Практика мазмұны: 1.Меңгеру: -пән мұғалімінің және сынып жетекшісінің оқу-әдістемелік құжаттарын;
-бекітілген сыныптағы тұтас педагогиалық процестің жағдайын диагностикалық әдістемелерінің көмегімен (оқу үлгерімі, оқушы мен ұжымның даму деңгейі, әлеуметтік белсенділігі, тәрбиелік деңгейі, тұлғалық психологиялық дамуы ес, ойлау, ынта және т.б.)
-отбасының педагогикалық процесі, психологиялық ахуалы:
-бекітілген сынып оқушыларының ата-аналарымен, сынып жетекшісімен, мектеппен өзара байланысы;
-мектептің психологиялық қызметінің жағдайы;
-мектептің дарынды балалармен жұмысы;
-мектептің әдістемелік қызметін ұйымдастыру;
-мектептің мамандануына сәйкес пәндер бойынша оқу және мектеп кабинеттеріндегі әдістемелік қор;
-инновациялық әдістер және технологияларды талдап, қорыту және ендіру бойынша мектеп жұмыстары;
-мектеп кітапханасының кітап қоры;
-тұтас педогогикалық процесіне этнопедогогика негіздерін ендіру;
2.Құрастыру: -студенттің педогогикалық практика кезіндегі пән мұғалімдерінің және сынып жетекші ретінде жеке жұмыс жоспары:
-тақырыптық және сабақ жоспарларын;
-пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жоспарлары;
-кабинеттің әдістемелік қорын толтыру жоспары (кесте, үлгі, тартпа материалдары және т.б.)
-сынып оқушыларының ата – аналарын педогогикалық ағарту жұмыстары үшін психологиялық-педогогикалық әдебиеттер тізімін;
-педогогикалық практика кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын;
3. Іске асыру: -Пән мұғалімі ретінде жұмыстар (сабақ жүргізу, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, үлгермейтіндермен жұмыс және т.б.) әртүрлі сабақтарға талдау жасау (психологиялық, жалпы дидактикалық, жеке методикалық, кешендік), сонымен сабақтың өзіндік талдауы;
-жоспарға сәйкес сынып жетекшісі ретінде іс-әрекеті;
-сыныпта өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың психологиялық, педогогикалық талдауы;
-бекітілген сынып оқушыларымен жұмыс жасайтын пән мұғалімдерімен байланыс;
-сыныптағы тұтас педогогикалық процеске жаңа білім беру және тәрбие технологияларының элементтерін ендіру;
-сынып белсенділерімен жұмыс;
-оқушыларға жеке көмегі;
-курстық және дипломдық жұмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми жүмыстардың бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер;
-өзін – өзі тәрбиелеу және кәсіби- тұлғалық өзін- өзі дамыту бағдарламасын жөндеу;