Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
3 Тақырып 
Биомембраналардың ұйымдасуы. Жасуша қабырғасының құрылысы
Биологиялық мембраналардың (лат. membrana – қабықша) неғұрлым толық құрылысын 1972 ж. Г. Никольсон
мен С. Сингердің ұсынған сұйықтық-мозаикалық моделі бейнелейді. Мембрана липидтері амфипатикалық
молекуларларының екі қабатынан тұрады, мембрана липидтерінің молекулалары бір-біріне паралель орналасады. Оны
билипидті қабат немесе биқабат деп атайды. Әрбір липид молекуласының негізгі екі бөлігі – басы және өскіншесі
болады. Өскіншелер гидрофобты болып келеді де бір-бірлеріне қарама-қарсы орналасады. Липид молекулаларының
бастары – гидрофильді, олар клетканың сыртқы және ішкі жағына қарап орналасады. Осындай билипидті қабатқа
ақуыз молекулалары батып тұрады.
Ақуыз молекулалары тұтас қабат түзбейді, олардың кейбіреуі липидті бағана беткейінің екі жағын ала бір
бөлігінің арасында, қалғаны мембранада гидрофильді поралар түзіп, бағана қабаттарына ене орналасады. Егер
ақуыздар липидті бағаналарды қақ жарып орналасып, ақуыз молекуласының бір жағы мембрананың бір жағында, ал
екінші жағы мембрананың екінші жағында орналасса, ондай ақуыздарды интегральды немесе трансмембраналы
ақуыздар деп атайды.
Егер ақуыздардың мембрана маңайлық бетке тек қана бір жағы қарап жатып, екінші жағы мембрананың ішіне
қарап жатса, ондай ақуыздарды ішкі ақуыздар , ал керісінше болса сыртқы ақуыздар деп атайды. Ішкі және сыртқы
ақуыздарды жартылай интегральды ақуыздар деп те атайды. Кейбір ақуыздар фосфолипид қабаттарының ортасында
орналасады.
Ақуыз молекулаларының мембрана маңылық кеңістікке қараған ұштары, осы кеңістіктегі әр түрлі заттармен
қосылыстар түзулері мүмкін. Сондықтан интегральды ақуыздар трансмембрана үрдістерінде маңызды роль атқарады.
Жартылай интегральды ақуыздармен сыртқы ортадан сигналдар қабылдайтын (молекулярлы рецепторлар) немесе
мембранадан сыртқы ортаға сигналдар өткізетін молекулалар байланыста болады. Көпшілік ақуыздар ферменттік роль
атқарады.
Липидтер секілді ақуыздар да латеральды диффузияға ұшырайды, дегенмен олардың молекулаларының
жылдамдығы липидтер молекулаларының жылдамдығына қарағанда төмен. Бір моноқабаттан екінші моноқабатқа
олар өте алмайды. Мембрана – цитоплазманың тірі бөлігі. Ол протопластты клетканы қоршайтын ортадан бөліп
тұрады, органеллалардың сыртқы шекарасын және олардың ішкі құрылымын түзеді. Барлық мембраналарға тән қасиет
– олардың тұтастығы, тұйықтылығы. Цитоплазмадағы мембраналық элементтердің мөлшері клетканың типіне,
атқаратын қызметіне қарай сипатталады. Кейбір жағдайда мембрана цитоплазманың құрғақ затының 90% -ын түзеді. 
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі – олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте
баяу, ал кейбіреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Сонымен мембраналар суда жақсы еритін
заттардың көпшілігінің клеткаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының
химиялық құрамын сақтайды. Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада
қалыптасып, клетканың тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс – химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет