Жўмыс баєдарламасы ф со пгу 7



Pdf көрінісі
бет14/34
Дата27.10.2023
өлшемі403,99 Kb.
#188737
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
сессия химия А, det bol det xir kz, 129678
Гиалоплазма
(гр. 
hyalinos

мөлдір,
шыны
тәрізді; гр. 
plasmos

плазма)
— жануарлар және өсімдік жасушалары цитоплазмасының органеллалар (тұрақты кездесетін құрылымдар -
жасушаның тым ұсақ мүшелері) мен қосындылар (тұрақсыз құрылымдар) орналасатын біркелкі қоймалжың заты,
жасуша цитоплазмасының негізгі заты.
Гиалоплазма
жасушаның ішкі ортасын құрайды. Гиалоплазманың құрамына негізінен
глобулалы протеиндер кіреді.
Олар
жалпы
жасуша
протеиндерінің 
20-25%
құрайды.
Гиалоплазмада қант, азоттық негіздер, амин қышқылдары, липидтер т.б. қосылыстар метаболизмінің ферменттері
болады. Гиалоплазмадағы бос рибосомалар мен полисомаларда жасушаның өз керегіне пайдаланылатын протеиндер
түзіледі.
9 Тақырып 
Жасушалық ядроның құрылысы мен қызметі
1833 ж. Роберт Броун өсімдік материалынан жасушалық ядроны ашқан. Ол микроскоп арқылы тозаң
жіпшелерінің жасушаларын қарап, дөңгеленген формалы денешіктерді тапқан. Оны "nuclei" — ядро деп атаған. Ядро
жасушаның ортасында орналасқан дөңгелек немесе сопақша формалы жасушаның ең ірі органоиді. Ядро үш бөліктен
тұрады: ортасында орналасқан —ядрошықтан, ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан және ядролық мембранадан.
Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған,
ішкі мембрана тегіс болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың жасушалың мембрана
жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен
(каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды. Ядроның тіршілік әрекетінде ядро
мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады. Ол негізгі екі жолмен жүзеге асады. Біріншіден, ядролық
мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула
алмасуы жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның
құрамын цитоплазмадан бөліп тұрады. Бұл өзін қоршап тұрған цитоплазмадан өзгеше, өзіндік ядроішілік ортаның
болуын камтамасыз етеді.
Ядродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда
ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді.
Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы.
Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден
тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40 ДНҚ, 40 гистон, 20 қышқыл нәруыз
және аз мөлщерде РНҚ болады. ДНҚ организмге қажетті әр түрлі нәруызды синтездеуге ақпараттар береді. Гистон
дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз. Қышқыл нәруыз хромосоманың қозғалысына, ДНҚ
мен РНҚ-ның синтезіне, организмдегі белгілерге жауап беретін нәруыздың қызметін атқарады. РНҚ ядро мен
цитолазманың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Көп уақытқа дейін ғалымдар хромосомаларды жасушаның
бөлінуінен кейін жойылып кетеді деген пікірде болды. Бірақ таңбалы атомдар әдісі арқылы олардың жасушадағы
тұрақты құрылым екендігі дәлелденді. Әрбір хромосоманың мөлшері мен пішін тұрақты болады дедік. Ендеше,
хромосоманы сыртынан қарағанда, екі буынның бар екенін аңғаруға болады. Бірінші буынды центромералы буын деп
атайды. Бұл буынмен ахроматин жіпшелерінің бір ұшы байланысады. Центромераларының орналасуына байланысты
хромосомалардың пішіндері өзгеріп отырады. Осыған қарамастан әрбір хромосомадағы центромералардың орны
тұрақты болады.
1972 жылы америкалық ғалым 
Пол Берг
 әріптестерімен алғаш рет организмнен тыс (in vitro) жағдайда
рекомбинатты (
гибридті
)  ДНҚ-ны алған. Ол фагтың, 
бактериялық
 және 
вирустық
 ДНҚ бөлшектерінен
(фрагменттерінен) құралған. Осылайша молекулалық биологияның жаңа саласы — генетикалық
инженерияның іргесі қаланды. Генетикалық инженерияның мақсаты — жаңа генетикалық құрылымдарды ең
соңында жаңа тұқым қуалау қасиеттері бар организмдерді жасап 
шығару.
Академик М. Ә. Айтхожин біздің елімізде осы саладағы зерттеулерді алғаш бастаған ғалым. Генетикалық
немесе гендік инженерия дегеніміз — организмдердің тұқым қуалау аппаратына жана гендерді ендіру. Олар
организмге адам үшін пайдалы жана қасиеттер береді. Сонымен табиғи жағдайда мыңдаған жыл кететін процестерді
жүзеге асыру үшін қазір адамға тек бірнеше айлар ғана жеткілікті болады. Қазіргі уақытта бұл салада біраз
жетістіктерге кол жетті. Мысалы, американың "Монсанта" деп аталатын ірі корпорадиясының ғалымдары картоп
өсімдігіне хитиназаферментінің генін енгізген. Соның нәтижесінде, картоп колорадо қоңызымен желінедқ. Мұндай


картоптың жапырағын жеген жәндіктің хитин қабығы зақымданып, ол тез арада өледі. Адам организмінде хитин
болмайтындықтан хитиназа ферменті адамға зиян келтірмейді.
Генетикалық инженерия көмегімен микроорганизмдер арқылы жүздеген тонна адам гормоны
— инсулин және интерферон ендірілуде. Генетикалық инженерияның қалыптасуына төмендегідей жаңалықтар
материалдық негіз болды. Микроорганизмдерден рестриктаза ферменті бөлініп алынды. Ол ДНҚ молекуласын белгілі
бір қажетті жерінен қиып тастайды. Өткен ғасырдың 60-жылдары ауру қоздырғыш бактериялардан R-фактор
анықталып, нәтижесінде терге төзімділігі артқан. R-фактордың бірінші бөлігі осы ДНК-ның екі еселенуіне жауап
береді. Екінші бөлігінде пенициллинді ыдырататын пенициллиназа ферментінің гені болады. Казірде R-факторларды
вектор ретінде, яғни бөтен организм гендерін тасушы ретінде қолданады. Генетикалық инженерияның зерттеу әдісі
төмендегідей: ғалымдар R-факторды алып, рестриктазалар көмегімен ДНК-ның белгілі бір бөлігін қиып алады,
тек репликациягеніне тиіспейді. Содан соң лигазалар (фермент) көмегімен қажетті генді тігіп, жана гені бар векторды
зерттейтін бір организмге орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет