танысу деңгейінде: - оқу процесінде қазіргі заманғы АКТ құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану саласында құзыреттілікті қалыптастыру.
1.3. Пәннің оқу үрдісіндегі орны Бұл пән университет/факультативтік компонент, оқытушыларды кәсіби даярлаудың құрамдас бөлігі болып табылады, пәндердің базалық/кәсіби блогына кіреді
Күтілетін нәтижелер: білуі тиіс: - АКТ құралдарын оқу қызметінің әртүрлі түрлері мен нысандарында пайдалану тәсілдері мен әдістері;
- кәсіби қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолдану принциптері;
- білім беру жүйесіндегі ақпараттандыруға байланысты өзгерістер;
- ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері;
- білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын әзірлеу мен қолданудың перспективалық бағыттары;
- білім беруді ақпараттандыру саласындағы зерттеулердің перспективалық бағыттары.
орындай алу тиіс: - АКТ құралдарын өзінің кәсіби қызметінде пайдалану;
- телекоммуникациялық технологияларды білім беру мақсатында пайдалану;
- заманауи ақпараттық технологияларды білім беру қызметіне біріктіру;
- оқытудың тұлғалық-бағдарланған моделін іске асыру үшін жаңа ақпараттық-коммуникациялық білім беру ортасының мүмкіндіктерін пайдалану;
- тұлғаның жас ерекшелік дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сәйкес келетін АКТ-ны қолдана отырып, білім беру процесін жобалау;
- білім беру процесіне енгізу үшін электрондық білім беру ресурстарының және бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз етудің сапасына білікті сараптамалық бағалау жүргізу.
меңгеруі тиіс: - пәндік салада АКТ қолдану әдістемесі;
- АКТ қолдануға негізделген педагогикалық технологияларды әзірлеу дағдылары;
- жалпы және кәсіптік мәдениеттің әртүрлі салаларынан түпнұсқа көздерді, оның ішінде электрондық және шет тілінде пайдалану негізінде кәсіптік білімді толықтыру тәсілдерімен.