кәсібилік және өнімділікдеңгейі.
Кәсіби құзыреттілік педагогикалық міндеттерді оңтайлышешу үшін ғылыми және практикалық білімдіқұрылымдау бойынша мұғалімнің дағдыларыныңжиынтығы ретінде түсініледі. 
Сертификаттаудың негізгі міндеттері: 
педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілік деңгейінмақсатты, үздіксіз арттыруды ынталандыру; 
мұғалімдерге еңбекақы төлеу деңгейін көтеру мүмкіндігін беру;
педагогикалық ұжымдағы беделі мен әлеуметтік рөлін көтеру.
Сертификаттаудың негізгі принциптері:
жүйелілік;
ашықтық,
сараптамалық бағалаулардың тұтастығы.
Аттестаттауды өткізу үшін білу қажет мәселелер: 
Еңбек өтілінің жеткілікті болуы;
Аттестатталу үшін білім деңгейінің соған сәйкес болуы;
Біліктілік санаттары жайлы нақты түсінік болуы;
Тестілеу ережелерімен таныс болуы.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кемінде бес жылда бір рет, білім беру ұйымдарының басшылары үш жылда бір рет өткізіледі. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет.

39. Оқу жылында өткізілетін педагогикалық кеңес түрлері


Педагогикалық кеңес (педкеңес) - білім беру ұйымдарында өткізілуі міндетті, алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады. Педагогикалық кеңес ұжымдық жұмыс түрі болып табылады. Педагогикалық ұжымның ішінде шығармашылық тұрғыдан ойластырылған және қатысушылар үшін қызықты, ширақ және ең бастысы тиімділігі мол болуы шарт. Педагогикалық кеңес барысында әдістемелік, теориялық, тәрбиелік тұрғысында және оқыту мен тәрбиелеу процесінде маңызды рөл атқаратын мәселелерді шешу үшін өткізіледі. Оқу жылында педагогикалық кеңес 5 реттен кем емес жиналуы керек. Педагогикалық кеңес стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге тиіс.
Педагогикалық кеңесті іскерлік жиналыстар, дөңгелек үстел, конференция, дискуссия және іскерлік ойындар түрінде өткізуге болады. Іскерлік ойындар педагогикалық кеңесті өткізудің жаңа форматы болып енгізілген болатын. Оқу жылында аналитикалық болжамдық, тақырыптық, нұсқаулық және қорытынды педагогикалық кеңес түрлері өткізіледі. Аналитикалық болжамдық педагогикалық кеңесі оқу жылының басталуына дейін тамыз айында өткізіледі. Ал оқу жылының соңында қорытынды педагогикалық кеңес өткізіледі.

40. Педагогикалық кеңес жұмысының негізгі бағыттары


Педагогтар кеңесі – мектепке дейінгі мекеменің іргелі мәселелерін қарастыратын мекемедегі тұрақты және басқарушы орган. Бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын басқаруда командалық бірлік пен алқалылықты біріктіру қағидасын жүзеге асырудың ең жоғарғы формасы болып табылады.Педагогикалық кеңес педагогикалық ұжымның алдында тұрған жылдық міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі (тақырыптық мұғалімдер кеңесі), сонымен қатар оқу жылының басталуына бағдар береді (монтаждық мұғалімдер кеңесі) және педагогикалық ұжымның жұмысын қорытындылауға мүмкіндік береді. оқу жылына (қорытынды мұғалімдер кеңесі).Педагогикалық кеңес мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жұмыс істеуі барысында туындайтын басқа да маңызды мәселелерді шешуге құқылы. Педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдер ұжымның барлық мүшелері үшін міндетті, сондықтан олар ойластырылған және қисынды болуы керек. Педагогикалық кеңестің негізгі міндеттері:


-білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру - оқу-тәрбие жұмысын жақсарту бойынша оқу орнының педагогикалық ұжымының іс-әрекетінің бағыты - педагогикалық ғылымның жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені тәжірибеге енгізу.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогтар кеңесін өткізу туралы жадынама:

Әрбір оқу орны «Педагогикалық кеңес туралы ережені» әзірлейді, ол мекеменің жергілікті актісі болып табылады. «Педагогикалық кеңес туралы ереже» Педагогикалық кеңес отырысында қабылданып, кейін оқу орны басшысының бұйрығымен бекітіледі.


1. Мұғалімдер кеңесінің тақырыбы мен мақсатын анықтау.
2. Мұғалімдер кеңесіне мұқият дайындалу.
Бұл мұғалімдер кеңесінің сапасын арттыруға ықпал етіп, оны өткізу уақытын қысқартады. Оны дайындауға оқу ісінің меңгерушісі мен аға тәрбиешісінен бөлек тәжірибелі ұстаздар қатысады. Күн тәртібі құрастырылды, мұғалімдер кеңесінің шешімі жобасы әзірленді, ол мұғалімдер кеңесінде түзетіледі. Дайындық барысында жиналыстың мақсаты тұжырымдалып, педагогикалық кеңесті өткізу нысаны белгіленеді.

3. Мұғалімдер кеңесінің мүшелерін дайындау.


Әр баяндамашының ұстаздар кеңесіндегі орны белгіленеді. Оның сөз сөйлеу формасы қарастырылуда. Әрбір спикер сөйлеуге дайындалады.


4. Мұғалімдер кеңесі тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін құрастыру.
5. Педагогтар кеңесін дайындау барысында туындаған мәселелер бойынша жеке консультациялар өткізу.
6. Қажет болған жағдайда мұғалімдер кеңесіне сауалнама жүргізу.
7. Мұғалімдер кеңесіне тақырыптық көрмелер ұйымдастыру.
8. Мұғалімдер кеңесі алдындағы жұмысыңызды талдау.
Мұғалімдер кеңесіне дайындық кезінде кемшіліктерді анықтауға және оларды дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
9. Құжаттарды дайындау.
10. Педагогикалық кеңесті өткізу кезінде өткен педагогикалық кеңестің күн тәртібі мен шешімдері оқылады.
11. Педагогикалық кеңестің соңы шешімдерді қабылдау болып табылады, онда орындау мерзімдері белгіленеді және осы шешімдердің орындалуына жауаптылар тағайындаладыПедагогикалық кеңес жұмысының мазмұны:
- Білім беру бағдарламаларын таңдау және бекіту. Педагогтардың шығармашылық есебін, нақты әдістемелік мәселе бойынша теориялық баяндамаларды және ата-аналар комитеті төрағасының есебін тыңдау, орындаған жұмыстар бойынша қорытынды, мәселе бойынша басқару шешім шығару. Тиімді және үздік жұмыс тәжірибесімен алмасу, кәсіби ортада педагогикалық қызметтің элементтерін талқылап, оларда жұмыс барысына енгізу.
- Педагог қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау курстарынан өту, аттестаттау мәселелерін талқылап қарастыру.
- Педагог қызметкерлердің рухани, жалпы педагогикалық мәдениеті мен педагогикалық шеберлігінің өсу мәселелері мен қазіргі замаңда педагогтардың жұмыс барысында жиі пайда болатын өзекті психологиялық мәселелерді шешу. Кемшіліктер мен қиындықтарды жоюға көмек көрсету.
- Материалдық-техникалық және санитарлық-гигиеналық қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.


41 Педагогикалық кеңесті өткізуге қойылатын негізгі талаптар
Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес ұйымдастырылуы керек.Негізгі талаптарға:тақырыптың өзектілігін ашы алу,қозғалып отырған мәселенің шешімі мен болашағын қадағалау,уақытында өткізілуі,ұжымның кеңеске толықтай қатысуы,шығарылған шешімнің дұрыс орындалуына жауапкершілікті қамтамасыз ету,талқыға салынған мәселелерді шешу барысында әдебиеттер мен зерттеу жұмысына аса мән беру,шешімді практикаға сала отыоа қолдану,балабақшаны дамыту үшін педагогикалық шаралар ұйымдастыру және тәрбиешілердің шығармашылығын,біліктілігін,ұжымшылдығын көтеру мәселелерін қарастыру.

42. Педагогикалық кеңес, оның мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі.


Педагогикалық кеңес оқу мекемесінің оқу - тəрбиелік және әдістемелік жұмыстарының негізгі мəселелері қарастырылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тəрбиешілер, кітапханашылар, дəрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы, мектеп кеңесінің төрағасы енеді. Кеңес төрағасы сол мекеменің директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырылады.
Педагогикалық кеңесте әртүрлі мəселелер қаралады:

- өндірістік, жұмыс бабына байланысты: мектептің жылдық жоспарын бекіту, мектептің бір тоқсанда істелген жұмыстарының қорытындысын шығару, емтиханға дайындық жəне өткізу жоспарын бекіту, оқушылардың бір сыныпты бітіріп, екіншіге көшуі, оқу жылының қорытындысы, оқушылармен істелетін жазғыжұмыстың жоспары;


- ғылыми-педагогикалық: басшы органдардың нұсқауларын жəне ғылыми зерттеулерді, озық тəжірибені талдау, мектептегі педагогикалық процестің нəтижелерін шығару жəне оған баға беру.


Педагогикалық кеңеске дайындалу жəне оны өткізу төрт кезеңді қамтиды:


• педагогикалық кеңестің жылдық жоспарын жасау;


• нақты педагогикалық кеңеске алдын ала дайындалу;


• педагогикалық кеңесті өткізу;


• педагогикалық кеңес шешімдерін орындау үшін жұмыс істеу.


Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды. Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, мұғалімдердің баяндамалары, ұжымның педагогикалық мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары талқыланады.


Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі. Сонымен бірге оқу жылының аяғында өткізілетін педагогикалық кеңес мына мәселелерді қараастырады: емтиханға жіберу; емтихан қорытындысы; мектеп бітірушілер тапсырған емтихандардың қорытындысы.


Бірінші педагогикалық кеңес жаңа оқу жылы басталмас бұрын, тамыз айының аяғында өтіп, əдетте мектептің жылдық жоспарын бекітуге, өткен жылғы жұмыс талданған директордың баяндамасын жəне жаңа оқу жылының міндеттерін талдауға арналған. Негізінен үш мəселеге ерекше назар аударылады: еңбекті, оқу жəне тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру.


Екінші педагогикалық кеңесте оқыту мен тəрбиенің негізгі мəселелері талқыланып, оларды жою үшін ғылыми дəлелдері бар ұсыныстарды тəжірибеге енгізу жолдары белгіленеді.


Үшінші педагогикалық кеңесте оқу жылында оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін көтеру, басқа да өзекті мәселелерді қарастырады.


Төртінші педагогикалық кеңесте əртүрлі тақырыпта баяндама жасалады, сонымен бірге емтихан мен балалардың жазғы демалысын өткізуге дайындық мəселесі қарастырылады.


Бесінші педагогикалық кеңес емтихандардың қорытындысы жəне оқушылардың келесі сыныпқа көшіру мәселесін қарастырады.


Педагогикалық кеңесті өткізуге алдын ала дайындалады, қарастырылатын мәселелер бойынша баяндамашылар белгіленіп, оларға шешім жобасын жасау тапсырылады. Педагогикалық кеңесті өткізу барысында педагогикалық кеңестің күн тәртібіне қатысты әртүрлі пікірлер тыңдалып, мұғалімдерді толғандырып жүрген мəселелердің бəрі талқыланып, оларды шешу жолдарын белгілеу ұсынылады.


Жалпы мектеп ұжымы әрбір мəжілістерді, соның ішінде педагогикалық кеңесті өткізуде оның негізгі ережелерін келісіп алуы керек. Ол ережелер: нақты регламент (уақытында бастау), педагогикалық кеңес уақытын 3 сағаттан асырмау, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерге белгілі бір уақыт бөлу, мəселелердің бəрін сабырлықпен, іскерлік жағдайда талқылау. Барлық сөйлеушілер көтеретін мəселені талқылап, оны шешудің нақты жолдары туралы ұсыныстар айтуы керек. Мектеп директоры педагогикалық кеңесті бастарда осы ережелерді еске салып, оны қатаң сақтауды талап етеді. Ол директордың талқылауды басқара білуіне, əдептілігіне, көңіл-күйіне, ескертулерінің нақтылығына, сын-ескертулерге дұрыс жауап беруіне байланысты. Директордың беделінің, тапқырлығының, талқыланатын мəселенің мазмұнын терең білуі, мұғалімдерді жақсы білуі, өзін-өзі ұстай білуінің де маңызы зор.


Педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау үшін істелетін жұмыстар, шешімдер алдын ала даярланып, директор жанындағы отырыста талқыланады. Педагогикалық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, мұғалімдер оқу үшін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді. Шешімде оның орындалу барысын қадағалайтыны туралы айтылады. Бақылау нəтижелері жұмыс барысында талқыланып, ол туралы келесі педагогикалық кеңесте айтылады. Педагогикалық кеңес шешімін орындаудың мəні неде? Ең алдымен мектептің барлық мұғалімдері педагогикалық кеңесте көтерілетін мəселелерді шешуге қатысу керек. Мектеп басшылары педагогикалық кеңес шешімін практикада іске асыру жолдарын көрсетіп, ұстаздар қауымына көмек беріп отырады. Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңестің барлық отырыстарында болуы, оның жұмысына белсене қатысуы, берген тапсырмаларды уақтылы және нақты орындауы қажет. Педагогикалық кеңестің отырыстарында хаттама жазылып, директор және хатшысы қолдарын қояды. Әр хаттамада оның номері, отырыстың күні, қатысушылар саны, отырыстың күн тәртібі, сөз сөйлегендердің қысқа және түсінікті жазбасы және талқаланған сұрақтар бойынша қабылданған шешім жазылуы тиіс. Педагогикалық кеңестің хаттамалары тұрақты сақтау құжаты болып табылады, ол мектепте белгіленген мерзімге дейін сақталып оқу мекемесінің істері тапсырылған және қабылданған кезде акт бойынша тапсырылады. Педагогикалық кеңестің төрайымы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі тексеріп ұйымдастыруы тиіс және тексерістің қорытындысын педагогикалық кеңестің талқылауына қою тиіс. Біліктілікті көтеру жұмыстарын педагогикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырудан басталады. Педагогикалық кеңес сонымен қатар оқушылардың дене тәрбиесін және басқа да оқу орнының қызметін ұжымдық талқылауды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.


43)жок

44.Тәрбиешілердің күнтізбелік –тақырыптықжоспарлары
Тәрбиешілер әр күнге жоспар жасайды яғни жұмысдұрыс ұйымдастырылып нақты нәтижеге жетуүшін. Жоспарлау ол негізі ұйымдастыру болыптабылады. Тәрбиешілердің жұмысының ең бастыжүйесі жоспарлау. Тәрбиешінің жоспары әртүрліболады яғни күнделікті күнтізбелік, тақырыптықжоспары болады. Күнтізбелі жоспар ол дегенімізмектепке дейінгі ұйымдағы балалардыңтәрбиешілермен күнделікті жасалатын нақты ісәрекеті болып табылады.Тәрбиешіге әрбір жұмыскезіне жоспар белгіленеді жәнеде сол жоспарарқылы жұмыс нақты жүргізілуі керек.Тақырыптық– күнтізбелік жоспар арнайы дайындалатынпедагогтарға соның тәрбиешілердің білімдік стандарттарына арналған арнайы құжат болыптабылады. Тақырыптық жоспардың белгілі бірстандартқа сай тақырыбы болады. Мысалы:анықталған тақырып бойынша өткізілетінертеңгіліктер жатады.

45) Менеджмент жүйесі


Менеджмент жүйесі – біртұтас, реттелген тұтастықты құрайтын өзара тәуелді және өзара байланысты элементтердің жиынтығы. Басқару жүйесін оңтайландырудың негізі, әдетте, оның қызмет ету мақсаты болып табылады. Басқару жүйесі ішкі теңгерімді, ұйымдық мақсаттарға сәйкес болуы, бақылауға қол жетімді, икемді және бейімделгіш болуы және қызметкерлер арасында бейресми байланыстарға мүмкіндік беруі керек.
Басқару жүйесі әзірленген іс-шаралар жоспарын және қабылданған басқару шешімін жүзеге асыру кезінде ұйымдық құрылымды құру, жұмыс істеуін қолдау және жетілдіру процесін білдіреді. Басқару жүйесінде болып жатқан басқару процесі өндірістік процеске және оның ерекшеліктеріне ұқсас, олар басқарушылық жұмыстың сипатымен түсіндіріледі. Өндіріс процесі тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған, ал басқару процесінің нәтижесі басқару әрекеттері мен шешімдерін дайындау болып табылады. Бұл процестердің негізгі айырмашылығы.

46) Пікірсайысты өткізу әдістемесі, оған басшылық жасау



Пікірсайыс - белгілі бір мәселені өзара талдау, нәтиже шығару, көпшілік ортада мәселенің талқыға түсуі. Пікірсайыстың көптеген түрлері бар, оларға жиналыс, пікірталас, конференциялар жатады.
Пікірсайыстың негізгі мақсаты қатысушылардың қызығушылығын арттыру, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, мәселенің шешімін шығару.
Пікірсайысты ұйымдастыру әдістемесі:
1. Пікірсайысқа қатысушылардың санын анықтап алу керек;
2.Пікірсайыс өткізілу уақытын алдын-ала белгілеу, сөз сөйлеушінің уақытын алдын-ала белгілеу
3.Қатысушылар сөйлеу мәдениетін ұстануы керек
Пікірсайыста жеңіске жету үшін тұлғаның өзіне тән қасиеттері, ұстанымдары болуы маңызды.
Ең бастысы пікірсайыстың жәй ғана пікір алмасуына айналып кетпеуін қадағалау керек. Пікірсайысты жүргізу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Оған басшылық жасау үшін арнайы лидер сайланады.



  1. Педагогикалық менеджменттің әдістемелік негізі

Басқару әдістемелерінің , негізінен, педогогикалық менеджмент үшін маңызы көп. Алдыға қойылған мақсаттардың орындалуы, ғылым және білім жағынан дамуы, белгіленген функциялардың сәтті орындалуына қол жеткізеді.Ең алғаш экономикалық ынталандыру және әдістерін тиімді пайдалану. Және де бұл қоғам мен мемлекеттің өзара үздіксіз тығыз байланысуы нәтижесінде іске асырылады.Екінші, талап, үлгі түрінде жүзеге асыратын ұйымдастыру түрі, мысалы лауазымға бөлу, жұмыстардың нәтижесі бойынша, тәрбиелеу, нұсқау беру және шығармашылық дамыту. 
Үшінші әдісіміз өтініш , тілек, талап ету және мадақтау жұмыстары арқылы, ізгі және тату жұмыс жасау. Әр адам өзінің еңбеге бағаланғаны сезілген кезде ,жұмысқа деген сый-құрмет және жауапкершілігін сезінеді. Сол себептен осы әдістің тиімділігі жоғары болып табылады.


48)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет