ALIKHAN BOKEIKHANUNIVERSITY
Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты
«Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Директор
_______________Молдажанов М.Б.
Оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Пән бойынша «Оқу процесінде АКТ қолдану әдістемесі»
ББ PR0012 Педагогикалық қайта даярлау
Барлық кредиттер 5
Дәрістер 30 сағат
Тәжірибелік сабақтар 15 сағат
Барлығы аудиториялық 45 сағат
ОСӨЖ 25 сағат
СӨЖ 80 сағат
Семей қ., 2023
Пәннің жұмыс бағдарламасын модульдік білім бағдарламасы негізінде құрастырылған.
«Ақпараттық-техникалық ғылымдары» кафедрасы отырысында қарастырылды.
«04» мамыр 2023 ж. № 9 Хаттама
«Ақпараттық технологиялар және экономика» факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«15» мамыр 2023 ж. № 5 Хаттама
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді.
«25» мамыр 2023 ж № 5 Хаттама
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны
1.1. Пәнді оқытудың мақсаты: болашақ мұғалімдерінде оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану жөніндегі маманның құзыреттілігін қалыптастырудың негізін құрайтын оқыту мен білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру.
1.2. Пәнді оқудың міндеттері: білім деңгейінде: - білім беру жүйесінде жұмыс істейтін маманның кәсіби қызметінде АКТ құралдарын пайдалану мен қолдануды зерделеу;
білік деңгейінде: - оқыту мен білім беру міндеттерін шешу үшін АКТ қолданудың дидактикалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздерінің өзара байланысын ашу;
- оқу және оқудан тыс жұмыстарда жүзеге асырылатын әртүрлі оқу сабақтарын өткізу кезінде АКТ құралдарын пайдаланудың заманауи әдістерін қарастыру.