Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет130/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд
6,7 Дәрс
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
Түстік  көрсеткіш  (бір  эритроциттегі  гемоглобиндердің  орташа  мөлшері) 
эритроцит  көлемі  мен  гемоглобулин  тығыздығына  байланысты.  Қалыпты 
жағдайдағы  түстік  көрсеткіш  саны  0,86  ˗  1,1,  ал  бір  эритроциттегі 
гемоглобиндердің  орташа  мөлшері  27˗33,3  пг-ге  тең  болады.  Қызыл  қан 
индекстері эритроциттердің орташа-, гипер-, гипохромия сияқты деңгейлерін 
анықтайды. 
Камерада  санау  әдісі  арқылы  лейкоциттер  санын  анықтау.  Қанды  алу 
және оны араластыру пробиркалық әдіс бойынша жүзеге асады. Пробиркаға 
0,4  мл  ˗  еріткіш  сұйықтықты  және  0,02  мл  мөлшеріне  қан  тамшысын 
тамызады. Дайын болған ерітінді шамамен 1:21 қатынасында болса, оны 1:20 
деп  санай  беруге  болады.  Еріткіш  сұйықтық  ретінде  3-5%  сірке  қышқылын 
таңдайды (эритроциттерді ерітеді).  
Лейкоциттер  санын  анықтау  үшін  көбіне  Горяевтың  екі  торлы 
камерасын  қолданады,  оның  әрбір  арықтары  көлденең  әрі  терең  болып 
келеді.  Торлардың  шетінде  тік  шыны  пластинкалары  бар,  оларға  арнайы 
жапқыш шынылар кигізіледі. Горяев торы 225 немесе одан үлкен квадраттан 
(15х15) тұрады. Вертикалды және горизонталды сызылған үлкен квадраттар 
саны  16,  олар  тек  вертикалды  немесе  горизантальды  сызылған 
квадраттармен,  сонымен  қатар,  сызылмаған  квадраттармен  де  алмасып 
отырады. Камера тереңдігі 1/10 мм, кіші квадрат ені –1/20мм, жалпы квадрат 
көлемі 1/4000
 
мм
3
-ке тең. Бұны қан құрамындағы лейкоциттерді немесе өзге 
де элементтерді дұрыс есептеу үшін есте жақсы сақтаған жөн. Камералар мен 
жапқыш шыныларды толтырмастан бұрын, оларды жақсылап жуып, кептіріп, 
сілкілейді. Жапқыш шынылардың камераға үйкелу нәтижесінде құбылмалы, 
ньютондық сақиналар пайда болады (тек осындай жағдайда ғана камераның 
дұрыс  көлемі  сақталады).  Қанмен  араласқан  тамшыны  камераның  жапқыш 
шынысына тамызады. Одан кейін элементтер өз формасына келу үшін 1—2 
мин тыныштық күйге қояды. Кейін микроскоптың ең төменгі ұлғайтқышына 
қойып,  санауды  бастайды.  Лейкоциттерді  квадрат  көлемінен  100  есе  үлкен 
мөлшерде  (100х16=  1600  квадратпен),  диагонал  бойынша  санайды,  себебі 
жасушалар  камерада  біркелкі  таралмауы  мүмкін.  Ол  үшін  микроскоппен 
қарағанда,  сол  жақтағы  үлкен  квадратты  тауып  алып,  ондағы  лейкоциттер 
санын  санаудан  бастайды,  кейін  диагонал  бойынша  төмен  түсіп,  одан 
біртіндеп,  оңға  көшеді.  Бір  санаған  жасушаны  екінші  рет  қателесіп  қайта 
санамас үшін, келесі ережені қолданады (6- сурет).  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет