Жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Бірінші басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/164
Дата14.12.2021
өлшемі2,23 Mb.
#100404
түріБағдарламасы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164
Байланысты:
Биоиндикационные методы иследования Умкд

Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
 
ұпайлармен,  индекстермен  беріледі,  сол  себепті  сандық  және  сапалық 
көрсеткіштері аралығындағы шамаларының жағдайы көрсетіледі және де ол 
сарапшылардың біліктілігіне де байланысты. 
Ресей  ғалымы  Н.С.  Строганов                            судағы  токсикологияны, 
гидробионттарды  қоршаған  ортаның  барлық  деңгейдегі  улы  мекендеуші 
тіршілік  етушілердің  ұйымы,  кез-келген  ластанудағы  гидробионттардың 
реакцияларын зерттейтін ғылым деп анықтайды. 
Судағы  объектінің  түрлі  өндірістік  және  өзге  де  зиянды  ластануының 
деңгейін  анықтау  үшін  мынандай  сұрақтарға  жауап  беру  қажет:  су 
қоймаларына  ағынды  сумен  баратын  су  уытты  (токсинді)  ма;  оның 
уыттылығының  көрсеткіші  қаншалықты;  су  шығатын  бөліктен  қанша 
аралықта  судың  уыттылығы  ең  төменгі  деңгейге  дейін  азаяды.  Эквивалент 
ретінде  биотест  арқылы  анықталған  зиянды  әсері  бар  ағынды  сұйықтық 
қолданылды. 
Су қоймаларының экологиялық жағдайын анықтау үшін толық ақпарат 
беретін  гидробиологиялық  зерттеулердің  нәтижелері  қолданылады.  Су 
қоймаларының  биоиндикациялық  ластануы  көбіне  су  экожүйесінде  негізгі 
трофикалық  деңгейді  негізге  алатын    көптеген  көрсеткіштерді  жинақтайды: 
фитопланктон,  зоопланктон,  бентос  және  т.б.  Барлық  улы  заттарды  қоса 
есептегенде,  судың  ластану  деңгейінің  жалпы  көрсеткішін,  соған  сәйкес 
ластанған  судың  гидробионттар  үшін  қауіптілігін  анықтайтын  биотестілік 
көрсеткіштер  болып  табылады.  Осыған  сәйкес  уыттылықты  анықтау 
талдаудері уыттылықты биотестілеудің әдістері мен тәсілдері арқылы жүзеге 
асады.  
Осыған  қатысты  су  экожүйесіндегі  ластану  мониторингінің  жаңа 
бағыты  су  экожүйесінің  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  су  түбіндегі 
шөгінділердің  ластануына  берілетін  талдау  мен  баға  болып  табылады.  Су 
түбіндегі  шөгінділер  ластаушы  заттар  түскенде  оны  сіңіріп  алады,  солай 
зиянды  заттарды  жинаушы  бөлікке  айналады.  Осыған  сәйкес  ластаушы 
заттар  өзара  және  экожүйедегі  өзге  заттармен  әрекеттесе  отырып  түрлі 
өзгерістерді, оның ішінде химиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін. Осындай 
құбылыстарға байланысты су түбіндегі шөгінділер өзге де өте қауіпті зиянды 
заттарды шығарушы көзге айналады. 
Су қоймаларындағы және су ағындарындағы судың сапасы туралы баға 
физикалық-химиялық және биологиялық әдістер арқылы берілуі мүмкін. Баға 
берудің биологиялық әдісі, ол – су экожүйесінде өмір сүретін өсімдіктер мен 
жануарлар арқылы берілетін сипаттама. 
Кез-келген  су  экожүйесі  сыртқы  факторлармен  тепе-тең  қатынаста 
болып, антропогенді факторлар арқылы бұзылатын қозғалмалы биологиялық 
қатынастармен  күрделі  байланысқа  ие  болады.  Ең  алдымен,  антропогенді 
факторлардың  әсері,  жекелеп  айтқанда,  судағы  бірлестіктердің  сыртқы 
құрамы  мен  олардың  қосылған  түрлерінің  қатынасы  арқылы  байқалады. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет