Жұмыс бағдарламасы (syllabus) жн-03-21 фр-01 12 беттің -беті



бет4/4
Дата20.09.2022
өлшемі220 Kb.
#150054
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
3Пәннің бағдарламасы (SYLLABUS)
МАҚАЛ, Тест жұмысы 7 сынып физика курсының жылдық тесті , през-1
15







  1. СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ






Тапсырма атауы

Тапсырмаларды өткізу апталары

1-модуль. Интонациялық және ырғақтық жаттығулар. Нота текстін оқу.
Музыкалық диктант.

1

Орыс халық әні «Маки»

1-апта

2

Ц. Кюй. «Весенее утро»

2-апта

3

Венгер халық әні

3-апта

2-модуль. Интонациялық және ырғақтық жаттығулар. Нота текстін оқу.
Музыкалық диктант.

4

Ан. Александров «Кто поможет?»

4-апта

5

Ю. Вейсберг. «Ты, гармон, играй быстрей»

5-апта

6

В. Красева «Зима»

6-апта



4. ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ


Негізгі әдебиеттер:
1. Қожахметұлы Е. Музыка теориясының негіздері. Алматы, 2016.
2. Больман Филип. Әлем музыкасының тарихы. 1 бөлім, «Кембридж антологиясы».Нұр-Сұлтан, «Ұлттық аударма бюросы», 2020.
3. Гомбрих Э. Өнер тарихы. Алматы, 2019.
Қосымша әдебиеттер:
4.Шунк Дейл Х. Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі. 7-басылым» Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» 2019.
5. kaznui.kz/kz/education/entrant/de
6. https://ru.wikipedia.org/wiki
7. www.lib.ukgu.kz/.../cgiirbis_64.exe
5. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

1. Студенттердің білімін бақылау мен бағалау балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүзеге асырылады:





Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

2. Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жалпы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын, шығармашылық белсенділігін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау оқытушымен жүргізіледі (лектормен).


3. СОЖ(ОСӨЖ) тапсырмалары және оларды орындауға қойылатын талаптары мен бағалау критерийлері «Platonus» жүйесіне енгізілген.
4. Оқытушы бір семестр бойы барлық білім алушылар үшін семестр бойы оқылатын пәндерден екі міндетті межелік бақылауды келесі мерзімдерде өткізеді: бірінші межелік бақылауды – 7 (жетінші) аптада және екінші межелік бақылауды – 15 (он бесінші) аптада.
5. Бағалау тәртібі: әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды практикалық, зертхана, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б. сабақтарында бағалап, орта арифметикалық қосындысын 3, 5, 7, 10, 12, 15 апталарда «Platonus» жүйесіне енгізіп отырады.


Ағымдық бақылау:
1 )Жазбаша диктант жазу : семестрде 4 рет;
2) Нота текстін бірден оқу: семестрде 3 рет;
3) Интонациялық жаттығулар тапсыру: семестрде 3 рет;
4) Жеке тапсырма (СӨЖ): семестрде 6 тапсырма беріледі
Ескерту: Пәнді оқытудағы бір семестрдегі СӨЖ тапсырмаларының саны 6-дан аспау керек. Ағымдық бақылаудың келтірілген әрбір түрі бойынша максималды баға 1-кестеде көрсетілген апталарда қойылады. Межелік бақылауға дейінгі ағымдық бақылаудың жиынтығы 100 балдан аспау керек.


Межелік бақылау: 7-ші және 15 аптада өтетін тест(ауызша, жазбаша)
Қорытынды емтихан: емтихан сессиясы кезеңінде
Білімді бағалау үлесі , %
Ағымдық бақылау (АБ) – 30 %
Межелік бақылау(МБ) – 30%
Қорытынды емтихан(Е) – 40%

Жалпы: 100%


Аралық аттестаттаудың қорытындысы төменде көрсетілген формуламен есептелінеді:
Қорытынды бағалау(ҚБ) = 0,15*АБ1+ 0,15*МБ1+0,15*АБ2+0,15*МБ2+0,4*Е

Мұндағы:


АБ1 -

3,5,7 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ1-

1-7 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (бірінші межелік бақылау) нәтижесі

АБ2 -

10,12,15 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ2 -

8-15 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (екінші межелік бақылау) нәтижесі

Е -

Емтихан бағасы


1-кесте
Жұмыстарды тапсыру кестесі

Апталар
Тапсырмалар



1

2

3

4

5

6

7



8

9

10

11

12

13

14

15



Дыбыстарды интонациялау

 *

*




*







*














*

*




*




Нота текстін оқу







*




*












*




*













*




Жазбаша(Диктант)
















*










*




*







*







Жеке тапсырма (СӨЖ)










*




*

*













*

*




*







Практикалық сабақтағы белсенділігі

*

*

*

*

*

*

*






*

*

*

*

*

*

*

*




Ағымдық бақылау (АБ)







100




100




100

АБ1 ≤100





100




100







100

АБ2 ≤100

Межелік бақылау(МБ)



















100

МБ1 ≤ 100




















100

МБ2 ≤ 100

Қорытынды бағалау

ҚБ= 0,15*АБ1+ 0,15*МБ1+0,15*АБ2+0,15*МБ2+0,4*Е 






Ескерту: Сессияға оқу ақысын толық төлеген, сабаққа 75% -тен жоғары қатысқан, ағымдық және межелік бақылаулардан өту балын жинаған (өту балы 0,15*АБ1+0,15*МБ1+0,15*АБ2+0,15*МБ2≥50 балл) академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттер жіберіледі.
Назар аударыңыздар: Барлық тапсырма түрлерін орындау және тапсыру барысында, сонымен бірге межелік бақылау мен емтихан тапсырған кезде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау қажет. Межелік бақылау мен емтихан кезінде барлық ақпараттық, есептегіш құралдарды пайдалануға немесе басқа студентпен сөйлесуге, көшіруге тыйым салынады. Бұл талап орындалмаған жағдайда емтихан тапсыру тоқтатылып, акт толтырылады. Акт толтырылған студенттер академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін факультет декандары шара қолданады. Егерде студент емтихан барысында академиялық адалдық қағидаттарын өрескел бұзған жағдайда оқудан шығару мәселесі қаралады.
Қорытынды бақылаудың оң бағасын емтихан сессиясының осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие. Бұл ретте емтихан сессиясы барысында факультет деканының рұқсатымен студент емтиханды жеке кесте бойынша тапсырады.
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне/модуліне келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.
Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.
Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан университеттен оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.
Курстан курсқа көшу GРА (Grade Point Average) балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі: 1 курстан 1,5; 2 курстан – 1,8; 3 курстан – 2,00; 4 курстан-2,33.


6. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


  1. 2021-2022 оқу жылында оқу үдерісі келесі тәртіппен ұйымдастырылады: студенттерге барлық бағыттар бойынша аралас оқыту форматында оқу процесі ұйымдастырылады (лекция – қашықтықтан, қолданбалы сипаттағы зертханалық, семинар және практикалық сабақтар – дәстүрлі).

  2. Аудиториялық сабақтар ұзақтығын ОСӨЖ сағаттарын бір уақытта ұлғайтып 40 минутқа дейін қысқартылады.

1 ш.м. 1 адам (1 партада 1 адамнан) – әлеуметтік қашықтандыруды ескере отырып аудиторияның толымдылығын қамтамасыз етіледі және 1 білім алушыға кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етумен зертхана сабақтары өткізіледі.
Әртүрлі академиялық топтардың үзілісте араласпауын қамтамасыз ету үшін жылжымалы
өзгерістер кестесі әзірленеді. Сабақ кестесі университет сайтында орналасады (http://sirdariya.kz).
Кестеде ауаны залалсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, аудиторияларды санитариялық өңдеу үшін оқу сабақтары арасында 20 минут үзіліс көзделеді. Студенттердің аудиториядан тыс байланысын болдырылмау қажет.
Білім алушылардың спортзалда 1 ш.м.-ге 1 адамнан әлеуметтік қашықтандырылу есебімен табылуын қамтамасыз ету, бұл ретте залдың толымдылығы 40%-дан аспауы керек.
Шетелдік студенттер қашықтықтан оқыту форматында оқытуды жалғастырады.
Университет білім алушыларға дәріс материалдарынан, семинар/практикалық және / немесе зертхана тапсырмаларынан, өзіндік жұмыс тапсырмаларынан тұратын оқу материалдарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы оқу материалдарын «Платонус» ААЖ-не орналастырады.


7. ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КЕЗЕҢІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
COVID-19, өкпе пневмониясы немесе басқа да вирустық аурулар белгілері болған жағдайда студент өтініш жазып, қашықтықтан оқу форматында оқытуды жалғастырады.
Сабақтың барлық түрлері бойынша (онлайн, оффлайн) студент сабақ кестесіне сәйкес уақытылы қатысуы керек.
Сабақ барысында студент аудиторияларда бетперде кию міндетті. Бетпердесіз келген студенттер аудиторияларға жіберілмейді.
Аудиторияға кіргенде студент антисептиктері бар санитайзерлермен колын залалсыздандыру керек.
Аудиторияда студент 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау керек.
Сабақ аяқталғаннан кейін аудиторияларды уақытылы босату керек.
ЖОО ішінде, сабақ кезінде, студенттер мен оқытушылар ара қатынасында этикалық кодекс ережелерін сақтау тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет