Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7


Тақырып  Митохондрия және пластидтердің құрылысы мен қызметтері Митохондриялар



Pdf көрінісі
бет8/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
5 Тақырып 
Митохондрия және пластидтердің құрылысы мен қызметтері
Митохондриялар
(грекше 
митос
— жіп және 
хондрион
— түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид.
Ол автотрофты жәнегетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші
1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді (Бұлшық
еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр). Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар
арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы Бұл
органоидка митохондриялар деген ат берді. Михаэлис тірі жасушалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен
бояп, олардың жасушадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.
Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні эркез өзгермелі келеді. Көп
жасушаларда олардың калыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 
7—10
мкм-ге
дейін жетеді. Митохондриялардың шын көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды
микроскоппен митохондриялардың жұқа 
(400—500 А°
) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дәлелдеу оңайға
түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын
(кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.
Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларда, әсіресе, патология
кезінде, ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша
қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырады.
Митохондриялар митоз процесінде ұршық жіпшесінің айналасына шоғырланып, жасуша бөлінгенде олар жас
жасушаларға тең беріледі. Негізінде митохондриялар АТФ керек жерлерге миофибрилдерге тақау, ал
сперматозоидтарда талшықты оран орналасады.
Сонымен митохондриялардың саны жасушаның түріне және оның атқара п.ш қызметіне байланысты болады.
Бауыр жасушасында болатын жалпы бслоктмң 
30 — 35%-і
митохондриялардың құрамында кездесетіні, ал бүйрскте
20% і болатыны анықталды.
Митохондрия екі мембранамен қоршалған, 
6-7 нм
шамасындай қалыңдығы бар, гиалоплазмадан бөліп тұратын
сыртқы мембранадап жоне митохондрияның құрылысына карай күрделі өсінділер («криста») беретін ішкі
мембранадан тұрады (14-сурет). Ішкі және сыртқы мембраналардың арасымда ені 10-20 нм-ге тең кеңістік болады.
Ішкі мембрана митохондрияның ішіндегі матрикс немесе митоплазмасын қоршап жатады. Күрделі өсінділерді немесе
кристалар құратын мембраналардың ара кашықтыры 10 — 20 нм шамасындаіі болады. Кристалардың
митохондрияларда орналасуы әр түрлі, кейбір жасушаларда көлденең бағытта орналасады, кейбіреулері тармактаныи
келеді (15-сурет). Қарапайымдардың, бір жасушалы балдырлардың, кейбір жогары сатыдары өсімдіктер мен
жануарлардың жасуша аралық митохондриялардың ішкі мембранасының өсінділері түтікше.
Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады.
Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз
деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май
қышқылдарының аминқышқылдарыныңтотығуы арқылы алады. Бұл процесс мына теңдеуге сэйкес келеді:
С6Н1206 + 602 -н-6Н20 + 6С02 + 680 ккал.
Клеткада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол
тек макроэнергиялық байланыска АТФ-ке ауысады.
Гликолиз процесінде глюкоза триозаға дейін ыдырайды, мұнда 2 молекула АТФ жұмсалады да, 4 молекула АТФ
синтезделеді, сонымен 1 моль глюкоза ыдырағанда 10% энергия жұмсалады. Гликолиз процесінде аз энергия
жұмсалғанмен де бұл табиғатта жиі кездеседі. Микроорганизмдердің, кейбір ішек паразиттерінің, жаңадан дамып келе
жатқанэмбриональды организмдердің жасушалары үшін гликолиз негізгі энергия көзі болып табылады.
Сүтқоректілердің эритроциттері өздеріне керекті энергияны гликолиз арқылы алады, өйткені оларда митохондриялар
болмайды. Гликолиз процесінде пайда болған триозалардың одан эрі тотығуы осы митохондриялардың өздерінде
жүреді. Мұнда барлық химиялық қосылыстардан ыдыраған энергия қолданылады, осыған байланысты С02 бөлінеді
және оттегін қолдана отырып көп мөлшерде АТФ синтезделеді. Бұл процестер трикарбонқышқылының тоғыруымен
жүреді. Осыдан АТФ-тың фосфорлануы арқылы АТФ молекулалары синтезделеді. Митохондрияларда толық белок
синтездейтін жүйе болады, осыған байланысты ол өзінің ДНҚ-сы арқылы РНҚ молекулаларын синтездейді.
Митохондрия құрамында рибосомдар болғандықтан, белок синтезі тұрақты жүреді. Митохондриялардың кұрамындағы
ДНҚ-ның ядродағы ДНҚ-дан айырмашылығы болады (молекулалық салмағы жағынан және нуклеотидтердің кұрамы


және орналасуы жағынан).Митохондрияда жүретін ДНК синтезінің ядродағы ДНК синтезімен байланысы жоқ, олар өз
ферменттері арқылы ғана байланысады. Митохондриялардың матриксында ДНК матрицасы арқылы РНК синтезі
өтеді. Митохондрияда РНК-ның информациялық, тасымалдаушы, рибосомды түрлері синтезделед


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет