Жұмыс бағдарламасы Тәжірибе: Педагогикалық практика мерзімі


Педагогикалық практиканың апталық бағдарламасы



бет3/3
Дата29.11.2022
өлшемі25,8 Kb.
#160367
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Жұмыс бағдарламасы Пед.практика 3курс 6 апта
Математика КАЗ, 1. Кіріспе, 5. СРСП, Упр.решений тапсырмалар, 111, 8 сынып қазақ тілі .2
Педагогикалық практиканың апталық бағдарламасы
І апта.
1. Университетте өтетін педагогикалық практика жөнінде бағыт беру конференциясына қатысу.
2. Студент- практиканттың педагогикалық жұмыстарды жоспарлау және есепке алу журналымен танысу.
3. Педпрактикадан өтетін мектептерін және практикаға жетекшілік ететін методистерді білу.(Химия, биология)
4. Студенттердің мектеппен танысуы, мектеп директорымен, оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушілерімен әңгіме.
5.Химия, биология пәні мұғалімдерімен пікірлесу.
6. Студенттердің өзіне бекітілген сыныппен танысу.
ІІ апта.
1. Пән мұғалімдерінің календарлық және сынып жетекшінінің тәрбие жұмысы жоспарымен танысу. (Кеш, үйірме, апталық).
2. Өзіне бекітілген сыныптағы сабақтарға, химия, биология сабақтары мен сыныптан тыс шараларға, оларды талдауға қатысу.
3. Пән бөлмесінің жабдықталуымен, көрнекі құралдармен танысу.
4. Оқу тәжірибесі кезіндегі студенттің барлық жұмысының жеке календарлық жұмыс графигін құруы (сабақ, үйірме жұмыстары жоспарлары).
5. Бекітілген сыныптарда химия немесе биология сабақтарын өткізуді, жоспарларын құруды пән мұғалімінен үйрену.
ІІІ апта.
1.Бекітілген сыныптарда химия және биология сабақтарына қатысу.
2. Қатысқан сабақтарын талдауға қатысу.
3. Методистер мен пән мұғалімдерінің ескертулерін ескере отырып, келесі аптадағы сабақ жоспарларын құруға үйрену.
4. Сабаққа қажетті көрнекті құралдарды жасауға үйрену.
5. ІV аптаның сабақ жоспарын жасап және оны бекітуге үйрену.
ІV апта
1. І,ІІ,ІІІ аптадағы практика бағдарламасының орындалуын күнделікке толтыру.
2. Сабақтарды белсенді әдістерді қолдана отырып, сабақ беруге үйрену және көрнекіліктерді дайындауға үйрену.
3. Үйірме жұмыстарын жүргізуге көмектесу.
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
5. 3 аптадағы практика бағдарламасының орындалуын тексеру.
6. Сабақ өткізуде оқушыларымен өзбеттік жұмыстар ұйымдастырып, оқушылар білімін тексеру әдістерін түрлендіріп отыруға үйрену.
7. Өз бетімен сынып оқушыларымен белгілі бір тақырыпта әңгіме өткізу.
(Химия, биология)
V апта.
1. Сабақтарды белсенді әдістерді қолдана отырып беруге және өткізуге үйрену және өткізу, көрнекіліктерін дайындау.
2. Химиялық диктант, тест, т.б. әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың біліміне бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу.
3. Келесі аптада берілетін сабақтардың конспект-жоспарларын жасауға үйрену, көрнекіліктерін әзірлеу.
4. Өткен аптадағы практиканың жеке жұмыс жоспарын журналға толтыру.
5. 5 аптадағы практика бағдарламасының орындалу графигін толтыру.
6. Химия немесе биология бойынша сыныптан тыс шаралар әзірлеу. Баяндама: Атырау обл. (Кеш Химия апталығы 1-2).
VI апта
1. Жоғарғы сынып химия пәні мұғалімдермен пікірлесу. (9-10-11)
2. Пән мұғалімдерінің 9-10-11 сынып химия немесе биология пәндерінің календарлық және сыныптан тыс оқу жұмысының жоспарларымен танысу және жасауға үйрену кеш, үйірме, апталық.
3. Пән мұғалімдерінің 9-10-11 сынып химия, биология сабақтарына мен сыныптан тыс шараларға қатысу және талдау.
4. Пән бөлмесінің жабдықталуымен, көрнкі құралдармен танысу.
5. 9-10-11 сыныптарда химия, биология сабақтарын өткізу дайындалу, жоспарларын құру, жоспарды пән мұғаліміне, әдіскер көрсету және үйрену.
Педагогикалық практиканың қорытындысында студент мынадай құжаттарды әзірлеуі қажет:

  1. Сынақтық сабақтардың (2 сабақ) конспектілерінің үлгілері, қысқа мерзімді жоспары;

в) Сыныптан тыс жұмыстардың жүргізудің үлгісі;
г) Жаңа оқу VІІ- VІІІ сынып химия, биология сабағының жұмыс жоспарлары;
д) Оқу тәжірбиенің есебі;
е) Студенттің тәрбие жұмысына мінездеме (сынып жетекшілерінен);
л) Педпрактика өмірінен фото суреттер және есебі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет