байланыстырылады. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құруға тырысқан Есім
ханның ӛз мақсатын орындау жолында жеке ұлыс-тайпалардың хандары мен ірі
феодалдарының қарсылығын тойтарып отыруына, кейде қантӛгіске баруына да тура
келеді. Есімнің жолына кесе-кӛлденең тұрғандардың бірі – Қатаған, Шанышқылы
руларының ханы, Тәшкентті билеуші Тұрсын еді. Тәуелсіз әмірші болғысы келген Тұрсын
Есімнің қалмақтарға қарсы жорыққа кетуін пайдаланып қазақ ауылдарын шабады. Кӛп
жұртты харап қылады. Ұзамай-ақ кезек Қатағандарға келеді. Ызақор, дұшпанына
мейірімсіз Есім жорықтан ораласалысымен
Тәшкентті шауып алып, Қатағандарды
қырғынға ұшыратады. Тұрсын ханның ӛзін ӛлтіреді. Бұл оқиға Абылғазы баһадүр ханның
айтуынша 1627 жылы болған. Есім ханның батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы
Марғасқаның біздің заманымызға жеткен бір ӛлеңі осы оқиғаға байланысты туған».
М.Мағауинның бұл деректері Марғасқаның ӛмір сүрген кезінен біраз мәліметтер береді.
Жоғарыда айтқанымыздай, XVII ғасырда ӛмір сүрген Марғасқаның бізге жеткен жалғыз
ӛлеңі ғана бар. Бұл шағын ӛлең небары 13 жол. 1627 жылдар шамасында Тәшкенттің сол
кездегі әміршісі Тұрсын ханға байланысты туған. Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлының осы
уақиғаға қатысты қолжазбасында былай делінеді: «Еңсегей бойлы Ер Есім Түркістанда
қазақ ханы болып тұрған күнде Ташкентте Тұрсын хан
Қатаған деген жұртты билеп
тұрды. Тұрсын хан мен Есім хан ант етісіп, бір-бірімен жау болмасқа бата қылысты.
«Күнбатыс Бұқар, Қоқан, Самарқандпен жауласуға мен қарсы тұрайын. Сен күншығысқа
қосын қылып аттан. Ұзын аққан Ертістің басынан кір, аяғынан шық», – деп Тұрсын хан
кеңес берген соң, мың кісі қосын алып Есім хан күншығысқа бет қойды».Тұрсын хан Есім
ханды алдап аттандырып жіберіп, иесіз қалған елді шауып алады. Марғасқаның: «Ей,
Қатағанның ханы Тұрсын, Кім арамды ант ұрсын», – деп ашына айту себебі де осыдан.
Мәшһүр жазбаларында бұл екі жол сәл ӛзгеріспен былай делінеді: «Қатағанның хан
Тұрсын, Қай кеткенді ант ұрсын», – Бұл мақал содан былай жұрт аузында қалыпты деседі.
Есім ханның Ташкентті алуы ӛте шұғыл. Қаланы алу барысында кӛп қан тӛгіледі. Мұның
себебі, біріншіден, Тұрсын ханның сӛзінде тұрмауы болса,
екіншіден, Есім ханның
Тұрсын хан сілтеген жорықта кӛп қиындықты басынан кешіргендігі болса керек. Мәшһүр
Жүсіп бұл ретте былай деп жазады: «Ол күнде Шу мен Сарысу асқан соң, Ертіске дейін
елсіз, жыртылып айрылған аңнан басқа дәнеме жоқ екен. Елсіз-күнсіз далада кім жүруші
еді деп Есімхандар аттарын қоя беріпті. Бұлар бейғам жатқанда, кӛліктерін түп кӛтере
қалмақтар айдап кетіпті. Мың сарбаз шӛл далада жаяу қалады.
Есім хан тұтқиылдан шауып Ташкентті бір-ақ түнде алған екен. Есім ханның
жауынгерлері Тұрсын хан жатқан сарайды қорушы күзетшілерді у-шусыз жайғастырып
тастайды. Енді ішке кірмек болғанда Есімнің қасындағы әрі батыр, әрі жырау Марғасқа:
«Тақсыр, сіз тұра тұрыңыз, мен барайын», - деп сарайға енеді.
Тұрсын бейқам, ұйқыда
жатыр екен. Марғасқа қарусыз ханды байлатып алады.
Байлатардан бұрын ханның кеңірдегіне жалаң қылышты тӛсеп тұрып оятып алып,
Марғасқа осы толғауын айтқан екен. «Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың!
Алтын тақта жатсаң да,Ажалы жеткен пақырсың! Еңсегей бойлы Ер Есім Есігіңде келіп
тұр, Алғалы тұр жаныңды, Шашқалы тұр қаныңды», – дейді. Осы бір түйіп айтылған ӛлең
жолдарынан ақынның ӛжеттігі, халқына деген қамқорлығы айқын кӛрінеді. Марғасқаның
бізге жеткен қысқа ӛлеңінде батырлық сарын басым. Жалғыз Марғасқа емес, Марғасқаға
дейінгі және одан кейінгі біраз жыраулар жайында осыны айтуға болады. Бүкіл бір
шаһардың ханы Тұрсын ханның алдында Марғасқаның қынаптан суырған қылыштай
ӛткірлікпен: «Жазықсыз елді еңіретіп, Жер тәңірісіп жатырсың! Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың! – деуі кездейсоқ емес еді. Мұндай сӛзді айту тек Марғасқа
сияқты жүрекжұтқан жыраудың ғана қолынан келген.
Бұл жырдан Марғасқаның от тілді, ӛжет, аса талантты ақын екендігі аңғарылады.
Ӛлең Марғасқаның халық әңгімелерінде айтылатындай шынында да жауынгер, жорықшы
жырау болғанын кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: