Тимол сынағы
Бауыр ауруларының диагностикасын анықтауда Тимол сынағы
жасалады. Тимол сынағын
1944 жылы Маклаган ұсынды. Тимолдық реактив
тимол ерітіндісі мен веранол буферінен тұрады. Тимол сынағының мәні әлі
күнге дейін толық ашылған жоқ. Сынақ альбуминді азайтуға, γ-глобулинді
көбейтуге өте қолайлы екені ғана мәлім. Сынаққа қажетті тимол мен
буфердің түрлері сынақ нәтижесіне әсер етеді.
Маклаган ұсынған тимол реактиві мен веронал буфері тұрақсыздау
болып келеді. Оның тұрақтылығын түрлі әдістермен арттыруға болады.
Хуэрго мен Поппер Маклаган ұсынған негізгі реактивті модификациялап
даярлауды ұсынды (тимол веронал буферіне спирттік ерітінді түріне
қосылады). Кейін веронал буферін трис-буферімен алмастырды, себебі ол
НСl мен малеин қышқылымен жақсы әрекеттесіп, реактивке тұрақтылық
қамтамасыз етеді. Сынақ үшін оптимизация жасауда өте маңызды. Егер рН
7,55, температура 23—25 °С болса, реакция сезімталдырақ болады. Реакция
кезіндегі лайлану деңгейін визуалды немесе турбидиметрлік жолмен
бағалайды.
Калибрлік сызық құру үшін түрлі суспензиялар ұсынылады. Көп
жағдайда барий-сульфат реактиві қолданылады. Тимол, Алмас, Вельтман
сынақтары 1972 жылы ең жүйелі деп танылды.
Қағидасы: Сарысу тимол-веронал ерітіндісімен әрекеттескенде
лайланады, нәтижесінде глобулин-тимол-липидті кешен пайда болады.
Анықтау тәсілі: 6 мл тимол-веронал буферлі ерітіндісіне 0,1 мл сарысу
қосып, 30 мин тыныштық күйге қояды, содан кейін 630—690 нм толқын
ұзындығымен (жарық фильтрі - қызыл түсті) тұнбаның тығыздығын өлшейді.
Реакцияны бөлме температурасында жасайды. Есептеуді калибрлі кесте
бойынша жүргізеді.
Райтман — Френкелдің динитрофенилгидразин жүйелі әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |