креатининді анықтау
. Қағидасы: Сілтілік ортада
креатинин пикриндік қышқылмен әрекеттесіп, боялған қосылыс түзеді.
Анықтау тәсілі: 2мл сарысуды 6 мл қаныққан пикрин қышқылымен
араластырады, 5 мин кейін қайнап жатқан су буына 15-20 с ұстайды, сосын
центрифугалайды. 4 мл центрифугатқа 0,2 мл 2,5 моль/л күйдіргіш сілтіні
қосып, жақсылап араластырады. Кейбір кездерде сілтіленген фосфорлар түсе
бастайды, соның нәтижесінде тұнба лайланады. Бұндай жағдайда оны қайта
центрифугалайды. Осы уақытта ерітіндіге 10 мл-ге дейін су құяды. Сосын
ерітіндіні 10 мин-тан кейін қалыңдығы 1 см кюветада, толқын ұзындығы 500-
560 нм (жарық фильтрінің түсі - жасыл) ФЭК-те өлшейді. Бос сынақ: 3 мл
қаныққан пикриндік қышқыл, 0,2 мл 2,5 моль/л күйдіргіш сілті, 10мл-ге дейін
су қосып араластырады. Есеп калибрлік кесте бойынша шығарылады.
Ендрассик-Гофф әдісі арқылы
Достарыңызбен бөлісу: |