Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
6-сурет. Горяев камерасында лейкоциттерді санау принципі
Есептеуге кіші квадраттар ішіндегі барлық жасушалар және денесінің
көп бөлігі квадрат ішінде жатқан жасушалар кіреді. Сонымен қатар, сол
жақтың жоғарғы бөлігіндегі шектік сызықта жатқан жасушаларды да қатар
санай кетеді, ал келесі оған санақ жеткенде тура осылай саналады. Денесінің
басым бөлігі квадратта жатпаған лейкоциттерді санамайды. Осы квадратта
есептелінуге тиісті белгіленген жасушаларды санау. 1 мкл қандағы
лейкоциттерді санау, келесі мысалда келтірілген. Мысалы: 148 лейкоцит 100
есе үлкен квадраттық өлшем бойынша, (кішіде 1600). Кіші квадрат көлемі
1/4000 мм
3
,ал қан 20 есе аз алынған. 1 мкл қандағы лейкоцитті есептеу:
148х4000х20 /1600=7400
Практикалық тұрғыдан, 1 мкл қандағы лейкоцитті анықтауда оның
ережелерін қатаң сақтай отырып жасаған есептеу нәтижесіндегі санды екіге
бөліп, оған екі нөл жалғаса да дұрыс болады. Қандағы лейкоциттер саны
өзгеріп отырады, әсіресе, кешкілік уақытта максимумға жетеді. Лейкоциттер
санының тым артуын лейкоцитоз, ал кемуін — лейкопения деп атайды.
Лейкоциттерді есептеу формуласы
Лейкоциттік формула деп қан құрамындағы лейкоциттердің жеке
формаларының пайыздық қатынасын атайды. Дұрыс таба білу үшін
лейкоциттердің 200-дей түрін қарау қажет. Себебі, лейкоцит түрлері жапқыш
шыны үстіне бірыңғай болып жағылмайды. Ол үшін келесі ережелерді сақтау
қерек: жағындыны жоғарыдан төмен қарай, кейін жағындыны ирек сызық
бойынша қозғалта отырып санайды. Шеткісінен санағанда горизонтальды
бағытта үш алаңды және ортасынан үшеуін т.с.с. санай береді. Төрт бөліктің
әрбірінде 50 жасушадан, жалпы қосқанда- 200 болады. Лейкоцитарлық
формула бойынша есептеу үшін, арнайы санағыш пернені басып отырады,
оны басқанда лейкоцит атауының бастапқы әріпі шығып отырады.
Қанның микроскопиялық көрінісі:
Эритроцит – ядросыз жасуша, қышқылдар әсерінен қызыл қүрең түске
боялады, ортасына қарай ойыс дөңгелек пішінді болып келеді. Диаметрі
шамамен 8 микрон болады. Лейкоциттерді эритроциттерден көлемінің
|