Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет132/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
үлкенділігінен,  ядросының  болуынан  және  түсінің  ерекшелігінен  айыруға 
болады. 
Лейкоциттерді:  базофилді,  эозинофилді,  нейтрофилді,  лимфоцитты 
және  моноцитты  деп  ажыратады.  Бастапқы  үш  түрі  протоплазмадағы 
гранулоцитке  жатады.  Базофилді  жасуша  диаметрі  12  -  l4  микрон,  ядролы, 
көлемі  анықталмаған.  Протоплазманың  ішінде  ірі  күлгін  түсті  денешіктері 
болады. Жасуша саны 0,5-1% аспайды. 
Эозинофилдер  –  12  –  15  микрон  көлемінде,  сигменттелен  екі  алмұрт 
тәрізді,  ядролы  және  олар  өзара  жіңішке  көпірмен  байланысады. 
Эозинофилдің протоплазмасындағы  денешіктердің  қызыл-күлгін  түсі негізгі 
ерекшеліктерінің бірі. Эозинофилдің орташа мөлшері 1- 4% құрайды. 
Нейтрофилдер  –  үлкендігі  9  -  12  микрон  болатын  дөңгелек  пішінді 
жасушалар.  Протоплазмасы  ашық  қызғылтым  түсті,  оның  ішінде  қызыл-
күлгін  түсті  ұсақ  денешіктері  кездеседі.  Ядросы  2-4  бөлікке  бөлінген 
сегменттерден  тұрады.  Олар  өзара  жіңішке  көпірлермен  байланысқан. 
Протопазмасындағы денешіктер түсі көк-күлгін түсті болып келеді. Ядроның 
сегментті  нейтрофилі  жасушаның  50-  68%  алып  жатады.  Дамымаған 
жасушаларда ядро таяқша пішінді болып, оның 1-4% орнын алады. Ал одан 
да  жас  жаңа  жасушаларда  ядро  нейтрофильдері  домалақ  пішінді  келеді, 
осындай  жағдай  өте  жиі  кездеседі.  Таяқша  пішінді  ядролардың  болуы  жас 
жасушалар пайда болғандығын білдіреді. Оларды солға қозғалушылар немесе 
регенеративтік қозғалушылар дейді. Олар одан әрі дами түскенде оң бағытқа 
қарай  қозғалады.  Лимфоцит  жасушаларының  көлемі  7  -  9  микрон  болады. 
Лимфоциттер  ұсақ,  орташа,  ірі  протоплазмалы  деп  бөлінеді.  Дөңгелек  пен 
сопақша пішінді ядролар көк-күлгін түсті, кейбір жағдайларда өте қаныққан 
болуы  мүмкін.  Түсі  ақ  көк  протоплазмада  қызыл  ұсақ  денешіктер  анық 
көрінеді.  Ядроның  маңында  оны  қоршай  орналасқан  түссіз  немесе  ақшыл 
түсті  жиегі  болады.  Қалыпты  жағдайда  лимфоциттердің  мөлшері  25  -  38% 
құрауы керек. 
Моноциттер  –  перифириялық  қандағы  ең  үлкен  жасушалар.  Диаметрі 
12-20  микрон,  ірі  сопақша  ядролы,  басқаша  айтқанда,  бүйрек  немесе  таға 
пішінді ядросы болады. Моноцит ядросының түсі лимфоцит нейтрофилімен 
салыстырғанда ақшыл келеді. Протоплазмасы көгілдір сұр түсті, оның ішінде 
ұсақ  азурофилді  денешіктері  бар.  Моноциттер  қан  лейкоциттерінің  6-8% 
құрайды             . 
Қанның клиникалық биохимия әдістері де қоршаған орта өзгерістерінің 
белгісі бола алады. Биохимиялық талдау кезінде ағзадағы май, көмірсу, ақуыз 
алмасудағы негізгі көрстекіштер анықталады. 
Қан  сарысуындағы  ақуыз  мөлшерін  анықтау,  түрлі  қағидаларға 
негізделеді. 
Азотометриялық  әдіс  —  ақуыз  құрамындағы  азотты  анықтауға 
негізделген  (осы  әдісті  ең  алғаш  рет  1883  J.  Kjeldahl  ұсынды);  ақуызды 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет