Жұмыс бағдарламасы (силлабус) Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус) Пән: Микробиология және иммунология 2



бет3/38
Дата25.12.2021
өлшемі0,54 Mb.
#105519
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
sillabus -2 zhmk 2020 (2)

2.Пәннің мақсаты:Студенттерде адамның жұқпалы патологиясындағы микроорганизмдердің рөлі, соматикалық науқастарда микробты аурулардың дамуы, адам ағзасы қалыпты микрофлорасының бұзылыстары, адамның иммундық статусын бағалау туралы білім маңызды рөлге ие болатын жұқпалы ауруларды төмендету және жою мәселелерін шешуде микробиологияның рөлі туралы білімді қалыптастыру.

3. Оқыту міндеттері:

  1. патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің классификациясы және биологиялық қасиеттері туралы түсінік беру;

  2. зерттеу материалынан микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу әдістерін, идентификациялау принциптерін, микроорганизмдердің микробтарға қарсы препараттарға сезімталдығын (төзімділігін) анықтауды үйрету;

  3. макро- және микроорганизм әрекеттестігінің молекулярлық механизмдері туралы түсінікті қалыптастыру;

  4. макроорганизмнің инфекциялық агенттерден қорғануының негізгі механизмдеріне және иммунологиялық реакциялардың түрлеріне сипаттама беру;

  5. микробтармен шақырылатын аурулардың патогенезі, инфекциялық иммунитеттің қалыптасуы, арнайы профилактика және емдеу принциптері туралы түсінік беру;

  6. кең таралған микробты этиологиялы инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды микробиологиялық диагностикалаудың заманауи әдістерімен таныстыру;

  7. микробиологиялық зерттеуге арналған биологиялық материалдарды жинау ережелері туралы түсінік беру;

  8. иммундық жүйенің құрылымына, жасушалық және гуморалды иммунитет жүйесі негізінде антиген және антиденеге түсінік беру;

  9. иммундық жауаптағы комплемент жүйесінің және иммундық жауапты индукциялау мен реттеудегі антиген таныстырушы жасушалардың ролін қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет